«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Виртуалдық мектебінің жұмысын ұйымдастыру



Дата23.07.2016
өлшемі38.19 Kb.
#216747
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Виртуалдық мектебінің

жұмысын ұйымдастыру

Нұсқаулығы

  1. Жалпы ереже

  1. Осы нұсқау «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ (әрі қарай-Назарбаев ЗМ) Виртуалдық мектебінің жұмыс тәртібін орнатады.

  2. Виртуалдық мектеп – бұл сырттай қосымша дистанциялық жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылар of-line режимінде тапсырмаларды алып, шығарып, әдістемелік материалдармен және желілі мұғалімдердің кеңес қызметтерімен қолданып оқытудың түрі.

  3. Осы нұсқау дистанциондық технологияны пайдаланып, қосымша білім берудің тәртібін реттейді.

2.Мақсаты мен міндеттері

  1. Виртуалдық мектептің негізгі мақсаты барлық облыс немесе республикалық мәндегі қалалардағы орта білім беру ұйымдарының оқушыларында математика-жаратылыстану ғылым бағытында қабілеттерінің дамуына жағдай жасау және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ҚР Тұңғыш Президентінің «Өркен» грантына ие болу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға дайындық жұмысын жүргізу.

  2. Виртуалдық мектептің негізгі міндеттері:

  1. Назарбаев ЗМ оқу бағдарламасы бойынша профильді пәндерінен оқушыға жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу.

  2. Виртуалды мектеп оқушыларына кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету.

  3. Күндізгі оқу үшін демалыстық мектепті ұйымдастыру.

3.Виртуалдық мектептің оқу процессінің уақыты мен мазмұны

  1. Виртулдық мектеп Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдардың 5-6 сынып оқушыларына арналған.

Виртуалды мектепке тіркеле алатын оқушылар:

  1. 5сыныпқа - «өте жақсы» немесе «жақсы» бағасына оқу жылын аяқтаған 4 сынып түлегі.

  2. 6 сыныпқа - «өте жақсы» немесе «жақсы» бағасына оқу жылын аяқтаған 5 сынып түлегі.

  1. Виртуалдық мектепте оқығысы келетін оқушы kokshetau.isfp.kz сайтында 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін тіркеле алады.

  2. Виртуалдық мектептің оқыту мерзімі – әр оқу жылының 1қарашадан 30 сәуірге дейін. Оқу екі кезеңнен тұрады:

  1. 1 кезең – 1 қарашадан 31 қаңтарға дейін;

  2. 2 кезең - 1 ақпаннан 30 сәуірге дейін;

5 сынып оқушыларына оқу екі жылға жалғасады;

6 сынып оқушыларына оқу бір жыл.



  1. Виртуалдық мектепте оқушыларды оқыту ҚР Назарбаев ЗМ экспериментальдық программасы негізінде жүзеге асырылады.

  2. Виртуалдық мектепке тіркелген оқушылар оқу жылында екі рет бейінді пәндерінен өңірлерде орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектептердің бағытына байланысты тапсырмалар мен тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар алады.

Виртуалдық мектептің оқу пәндерінің тізімі:

Сынып

Физика-математика бағытындағы Назарбаев ЗМ

Химико-биологиялық бағытындағы Назарбаев ЗМ

5

Математика

Ағылшын тілі




Жаратылыстану (биология облысы)

Ағылшын тілі

Математика


6

Математика

Ағылшын тілі





Биология

Ағылшын тілі

Математика




  1. Оқуды бақылау және ұйымдастыру

  1. Виртуалдық мектепке тіркелген оқушылар оқу жылында бейінді пәндерінен Назарбаев Зияткерлік мектептердің облыс немесе республикалық мәндегі калалардағы орналасақан, оқыту бағытына байланысты екі рет тапсырма және тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқау алады.

1 кезең: 1 - 5 қарашаға дейін

2 кезең – 1- 5 ақпанға дейін



  1. Тапсырманы алған соң оқушыларда оны шығаруға бір ай уақыт беріледі. Шығарылған тапсырмаларды тексеру үшін белгіленген уақытта сайтқа орналастыру қажет:

1 кезең - 1 - 10 желтоқсанға дейін;

2 кезең - 1- 10 ақпанға дейін.



  1. Виртуалдық мектептің барлық оқушыларынан шығарылған жұмыстары алынған соң, сайтқа тапсырмалардың дұрыс жауаптары жарияланады.

  2. Виртуалдық мектептің жұмысын желілі мұғалімдер қадағалап, және:

  1. оқушылар тапсырмаларды орындаған кезде пайда болған сұрақтарға жауап береді;

  2. оқушылардың жұмысын тексереді;

  3. оқушылардың өте жақсы жасалған жұмыстарына жеке консультация өткізеді.

  4. әр оқушының жұмыстарының нәтижесін электрондық журналға енгізеді.




  1. Оқудың нәтижелері

  1. Әр оқушының өзінің электронды журналы болады, оның ішінде орындаған тапсырмалардың нәтижелері көрсетіледі. Оқушылардың үлгерім нәтижелері бойынша Виртуалдық мектептің екінші кезеңіне өтуі туралы шешім қабылданады.

  2. 1 жартыжылдықтың 1 кезеңінің қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындау талаптарын бұзбай және ойдағыдай жақсы орындаған оқушылар 2 жарты жылдықтың 2 кезеңінің тапсырмаларын алуға және оқуын жалғастыруға құқығы бар.

  3. Виртуалдық мектептің оқу нәтижесі бойынша керекті ұпай алған оқушыны көктемгі және жазғы демалыста қысқа мерзімді оқу және кеңес беруге облыс немесе республикалық мәндегі қалаларындағы орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектептеріне шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет