Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


Хaлықтық бағытта оқыту проблемалары



бет21/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Хaлықтық бағытта оқыту проблемалары


Қазақтың дархан даласына үндесіп, үйлесіп жатқан басқаны жатырқамас, жарасымды ән мәдениетін, оны орындайтын, қағып алып қайта салатын өнерпаздарды ілтипатпен ауызға алады, таңырқай, тамсана сөз қылады. Адам − табиғат перзенті десек, оның рухани қорегі − әннің табиғи қалпы мен жаратылыс түзілісіндегі анық адамгершілік сипаттарды ажырамас құбылыс деп түсіндіреді, солай пайымдайды.
Әлбетте, қазақтың халықтық ән өнері үнемі бір келкі, бір деңгейде, бір арнамен дамыды десек, қателескен болар едік. Байтақ сахара, бай өлке, ұшы- қиырсыз кең алқап, бірін-бірі біліп болмас дала айдынында қаракетшіл қазақ әдемі әннің талай тамаша түрлерін туғызған. Еріккеннің ермегі, торыққанның көңілашары сипатынан бөлек, әр атыраптың болмысына лайық, тіршілігіне тіркесті, сезіміне сай келерлік әуенді ән шетсіз − шексіз шарлаған.
Қазақтың халық музыкасының тиянақты зерттеушісі, халқымыздың 2000 астам әндері мен күйлерін жазып алып, нотаға түсірген А.В.Затаевич еңберіктенен де осының дәйекті дәлелдерін табамыз.
Музыкалық дарыны мол халық өзінің ән өнерін әріден жасап, сақтай, өткірлей, өңдей бізге жеткізумен бірге уақыт алға жылжыған сайын аты аталатын авторлығы бар әнші композиторларды, орындаушыларды тудырды. Музыкалық фольклор тарихында қазақ халық музыкасының асқан шеберлігінің есімі қалды. Олар - жыршы, жырау, әншілер еді. Көшпенді күнкөрістегі сауаты кем қазақ арасында әнші, жыршылар зор әлеуметтік қызметте атқарды. Жалпақ жұртшылық ортасында олар өз әлінше ағартушы, тәрбиеші адамдар секілді еді. Тума таланттар әдетте сурыпсалма ақын, сегіз қырлы, бір сырлы тапқыр шешен, әзілқой шебер әртіс, әсерлі әнші боп танылды. Олардың ой-өрісі өзгелерден озық та аңғарымды, алғыр болды. Сондықтан да халық құрметіне бөленді. Ертедегі аңыз, әңгіме, қисса, дастандарды, асқақ әндерді ауыздан-ауызға қағып алып, келер ұрпаққа эстафета есебінде ұсынғанда халық таланттары өздерінше өзгерту, қосымшалар да енгізіп отырды. Бірақ дәстүрлі өнердің әуел бастағы қалпын бұзбай әрлеп, өз үлесін қосты. Мұндай өзіндік стиль, мәнер өзгешіліктері ертедегі музыкалық мұраны түрлік, мазмұндық жағынан байыта түсті. Ұжымдық шығармашылықтан бертін келе жеке шығармашылыққа көшу процесі осындай.
Халықтың ән өнерінің XIX-XX ғасырдың бас кезіндегі аты әйгілі асқан таланттары: Біржан Қожағұлов, Ақансері Қорамсаұлы, Мәди Бәпиев, Мұхит Мералиев, Жаяу Мұса Байжанов, Естай Беркімбаевтар еді. Бұларды әншілік дәстүрін бертін келе Кенен Әзірбаев, Иса Байзақов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Манарбек Ержанов, Ғарифулла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков т.б. әншілер, композиторлар, орындаушылар дамытты. Қазақ халқы өз ортасынан шыққан мұндай асқан талантты адамдарды барынша қадірлей білген.
«Хaлықтық» бaғыттaғы үлгi өзiнiң тaбиғылығымeн epeкшeлeнeдi. Әp хaлық өзiнiң дәcтүpлi ән өнepi ғacыpдaн-ғacыpғa жaлғacтыpып кeлeдi. Мұндaғы ән aйтy үлгici әp хaлықтың тұpaтын гeогpaфия оpнынa, caлт- дәcтүpiнe қapaй дaмиды. Мыcaлы, гpyзин хaлқы көп дayыcты әндep үлгiciндe, aл қыpғыз хaлқы тaмaқты қыcyapқылы, тaтap хaлқы пeнтaтоникaлық қоcылыcтapымeн оpындaca оpыc хaлқы хоpоводтың жәнe дayыcты дыбыcтapды aшық aйтy үлгiciндe дaмығaнды өздepiң бiлeciңдep. Қaзaқ хaлқы мyзыкacы дaepтeдeн дaмығaн, өзiнiң мәнepi, caлты, дәcтүpi бap – мyзыкa. Eндeшe, хaлықтың бaғыттaғы ән aйтy үлгici тaбиғи дayыc, мәнepлi, хaлықтық тaқыpыптa болyы шapт.
Көптеген мектеп мұғалімдері ғылыми негізделген, халықтық музыкалық педагогика мазмұндағы әдістемелік - оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілмей отыр. Сонымен қатар, мұндай әдістемелік құжаттардың қажеттілігі барлық салада да байқалуда. Атап айтар болсақ, қоғамдық тәрбие орындарынан бастап, әсіресе орта арнулы және жоғары оқу орындарында бұл қажеттілік күн өткен сайын артып келеді. Аталған мәселенің дұрыс жолға қойылмауы салдарынан қазақтың музыкалық педагогикасы материалдарын
меңгеруде мектеп оқушыларының білім деңгейі төмен болып отыр. Мектеп көлемінде оқушылар мен оқытушылардың «музыкалық педагогика» ұғымын әлі де дұрыс түсінбеуі халықтық тәлім-тәрбие тәжірбиелерінің қолданылу аясының тарлығы музыкалық педагогиканың кейбір мектептерде ән-күй пәнінде ғана ескерілуі көңіл қынжылтарлық жайлар. Сайып келгенде, мұның бәрі бүгінгі таңда ұлт мектептері үшін мұғалімдер даярлау ісінің ақсап жатқанын көрсетеді. Мектептердегі бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін студенттердің жоғары мектеп қабырғасында осы сала бойынша терең де жүйелі теориялық білім алуына жете көңіл бөлінуі қажет. Болашақ мектеп мұғалімдері қазақ халқының тәрбие дәстүрлері кеңінен көрініс тапқан қазақтың музыкалық педагогикасы материалдарын негізгі кәсіби пәндер арқылы терең меңгерген жағдайда білім берудің сатысында мектеп оқушыларының бойында жан-жақты тәрбие негізін қалауда, оқу-тәрбие үдерісін жоғары деңгейге көтеруде қазақтың музыкалық педагогикасы материалдарының маңызы, тәлімдік-тағылымдық мүмкіндіктері өте жоғары болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет