«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Бағалау
 
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Графиктік мәтіндегі ақпаратқа сүйене отыра,
«Қазақстандағы ішкі өнім мәселесі» төңірегінде SWOT-талдау жасаңыз. 
S – Мықты тұсы 
W- Әлсіз тұсы 
 
 
 
 
O – Мүмкіндіктер 
T - Қауіп 
 
 
 
 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
Графиктік мәтіндегі ақпаратты 
талқылайды, мәліметтерді қолданып эссе 
жаза алады. 
5. Суреттер арқылы тақырып 
төңірегінде ой бөлісе алады. 
6. Графиктік мәтіндегі ақпаратты 
түсінеді 


2.5 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс 
Оқу мақсаттары 
10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен 
рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау 
Сабақ мақсаттары 
Дәрістің құрылымы мен рәсімін біледі және жанрлық 
ерекшелігін ажырата алады. 
Құндылықтарды дарыту 
 

ойымен бөлісуде мемлекеттің дамуының маңызын 
түсінудегі елжандылық; 

өзгелердің пікірін талдау кезінде айналадағы 
адамдарға деген құрмет;

өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық.
Пәнаралық байланыс 
Экономика, география, тарих 
Бастапқы білім 
Индустрияландыру: ұлттық өндіріс 
Тірек сөздер 
Қазақстанда жасалған, ұлттық өнім, ішкі өнім, экономика 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылым алды тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан » бейнебаянын «Кідіріспен көру» 
және әр кідірістен кейін негізгі идеяны «Түртіп алу» стратегиясын қолданып жазыңыз.  
«Тәуелсіз Қазақстан » https://www.youtube.com/watch?v=1rVn30Cj2qo 
 
Оқылым тапсырмасы. Төмендегі үзінділерді оқыңыз. 
А мәтіні 
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің экономикамыздың таяу 
жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 
жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының 
өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен 
соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер 
етеді. 
Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында 
әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға 
автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға 
тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты. 
Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен 
қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік 
байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі 
артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез 
келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, 
жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. 
Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал 
ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет