2.8 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
Оқу мақсаттары
10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,
түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Сабақ мақсаттары
Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп, түрлендіріп,
монологта талғаммен қолдану
Құндылықтарды дарыту
елжандылық, патриотизм;
жұптық
және
топтық
жұмыстар
орындау
барысында
өзіне және
айналадағы
адамдарға
деген құрмет.
өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
жаңа идеялар ұсыну барысындағы
зияткерлік әлеует
Пәнаралық байланыс
Экономика
Бастапқы білім
Индустрияландыру:
ұлттық өндіріс
Тірек сөздер
Отандық өнім, экспорт, импорт
Сабақтың жүргізілу барысы
Тыңдалым алды тапсырма.
1-тапсырма. Отандық өнім оның ішінде киім өндіру өніміне қатысты білетін сөз немесе
терминдерін стикерге жазыңыздар.
Нұсқаулық:
1. Өз жинақтаған сөздеріңізбен,
ең алдымен, көршілеріңізбен бөлісіңіз.
2. Жақын отырған екі жұп бірігіп, топ құраңыздар.
3. Өз жұмыстарыңызды
енді топпен бөлісіңіздер
4. Топтар бірігіңіздер. Топтар бір-бірінің ойымен, сөздерімен танысыңыздар.
«Қарлы кесек»
әдісі арқылы оқушылар жұп, топ құрап сөз бен терминдер жинағын
жасайды. Жинақ барлық оқушыға бірдей көрінетін тұсқа ілінеді.
Тыңдалым тапсырмасы
2-тапсырма.
Мәтінді тыңдай отырып, жаңа сөздер мен терминдерді теріп жинаққа
қосыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: