Назарбаев стипендиясы тапсырылды ҚР



Дата30.06.2016
өлшемі9.66 Kb.
#167799
Класс Time.- 2013.- №42.- 16 қазан

Назарбаев стипендиясы тапсырылды

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Н.Назарбаев стипендиясына ие болған магистранттарға шәкіртақының ресми куәліктерін табыстады.

Биыл аталған стипендияға 10 магистрант ие болды. Олар: Еркеш Біржантиев (Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, саясаттану), Жансая Багитова (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия), Алмас Мұхаметов (Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, экономика), Елена Панова (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай химиясы), Саят Ыбырайымов (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология), Венера Қалиева (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қазақ тілі және әдебиет), Ақмарал Есімханова (Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, мейірбике ісі), Ренат Алманов (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, режиссура), Элеонора Жұмадьярова (Қазақ ұлттық өнер университеті, хореография) және Эмиль Сакавов (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, вокалдық өнер).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет