«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет68/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, INSERT әдісі арқылы қажетті ақпаратты өзіңізге 
түртіп алыңыздар да тыңдалым мәтінінің негізгі ақпаратын анықтаңыздар. 
 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 
рухани құндылықтарымызды танытуға баса назар аударылған. Осы бағытта арна 
тілшілері облысымыздың киелі, қасиетті, тарихи орындарын аралап бейнесюжеттер 
әзірлеуде. Айталық көне ескерткіш болып табылатын қаламыздағы облыстық бейнелеу 
өнері музейінің қалыптасуы мен бүгінгі тынысы да тілшілеріміздің назарынан тыс 
қалмады. 
Бейнелеу өнері музейі 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері 
бөлімінің негізінде ашылған. Кейін қор 1989 жылы республикалық маңызы бар 19 
ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші – көпес Юзефовичтің үйі болып табылатын мына 
тарихи нысанға көшірілген. Ғимарат ағаштан жасалған, қасбетінде модерн-классикалық 
стилінің элементтері бар. Бүгінгі таңда музей мемлекет қорғауына алынған 
МӘДИНА ТҰЯҚОВА, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ: 
 - 1927-28 жылдар аралығында бұл жер панасы жоқ адамдарға мекеме болған. 1930 
жылдар емдік мекемемелері, 1970 мектеп, 1982 жылдан бастап қала 
тұрғындарының назарынан тыс қалмай қазіргі таңда қаламыздың сәулет өнері 
қатарында
Музей экспозициясының ауданы 394,2 шаршы метрді құрайды. 7 бөлімде 7000-
нан астам экспонат бар. Көрменің негізгі бөлігі кескіндеме, графика, мүсін, сәнді 
қолданбалы туындылар, балалар шығармашылығының жұмыстарынан тұрады. Қордың 
біраз бөлігін сурет өнері алып жатыр. Көрмеден қазақ бейнелеу өнерінің негізін 
қалаушы Әбілхан Қастеевтің туындыларын көруге болады. 
СТЕНДАП: АЯУЛЫМ ЖОЛМҰҚАНОВА, ТІЛШІ: 
- Музейдің «Атамекен» бөлімінде Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан 
Қастеевтің мынадай тамаша суретін көруге болады. Бұл Кіші Алматы өзені 1937 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет