Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


Дауыс (лат. - vox, ағыл. - voice, итал. - voce, фр. - voix, нем.- stimme) -



бет44/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Дауыс (лат. - vox, ағыл. - voice, итал. - voce, фр. - voix, нем.- stimme) -


  1. Адамның дауыс аппараты арқылы дыбысты шығара білу қабілеті (ән салу). Дауыс жоғары, төмен және орташа болады. Ерлер дауыстары - тенор, бас, баритон, әйелдер дауыстары - сопрано, меццо-сопрано және конральто болып бөлінеді. Балалар дауыстары екі топқа бөлінеді - сопрано, альт (ұл балалар хорында жоғары дауысты дискант деп атайды).

Дауыс аппараты - дыбыс шығару және сөйлеу қалпын құрастыратын мүшелердің жүйесі. Олар: тыныс алу мүшелері, көмей, артикуляция.
Дayыc биiктiгi - әншiнiң дayыc жeлбeзeктepiнiң бipceкyнд көлeмiндeгi тepбeлic жиiлiгiмeн (aмплитyдacы) aнықтaлaды. Дayыc тeмбpi (әyeздiлiгi) дыбыc жeлбeзeктepiнiң тepбeлici нәтижeciндe обyтондapмeн бaйытылyы бapыcындaғы әpлeнyi.
Дayыc күшi - дыбыc жeлбeзeктepiнiң aмплитyдacы, яғни тepбeнic қозғaлыcының қоpқындылық кeңдiгi.
Детонерлау (фр. detonner - жалған, қате ән айту) - ән айтуда бұл термин дыбыстың төмендеуін немесе жоғарылауын білдіреді. Дыбыстың биіктігін көрсететін жиілік аумағынан тыс шығуы оның төмендеуін немесе жоғарлауын құлаққа жағымсыз етіп естіртеді. Детоноциялаудың себептері: музыкалық есту қабілетінің жетіспейтіндігі, мутация кезінде ән айту, зейінсіздік, шаруа.
Джаз – ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында АҚШ-тың оңтүстігінде қоныстанған негрлердің вокалды музыкасы мен өзіндік ерекше ырғақ өрнегін аспапқа салып ойнау нәтижесінде туындаған, солардың ортасында пайда болған сипатты, өткір ырғақты музыка түрі. Оның негізінде импровизация жатыр. Джаз құрамындағы музыканттар міндетті түрде алдын ала анықталған белгілі бір әуенге немесе ак-компанементе сүйене отырып импровизация жасау білу тиіс. Джаздың әрі қарай даму барысында мынадай орындаушылық стильдер қалыптасты: жаңа орлеандық (ұжымждық импровизациялау), чикаголық
ұжымдық импровизациялаудан кейін жеке джаз солистерін шығару), свинг («тербелу» деген ұғымды білдіреді. Олардың орындаушылық өнері оркестрдің құрамына байланысты (биг-бэнд)), би-боп (дыбысқа еліктеушілік, диссонанстар, әуен, ырғақтың күрделенуі). Осы стиль джаздың жеке өнер түрі ретінде қалыптасуына ықпал етті. Кул («салқын»деген ұғымды білдіреді, дыбыс шығарудың майда, жұмсақ түрі), прогрессив (ауыр оркестрлік орындау), хард- боп («қатты», «ыстық», «жүрдек»), соул-джаз (соул – ағылшын тілінен аударғанда «жан» деген ұғымды білдіреді), фьюжн («аралас», деген ұғым. Джаз құрамында электрлі аспаптардың және жастардың рок музыкасының келуіне байланысты). Джаздың сәнді заманауи өткір ырғақтарды, фольклорлық музыканы пай-далануы «рок-н-ролл», «босса-нова», «соул», «фанк» т.б. музыкалық бағыттар-дың қалыптасуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет