Не топография негіздері


Географиялық координаттар



Pdf көрінісі
бет23/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94
7261 (1)

 
7.1 Географиялық координаттар 
Географиялық координаттар(лат. со – бірге, ordinatus – 
реттелген) – жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты 
нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік және 
географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер 
бетінің кез-келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор 
жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық 
бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін 
меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы 


30 
(нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім 
бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы 
өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан 
басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін 
өзгереді. Солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда – теріс 
болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 
360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне 
сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 
0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады.
Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың 
көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар 
арқылы анықталады. 
Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі 
нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және 
географиялық кординаттар енді. 17 ғасырда Р.Декарт кординаттар 
әдісі арқылы геометрия мен математикалық анализдің арасындағы 
өзекті байланысты ашты. 
Механикада, математикада физикада, т.б. салаларда сфералық 
Координаттар (х. у ), цилиндрлік Координаттар (х, у, z), эллипсоидтық 
Координаттар жиі қолданылады. Кеңістіктегі біртекті Координаттар 
жазықтықтағы Координаттар сияқты енгізіледі. 
Географиялық координаталар жүйесі географиялық ілімнің 
барлық саласында, айталық, теңіз және әуе жолдары навигациясында 
кен орын алған. Бұл жүйеде координаталық бағыттар, яғни меридиан 
мен параллель сызықтарының тораптық қиылысулары географиялық 
(градустық және минуттік) торларды құрады, Жер шары бетіндегі 
нүктенің орналасу қалпы географиялық координаталар – ендік φ және 
бойлық λ шамаларымен бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет