Құндыкөл ауылдық округі әкімінің халық алдындағы есебі Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері



жүктеу 72.61 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі72.61 Kb.
Құндыкөл ауылдық округі әкімінің халық алдындағы есебі
Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері.
«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құндыкөл ауылдық округі аумағында 3 елді мекен орналасқан. Тұрғындар саны 1154 . Аталған тұрғындарға округ аумағында орналасқан 2 орта білім беру мектебі, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 2 мәдениет ошағы, 3 ауылдық кітапхана, пошта және байланыс орындары қызмет көрсетеді.

Құндыкөл ауылдық округінің әкімшілік аппараты 2013-2014 жылдар мезгілінде өз мүмкіндіктерінше біршама жұмыстар атқарды. Әкімшілік аппараты қызметкерлерінің жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан – 2050 стратегиясын, биылғы жылы елбасының Қазақстан халқына жолдауын тұрғындарға жеткізіп түсіндіру және оның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар ұйымдастырылып, оның атқарылуы бақылауда болды. Сонымен қатар еліміздің экономикасын жақсарту мақсатында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын жариялады. Елбасы бұл Жолдауында бұған дейінгі жолға қойылған реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау және халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру секілді көптеген стратегиялық қадамдарды алға тартып отыр. Еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік іс- шаралар мен бағдарламаларды тұрғындарға жеткізіп түсіндіру мақсатында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері тұрғындармен кездесу өткізіп отырды.

Құндыкөл ауылдық округі әкімінің алдағы өткен есептік кездесуде көтерілген сұрақтар өз шешімін тапты.

2014 жыл басында округ бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығында 34 адам жұмыссыздар қатарында тіркеуде болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 13 адамға азайып, 21 адамды құрайды.

2013-2014 жылдар аралығында 19 тұрақты, 24 маусымдық, 16 қоғамдық, 5 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды.

Округ бойынша 2014 жылы денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер саны 40, оның ішінде 5 мүгедек бала.

«Қамқорлық» акциясы аясында 3 аз қамтамасыз етілген отбасы шөппен қамтамасыз етілді, құны 20 000 теңге. Шаруа қожалықтармен бірлесе отырып 5 отбасыға натуралдық көмек, арқайсына 10 000 теңгеден жалпы сомасы 50 000 теңге көмек көрсетілді. 9 аз қамтамасыз етілген отбасына көмірмен көмек көрсетілді.Құрбан айт мерекесіне орай 1 отбасыға «Айша» шаруа қожалығы тарапынан бір қой берілді. 1 зейнеткер Астана қаласына тегін жолдамамен 3 күндік саяхатқа барып келді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес кәсіптік бағдарлауға 9 адам қатысып сертификат алды. Биылғы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға 3 үміткер тіркелді.

Мал шаруашылығы саласында 2014 жылдың басынан бастап 5954 ірі қара мал зерттелді, оның ішінде 158 бруцеллез болып тапсырылды. Зерттелген қой, ешкі саны 7000, туберкулезге тексерілген ірі қара малдар саны 4000 бас. Пастерелезге қарсы егілген ірі қара мал 500 бас, қой, ешкі саны 500 бас. Сибирская язваға қарсы 4000 ірі қара мал, қой, ешкі 9000 бас егілді.Құндыкөл ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалықтарының басым көпшілігі ауылдық округтың қоғамдық өміріне белсене араласып,халықтың әлжуаз топтарына демеушілік көрсетуде.

Білім беру саласында Құндыкөл ауылдық округінде 2 мектеп қызмет атқарады. Жастарға білім беру мақсатында 2 мектепте 68 мұғалімдер қызмет атқарады. Биылғы ҰБТ – дің нәтижесі де жаман болған жоқ. Марғұлан мектебі бойынша орта ұпай 82,7 болып, аудан мектептерінің арасында ІІІ орынға ие болды. Мектеп бітірген 12 түлектердің 10 оқушы ҰБТ тапсырып, қалған 2 оқушы емтихан тапсырды. Бір оқушы «үздік аттестатқа» үміткер болып, ақтап шықты. Биылғы 2014-2015 оқу жылында 8 оқушы 11-сыныпты бітіргелі тұр, оның ішінде 1 оқушы «үздік аттестатқа» үміткер, 1 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Қазіргі уақытта аудандық байқау тестінде жалпы оқушылар ұпайы 71% құрайды.

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі,өкінішке орай, ондай нәтиже көрсете алмай отыр.ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп аудан бойынша төмен ұпай алған 3 мектеп қатарында. Биылғы жылғы байқау тестінің ұпайы 49% . Бұл- төмен көрсеткіш. Биылғы жылы ҰБТ бойынша мектеп әкімшілігіне жұмысты жандандыру қажет деп санаймын.

2013-2014 оқу жылында Ә.Марғұлан мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеуге 7 млн. 650мың теңге бөлініп, толық игерілді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 адам уақытша жұмыспен қамтылды.Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің жылу қазандығы орташа жөндеуден өтсе,шағын орталық қоршалып ,ауылдың көркін түзетті. 2015 жылға Егіндібұлақ орта мектебінің жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізуге 8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Онымен қоса,екі мектепті жылы әжетханамен қамтылу мәселесі қарастырылуда. Ә.Марғұлан мектебінің сыртқы қоршауына жоба сметалық құжаттар дайын болғанымен , аудан тарапынан қаржы іздестірілуде. Егіндібұлақ орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттары дайындалуда. Ә. Марғұлан мектебінде 136 оқушы, оның ішінде 55 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 25 оқушы ақылы қамтылып отыр. 2014 жылы жаппай біліммен қамту қорынан 2 247 000теңге бөлінді, оның ішінде, мектеп жанындағы «Алақай» жазғы сауықтыру алаңына 294 000 теңге бөлінді. Ауданда орналасқан жазғы «Ақбет» сауықтыру алаңына 14 оқушы демалды. Аталған мектепте бірнеше акциялар өтті. Мектеп ұжымының демеушілігімен «Біз мектепке барамыз», «Қамқор», «Ризашылық-Добро во благо детям», «Мектепке жол» акциялары өтті. «Біз мектепке барамыз» акциясында 1-сыныпқа баратын оқушыларға мектеп құралдарымен, сөмкелер табыс етілді. «Мектепке жол» акциясында 12 балаға киімдер, мектеп құралдары, мектепке керек қажетті заттар әперілді. Демеушілік жасаған Құндыкөл ауылының имамы жанындағы комиссия. Жаппай оқумен қамту қорынан 21 оқушы мектепке арналған киімдермен қамтылды. «Ризашылық-Добро во благо детям» акциясында мектеп ұжымы қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.

Егіндібұлақ ОМ жалпы оқушылар саны- 65. 45 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. «Мектепке жол» акциясында Егіндібұлақ ауылының тұрғыны Солтанбаев Асемғалидің демеушілігімен балаларға спорт киімдері әперілсе, Құндыкөл ауыл әкімшілігі аппараты 2 балаға киім әперді.

Денсаулық сақтау саласында І санатты -1 дәрігер, 1 акушер, 6 медбике және 1 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарып жүр. 2014 жылы туған сәбилер саны 17, шетінеген сәби болған жоқ. 2015 жылы есепке алынған жүкті әйелдер саны 25. Қазан айында Екібастұз қаласынан дәрігерлер жылжымалы медициналық қызмет көрсетті. Барлығы 162 адам мамандардың тексеруінен өтті. Жүрек ауруымен, артериалдық гипертония, қант диабеті, бронхиалдық астма, ревматоидтық артрит ауруымен және нерв-жүйке ауруларымен диспансерлік есепте тұратын адамдар ай сайын тегін дәрілермен қамтамасыз етіліп отырды. Құндыкөл ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуді қажет етеді, онымен қоса жедел жәрдем автокөлігі өзінің қызметтік мерзімін аяқтаған. Бұл мәселелер 2015 жылы өзінің шешімін табуы тиіс. Құзырлы органдар бұл мәселе бойынша хабардар.

Округ аумағында 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Биылғы жылы Құндыкөл мәдениет үйінің сыртын қоршау үшін 0,6235 шаршы метр жер рәсімделіп, мемлекеттік акт алынды. Мәдениет үйінің сыртын қоршау үшін жоба сметалық құжатты дайындау үшін 700 мың. теңге қаржы қажет. Аудан тарапынан қаржы іздестірілуде.

Мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар,бекітілген іс- шаралар жоспар бойынша өткізіліп тұрады. Іс – шаралар өткізуге мекемелердің, ауыл тұрғындарының атсалысып қатысуы үнемі назарда болды.

22 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әз - Наурыз» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Наурыз тойы Құндыкөл ауылдық Мәдениет үйінде әр мекемелер ұжымдарының дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татыртты. Ауыл халқы толығымен жиналып мерекеге арналған концерттік бағдарламасын тамашалады. Жеңістің 69 жылдық мерекесі ерекше аталып өтті. Егіндібұлақ ауылдық клубы және ауыл жастарының ұйымдастыруымен қазақша күрес, ат жарыс өткізіліп, ауыл халқының ыстық ілтипатымен қабылданды. 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні, 18 маусым- жастар күні, 20 шілде академик Марғұланның 110 жылдығына арналған қазақша күрестен ересектер арасындағы аудандық ашық турнир Егіндібұлақ ауылында өткізілді. Жарысқа аудан бойынша 10 команда, 80 спортшы қатысты. Барлық спортшылармен келген қонақтарға ас әзірленіп, 1,2,3, орынға ие болған спортшылар ақшалай және бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағазымен марапатталды. Ш. Аймановтың 100 жылдығына арналған XVII аудандық жазғы спартакиадада Құндыкөл құрама командасы волейбол спорт түрінен әйелдер командасы 1 орынға шықты. Президенттік көп сайыс, шахмат, қазақша күрес, гір көтеру, үстел теннисінен 2 орын иегері.Жазғы спартакиаданың қорытындысымен аудан бойынша Құндыкөл ауылдық округі құрама командасы 1 орынға шықты. Бұл көрсеткіш қатарынан екі жыл бойы қайталанып келеді. 1 қазан қарттар күндері аталып өтті. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Соңында жастарға арналған би кеші ұйымдастырылды.

Жалпы жазбаша түскен өтініштердің саны-28, оның 28 қанағаттандырылды. Жалпы ауызша өтініштер саны- 49, 44 ауызша өтініш жергілікті жерде қаралып, оң шешімін тапты, 5 ауызша өтінішке түсініктеме берілді.

Әкімшілік аппараты мамандарының күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарынан жиналатын жер және мүлік салығының түсімдері үнемі бақылауда болды. Округ бойынша қазан айының біріне дейін 102587 теңғе жер және 65862 теңге мүлік салығы түсімдері жиналып тапсырылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында ауыл әкімшілігі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп жұмыс атқаруда. 2014 жылы 117 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олар ішімдік ішіп көшеде жүргендер, аула тазалығы және т.б. тәртіп бұзушылықтар.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Құндыкөл ауылдық әкімшілігі интернет желісіне қосылады. «Айқын» бағдарламасы аясында азаматтардың өтініштері электронды түрде қабылданып қаралады. Өтініш иесі Қазақстанның кез-келген жерінен өзінің өтінішін интернет арқылы қаншалықты жүзеге асып жатқанын көре алады. Онымен қоса ауыл халқының интернет желісін пайдалану үшін Құндыкөл мен Егіндібұлақ ауылдарында екі үйге интернет нүктесі қойылған.

Бірнеше жыл бойы көтеріліп келе жатқан ұялы байланысты орнату мәселесі 2015 жылға ұласты. Бүгінгі күні әкімшілік тарапынан барлық ұялы байланыс операторларымен хат-хабар алмасып, жұмыс жүргізілуде. «KCELL» ұялы байланыс операторының 2015 жылға жасалынған жоспарына сәйкес Құндыкөл мен Егіндібұлақ ауылдары бұл байланыс түрімен қамтылуы тиіс.

Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылындағы ауыз су мәселесі шешімін таппай отыр.Аудандық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімі 2015жылға Егіндібұлақ ауылында орналасқан құдықты іске қосуға 2 млн теңгеге аудан әкімшілігіне сұраныс жасалынды.Бұл қаражатқа құдықтын электр жүйесін жасау,сыртын қоршау,әжетхана салу , жаңа ұңғыма су сорғышты орнату жоспарланған.Бүгінгі күні қаржы іздестірілуде.



Құрметті ауылдастар! ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Алдымызда келе жатқан жылдар әлем елдері күрделі кезеңнен өтеді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады». Сондықтан Елбасымыз барша Қазақстандықтарға еліміздің алдағы уақытта үлкен сынның, одан сүрінбей өту үшін ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғанын ерекше атап өтті. Ауылдық округ болып Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін

Құндыкөл ауылдық

округінің әкімі: А. Мүбәрак


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет