Дәріс 1. Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні
Дәрістің мақсаты: студенттерге әлеуметтанудың теоретиялық-әдістемелік негіздерін түсіндіру.
Міндеттері
Әлеуметтану объектісінің ерекшелігі.
Әлеуметтанудың ғылымда алатын орны.
Негізгі терминдер: обьект, субъект, әлеуметтік
Әдістемелік нұсқаулар: Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтік заңдар және категориялар. Әлеуметтанудағы әдіс. Әлеуметтануға қатысты философияның әдіснамалық қызметі.
Тұтасымен қоғам, әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, олардың қалыптасу және даму механизмдері. Әлеуметтік процесс. Әлеуметтік процестердің дәрежелері, олардың тарихи ерекшеліктері. Әлеуметтік құбылыстарды танып білудің өзіндік ерекшелігі.
Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіде алатын орны. Әлеуметтану мен философияның, әлеуметтану мен нақты ғылымдардың өзара байланысы. Әлеуметтану және экономика. Әлеуметтану және тарих. Әлеуметтану және статистика. Әлеуметтану және әлеуметтік басқару. Әлеуметтану және әлеуметтік психология.
Әлеуметтанулық теория, оның негізгі дәрежелері және нақты құрылу тәсілдері. Жалпы әлеуметтанулық теория, арнаулы әлеуметтанулық теория, салалық әлеуметтанулық теориялар. Әлеуметтанудағы фундаменталдық және қолданбалы зерттеулер.
Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты танудың негізгі құралы. Әлеуметтанулық зерттеулердің жүргізілу сфералары және негізгі түрлері.
Әлеуметтанулық зерттеу әдістері, олардың түрлі дәрежедегі теориялармен байланысы. Әлеуметтік деректерді теориялық және эмпирикалық зерттеу мәселелері. Әлеуметтанудың қызметі. Әлеуметтанудың әдіснамалық, танымдық, бейнелеу, жалпымәдени және басқа қызметтері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Әлеуметтанудың объектісі және пәні. Әлеуметтанудағы «әлеуметтік» түсінігі.
Әлеуметтанулық теориялардың құрылымы. Теориялық және қолданбалы социология. Макро және микро социология.
Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі.
Әлеуметтік заңдар және адамдардың әлеуметтік қызметі. Әлеуметтік заңдардың түрлері.
Әдебиет:
Социология: учебное пособие / под общей ред. Абдиррайымовой Г.С. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2021.
Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки; ауд.Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О. және т.б., 2018. – 829б
Абдикерова Г.О. Әлеуметтану: оқу құралы - 2-бас., Түз. - 242 б. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2020. – 242б.
Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. "Социология: Уч.пособие". – Алматы: Эверо,2016. – 584с.
Білім беру әлеуметтануы: оқу құралы / Шнарбекова М.К. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2020. – 138 с.
"Социология. Основы общей теории: учебник" / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017. (Гиденс А., Суттон Ф.Соушиолоджи. Уилей Академик, 2017)
Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Social structure of society and middle class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушл стракчэр оф соушети анд мидл клас: текстбук / Алматы: Казак Юниверсити, 2015. – 44 пи.
Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушлоджи оф яз / Текстбук. – Алматы: Казак Юниверсити, 2016. – 98 пи.)
Ritzer G., Stepnisky J. Sociological Theory. – Los Angeles: Sage, 2018. – 802p. (Ритзер Джи. Степниский Джей. Соушлоджикал Теори. – Лос Анжелес: Сайдж, 2018. – 802пи.)
Достарыңызбен бөлісу: |