Не педагогика факультеті



Pdf көрінісі
бет27/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Логопедиялық технология лекция

 
Балаларды дизартриядан сақтандыру
 
Дизартриядан сақтандыру шаралары бірнеше кезеңде жүргізіледі. 
Бірінші кезектегі шаралар
Дизартрия - дыбыс айту мен просодикасының (ырғақтылығы, жылдамдығы) бұзылуымен 
сипатталатын күрделі тіл кемістігі. Балаларда дизартрия БЦСА-ң (балалардың церебральді параличі) 
салдарынан (қалдық белгілері ретінде), ал ересектерде параличтің белгілері ретінде қарастырылады. 
БЦСА баланың құрсақта жатқан, босану кезінде және нәресте кездерінде мидың 
органикалық зақымдалу салдарынан болады. Мидың күрделі жүйесі бала тумай тұрып қалыптасады. 
Жүктілік қалыпты, ауытқусыз өтсе, мидың жетілу процесі бөгетсіз жүреді. Жүктіліктің алғашқы үш 
айында мидың дұрыс қалыптасуына қатер туғызатын - ананың вирустық инфекциялармен, 
кызамықпен ауыруы және алкоголь мен темекі болып табылады. Өйткені олар плацентаның 
(баланың іштегі жатар орны) қан тамырларын зақымдайды, соның салдарынан оттегі жеткілікті 
түспейді. Оттегінің жетіспеушілігі баланың миының дамуына әсер етеді, яғни кешеуілдейді. Мұндай 
жағдайда, бала туған кезде дем алу, жуту, емуді қамтамасыз ететін мидың құрылымдары толық 
жетілмейді. 
Көп жағдайда туа салысымен мидың қалпын бірден бағалау қиындық туғызады. 
Мамандар туғаннан кейінгі 8-12 апта мөлшері қауыпты кезең деп санайды. Ауыр ақаулықтар 
баланың алғашқы бір жасында байқала бермейді, тек баланың өсіп, даму барысында байқалады. 
Сондықтын аналар осы кезеңде нәрестеге барынша бақылау жасап, көңіл бөлуі қажет.
Кейінгі зерттеулерде баланың дамуына әсер ететін екі факторды атайды – 
тұқымқуалаушылық және ананың тамақтануы. 
Сонымен, баланың дамуына көп жағдайлар әсер етеді - орталық нерв жүйесінің жағдайы, 
биологиялық, әлеуметтік, тұқымқуалаушылық факторлар. БЦСА балаларға дәрігерлік көмек ана мен 
баланың денсаулығын сақтау заңына байланысты көрсетіледі.
Ерте нәрестелік кезеңінің баланың арықарай дамуында маңызы өте зор. Осы кезден 
бастап алғашқы кезектегі сақтандыру шараларын қолдана бастау тиімді. Ондай шараларға эхолалия 
мен эхопраксияны дамыту жатады. Қалыпты дамыған балаларда бұл феномендер алғашқы бірінші 
айда үлкендердің дауысын қайталау (эхолалия), қимылына, мимикасына (тілін шығару, жымию) 
жауап беру түрінде байқалады. Ерте жаста жақын, бөтен адамдарды ажырату, тану үлкен жетістік 
болып саналады. БЦСА балалар жиі қатынас жасау, сипалап, қарап, құшақтауды талап етеді және 
оған мұқтаж болады. 
Ему актісінің күшін және ұзақтылығын дамыту, артикуляциялық мүшелердің бұлшық 
еттері мен белсенді қимылдарын дамытудың маңызы зор. Уілдеу, былдырлауын үлкендер қостап, 
белсендіру керек. Дизартрияға бейім немесе байқала бастаған баланың қимыл-қозғаласын және 
психикасын дамытуға бағытталған жұмыстар үйымдастыру қажет. Сөйлеуге дейінгі кезеңде түзету 
жұмысы ерте басталса, соғұрлым баланың қимылында, сөйлеуінде, интеллектуалдық дамуында 
ауытқулар, кемшіліктер аз байқалады. 
Сөйлеу қимыл функцияларының қалыптасуы жалпы және қолдың моторикасымен 
тығыз байланысты. Бұлшық еттердің тонусы мен қимылын дамутымен қатар тактильді сезуінін (тері 
арқылы сезіну) дамыту қажет. Ол үшін балаға әр түрлі заттарды (тегіс, бұдыр, жұмсақ, қатты, 
ағаштан, темірден жасалған, т.б.) ұстатып, аузына апарып, жалатып, тістетіп ойнату керек.
Бірінші жылдан бастап сөйлеу түсінігін дамыту маңызды, көп жағдайда ол үлкендердің 
сөйлеу қатынасына байланысты. Күніне бірнеші рет 10-15 минут нәрестемен қатынас жасаған өте 
тиімді. Тілге тәрбиелеуді алғашқы жылдардан бастап, ана тілінде жүргізу керек. Бір тілде қарым-
қатынас жасау интонацияның, тілдің фонетикалық құрылымының, ал кейінірек сөз бен 


сөзтіркестерінің тұрақты үлгілерінің қалыптасуына әсер етеді. Дизартриясы бар баламен қатынас тек 
ана тілінде болу қажет. 
Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуы бұзылады. Мұндай жағдайда, 
егер бала сөйлей алмағанда да ата-аналар ыммен, жестпен сөйлеспей, баланың, өздерінің іс-әрекетін 
сөзбен айтып отыру керек. Сөйлеу функциясын дамыту барысында балаларды қысқа, ырғақты өлең, 
тақпақтарды естіп, қайталауға үйрету керек. Қайталауда дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуына көңіл 
бөлу қажет. Мұндай жаттығулардың мақсаты- дауыс реакцияларын, тыныс алу, аяқ-қолдың 
қимылымен бірге сәйкестендіру болып табылады.
Баланың сөйлеу тілін, психикасын дамытуда ойын іс-әрекеті кеңінен қолданылады. 
Ойыншықтарды, басқа құралдарды іріктеу, ойын процесін басқару, нұсқау беру баланың жас 
ерекшелігіне, жұмыс мақсатына сәйкес ойластырылады. 
Екінші кезектегі шаралар. 
Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жетілмеуі, фонематикалық процестерінің толық 
қалыптаспауы сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын өзбетімен менгеру 
алғышарттарының қалыптасуын кешеуілдетеді. 
Дизартриясы бар балаларда мектепке дейінгі жаста тіл кемістіктерін толық түзеткен 
жағдайдың өзінде жазудың (дисграфия) және оқудың (дислексия) бұзылуы кездеседі. Арнайы 
әдебиеттерде осыған байланысты қарапайым оқу, жазу дағдыларын 5 жастан бастап қалыптастыру 
қажет деген көзқарастар кездеседі. Балабақшаның ересектер мен дайындық топтарының бірінші 
жылында сөздің дыбыстық құрамын талдау дағдыларын менгереді. Екінші жылы әріптермен 
танысады. Оқыту барысында буын кестелері, ойындар (лото, домино, т.б.) қолданады. Дислексия мен 
дисграфияны түзету логопедиялық жұмысы жүйелі, кешенді жүргізілуі керек. 
Үшінші кезектегі шаралар. 
Бұл денгейдегі сақтандыру шаралары жасөспірімдердің ары қарай оқуына, кәсіби 
бағдарлауына байланысты. Дизартриясы бар жалпы білім беру мектепті бітірген балаларға қатал 
шектеу қойылмайды. Дегенмен, мамандық талдау жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде кәсіби 
кеңес алудың маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет