Әдебиеттер:
Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 1992.
Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1996.
№3 практикалық сабақ тақырыбы: Композиция мен сюжет, мазмұн мен форма
Сабақтың мақсаты: Көркем шығарманың басты компоненті композиция мен сюжет, мазмұн мен пішін мәселесін қарастыру.
Сабақтың жоспары:
Композиция мен сюжет
2. Мазмұн мен форма
Бақылау сұрақтары
Мазмұн мен форма
Сюжет пен композиция бірлігі
Тапсырмалар:
«Мазмұн мен пішін» тақырыбына З.Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығынан конспект жасап кел.
Композициялық құрылымның ірқайсысьша жеке-жеке тоқталып, жазбаша схема түрінде сызьш бер.
Глоссарий:
Сюжет (французша 8и]еі - зат) - көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі.
Фабула - көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Тартыс (латынша-қақтығыс, айқас; кейде ала ауыздық, талас)- өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әралуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдагы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Өнердегі тартыс-ойдан шығарылған не қолдан жасалған әлдене емес, ақиқат шындығы ала ауыз әлеуметтік күштердің айқасы, «драмаға толы, ұлы һэм күлкілі қайшылықтарға толы өмірдің» (Горький) өз арпаласы.
Композиция (латынша сотро^ііо - қүрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы, оның үлкен - кішілі бөлім - бөлшектерінің бір - бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық - бірлігі.
Сюжеттің басталуы (латынша ехзрозіііо - дәйектеме). Оның кіріспесі іспеттес; мұнда әдеби қаһарамандар озара қарым-қатынасқа көшпес бүрьшғы хал-жағдайды, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс - адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспеттес, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасьшан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға шиеленістерге байланысты. Шығарманың фабуласы да бірінен-бірі туатын әр алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық оқиға да жоқ.
Шарықтау шегі( латынша - шың) - сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасьшдағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешім (развязка) - суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сонымен,сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке сальш, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе - шығарманың композициясы.
Ал композицнялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұгастыру, бәрін бір ғана нәрсеғе - негізгі идеяға - бағындыру.
Достарыңызбен бөлісу: |