Басқа заттарға қарағанда арнайы ерекшелiктерi бар болғандықтан полимерлер бөлек топ ретiнде қарастырылады. Оларға жануарлар мен өсiмдiктер құрамдары: мақта, жүн, жiбек, каучук т.б жасанды талшықтар мен пластикалар массалар жатады.
Молекулалық тұрғыдан полимерлер ұзын сызықты жəне тармақталған молекулалардан тұрады. Полимерлердiң айырықша қасиеттерiнiң болуы молекулаларының тiзбектiк байланыста болуында.
Тiзбектелген молекулалардың құрылысының əртүрлi болуын молекулалардың ұзындығы мен тiзбектердiң ара қашықтығымен байланыстыруға болады.
Алдымен полимер молекулаларының ұзындық бойынша үлестiрiлуiн қарастырайық. Егер тiзбектiң бiр шетiндегi молекулаларды бекiтiлген деп ептесек, қалған бөлiктер мен ұзындықтардың орналасуын кездейсоқ деп қарастыруға болады. Олар статистикалық заңдылықтарға бағынады.
Полимердiң əртүрлi бөлiктерiнiң орналасуы флуктуациялық заңдылықтарға бағынады деп алып молекулалар ұзындығы проекциясының кезкелген ℓх жəне ℓх + ∆ ℓх болу ықтималдығы
l
2
n
x
x
мұнда ℓn – микромолекула ұзындығының ең мүмкiн мəнi. Полимер молекуласы неғұрлым көп бөлiктен тұрса (43)-шi өрнектiң орындалу дəлдiгi де жоғары болады.
Ал ендi молекулалар ұзындығының абсолют мəнiнiң кез келген бағытта үлестiрiлуi
Сурет 7. 1. полимер молекулаларының ұзындық бойынша үлестiрiлуi.
2. тiзбек молекулалардың басы мен соңының ара қашықтары бойынша үлестiрiлуi