166
Үміт cәулесі
БАЙЛЫҚ
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Байлар
ақыретте қайта тірілгенде төрт топ болады:
1. Мал-дүниені харам жолмен тауып, харам жолда
жұмсаған топтар. Бұларды «тозаққа алып кетіңдер»
деп бұйырады.
2. Харам жолмен табыс тауып, бірақ оны адал
жолда жұмсағандар. Алла тағала «бұларды тозаққа
алып кетіңдер» дейді.
3. Адал жолмен табыс тауып, оны арам жолға
жұмсаған байлар. Бұларды да «тозаққа алып кетіңдер»
деп бұйырады.
4. Адал жолмен мал тауып, оны адал жолда
қолданушы байлар. Сонда: «Бұларды тоқтатып
сұраңдар, мүмкін байлықтары себебінен парыздарын
толық орындамай, намазынан немесе дәретінен бір
кемшілік жасаған ба екен?» – деп айтылады. Әлгі бай-
лар:
– Адал табыс таптым, адал жолда жұмсадым.
Парыздарды да толық орындадым, – дейді.
– Байлығыңды мақтан еткен шығарсың, қымбат
та әшекейлі киімдер киіп өмір сүрген боларсың? – деп
сұралады.
– Уа, Раббым! Байлығымды мақтаныш етпедім,
тек қажет болған киімдерді кидім. Мақтанып,
тәкаппарлану үшін киім киген жоқпын.
– Мүмкін туыстық қатынасты дұрыс жаса-
май, кедейлердің ақысын бермеген боларсың? Адам-
дарды алалап, біреуді төмен, біреуді жоғары санаған
боларсың?
Осылай сұрақ-жауап болып жатқанда, байларда
ақысы бар кедейлер оларды қоршап
алып
: «Уа, Жарату-
167
Үміт cәулесі
шы Раббымыз! Сен бұларды бізден бай қылдың, оларға
мұқтаж еттің. Бірақ бұлар біздің ақымызды бермеді»
деп арызданады. Сонда титтей де бір кемшілігі
болғандарды дереу тозаққа апаруын бұйырып жатты.
Ал егер кемшілігі болмаса ол пендеге: «осы жерде тұр,
берілген нығметтерге шүкір ет, әрбір ішкен судың,
әрбір түйір нанның, дүниеде алған ләззаттың қарымын
бер» дейді.
Байлығын дұрыс жолда тапқандардың жағдайы
ақыретте
бұлай болса, шектен шыққан байлардың
жағдайы қалай болмақ?
Харамға батып, көптеген
күмәнді жолдармен табыс тауып, нәпсі рахатына ма-
лынып жүргендердің жағдайы қалай болмақ? Ха-
рам дүние жегендерге Құранда былай деп айтылған:
Достарыңызбен бөлісу: