92
Үміт cәулесі
Сондықтан қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән
беру керек. Ауызға келгенді айта беру сөз қадірін ғана
кетіріп қоймай, сөйлеушінің де мәдениетінің төмендігін
елге паш етіп, кейін опық жеуіне әкеп соғады. Одан
қалса тыңдаушының жүрегіне жазықсыз жара түсіруі
мүмкін. «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз»
дегендей, қисық сөзден аулақ болып, керісінше дуа-
лы ауызды сөзбен тілімізді
әрлегеніміз дұрыс емес
пе?! Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Мұсылманның
белгісі – тілінен тамар шырасы»
деп айтқанындай,
сөйлеген сөзіміз ішкі жан дүниеміздің белгісі ретінде
сыртқа жайылады.
Сондай-ақ біздің
әрбір айтқан сөзімізді екі
иығымыздағы періште жазып отыратынын да естен
шығармаған жөн.
Ибн Масғуд: «Мен Пайғамбардың (с.а.с)
былай
дегенін естідім:
«Шындығында, адам баласының
қателіктерінің көбі тілінен»
39
.
Алла елшісі (с.а.с):
ْتَغَلَب اَم َغُلْبَت ْنَأ ُّنُظَي َناَك اَم ىٰلاَعَت ِ ّٰهللا ِناَو ْضِر ْنِم ِةَمِلَكْلاِب ُمَّلَكَتَيَل َل ُجَّرلا َّنِإ«
ِ ّٰهللا ِط َخ َس ْنِم ِةَمِلَكْلاِب ُمَّلَكَتَيَل َل ُجَّرلا َّنِإَو ُهاَقْلَي ِمْوَي ىٰلِإ ُهَناَو ْضِر اَهِب ُهَل ُ ّٰهللا ُبُت ْكَي
»ُهاَقْلَي ِمْوَي ىٰلِإ ُهَط َخ َس اَهِب ُهَل ُ ّٰهللا ُبُت ْكَي ْتَغَلَب اَم َغُلْبَت ْنَأ ُّنُظَي َناَك اَم
«
Әлдекім Алланың разылығын алатындай бір сөз
сөйлейді, осы сөз иесін жоғары дәрежеге жеткізеді
деп ойламайды. Сол сөзі үшін Алла тағала ол адамға
деген разылығын ақыретке дейін жазып қояды. Енді
бірі Алланың ашуын шақыратын бір сөз сөйлейді, бұл
сөзі басына бәле әкелетінін ойламайды. Алла тағала
39
Табарани; Байһақи.
93
Үміт cәулесі
сол сөзі үшін әлгі адамға ақыретке дейін ашулы екенін
жазып қояды»
40
.
Келесі бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Шын
мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін
адам»
41
деп, жақсы сөзі мен жарым ырыс сыйлайтын,
ешкімге зияны тимейтін тілді айтқан.
Орынды сөйлеу –
әдептілік пен сыпайылықтың
белгісі. Сондықтан шәкірт ұстаздың, кіші үлкеннің ай-
ыбын бетіне баспағаны дұрыс. Тіпті әрбір адамға айтар
сөзіміз құлаққа жағымды, бас шұлғытатындай қисынды
болуы тиіс. Әлішер Науаидың:
Аузына келгенін айту – наданның ісі,
Алдына келгенін жеу –
хайуанның ісі, –
дегені
орынды ескерту.
Бос сөйлеу де жаман қасиеттердің бірі. Алла елшісі
үмбетіне:
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне
иман етсе, сөйлегенде жақсы сөз сөйлесін, әйтпесе
үндемесін»
42
, – деп, тілін жамандықтан сақтау керектігін
ескерткен. Демек, кей жағдайда үнсіз қалу, бос сөзден
абзал. «Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір» деген ғой ата-
ларымыз.
Достарыңызбен бөлісу: