48
Нивелир
– өлшеу жұмыстарында өте жиі қолданылатын аспап.
Нивелирдің негізгі құрылысы:
– орнықтыру табаны;
– нысаналау түтікшесі;
– цилиндрлік деңгейлегіш.
бөліктерінен тұрады. Нивелирмен жұмыстарды жүргізбес бұрын,
оны алдын ала дөңгелек деңгейлегіш арқылы әзірлікке келтіреді.
Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығарылды:
Н -3, Н- 05, Н – 31, Н – 10, 2Н – 10Л, Н – 10К, Н – 10КЛ техникалық
нивелирлер.
2-сурет. Нивелирлеу
Нивелир орындалу тәсілдеріне қарай:
геометриялық нивелир
;
тригонометриялық нивелир
;
барометрлік нивелир
;
Нивелирлеу процесі:
Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі:
1) нивелирмен – топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу;
2) бұрыш өлшеуіш аспаппен –
геодезиялық немесе тригоно-
метриялық нивелирлеу;
3) барометрдің көмегімен – барометрлік нивелирлеу.
11.1 Геометриялық нивелирлеу
Жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара
биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл.
Геометриялық нивелирлеу нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен
орындалады. Нивелирді орналастыруға байланысты.
49
Геометриялық нивелирлеу екі әдіспен жасалынады:
ортаға қою
алға нивелирлеу.
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен оларлың салыстырмалы
биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу
деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік
белгілерінің мәні барлық
масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып аталады
және олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді,
сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады.
Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып
геометриалық нивелирлеумен анықтайды. Геометриалық нивелирлеу
ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.
Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В нүктелерінің дәл
ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар
қойылады. Дүрбінің нысаналау осін горизанталь жағдайына келтіреді
де, нивелирдін дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды.
Бұдан
кейін З және П есептеулерін алады, олар нысаналау сәулесінен А және
В нүктелеріне дейінгі кесінділер болып саналады. Мұнда А және в
нүктелеріне арасындағы салыстырмалы биіктік (h) мына формула
бойынша есептеліп шығарылады:
һ=З - П
Егер «артқа есептеу» З «алға есептеуден» П артық болса (З>П),
онда салыстырмалы биіктік орналасады. Ал «артқа есептеу» З «алға
есептеу» П кем болса(З<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады,
яғни В нүктесі А ніктесінен төмен орналасады.
Егер А нүктесінің биіктік белгісінің мәні Н
А
белгісі
болса онда
келесі В нүктесінің биіктік белгісінің мәні Н
В
бұрынғы нүктенің
биіктік белгісінің мәні Н
А
мен олардың арасындағы салыстармалы
биіктігінің қосындысына
тең болады
Н
В
=Н
А
+һ
Нивелирдің нысаналау сәулесінің теңіз деңгейінен биіктігі
аспаптың горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады:
АГ=Н
А
+З=Н
В
+П
Егер рейканы аралықтағы бір нүктеге (D) қойып, одан есептеуін
алатын болсақ, онда оның биіктігі
Н
D
=АГ-d
Яғни кез келген нүктенің биіктік белгісінің мәні аспаптың
горизонтымен осы ннүктеге қойылған
рейкадан алынған есептеудің
айырымына тең.
Алға қарай нивелирлеуде бастапқы А нүктесіне нивелир
орнатылады да, ал алдыңғы В нүктесіне рейка қойылады. Содан кейін
50
рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің
окулярының центріне дейіні вертикаль ара қашықтықты өлшейді. А
және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мынаған
тең болады.
Һ=і – П
Ортадан нивелирлеудің алға қарай ниввелирлеумен салыстырғанда
мынадай артықшылықтары болады: еңбектің өнімділігі 2 есе жоғары;
нивелирдеуге әсерін тигізетін кейбір қателіктер жойылады.
Едәуір ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелерінің
арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау кезінде, егер нивелирлің
орналасқан жерінен осы екі нүктенің
арасындағы салыстырмалы
биіктікті анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелі нивелирлеу
қолданылады.ол үшін шеткі нүктелердің ара қашықтығын ортадан
нивелирлеуге мүмкіндік беретін бірнеше тең кесінділерге бөледі. Осы
байланыстыру нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктіктерді
жүйелі анықтап, олардың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы
D нүктелерінің арасынгдағы салыстырмалы биіктікті анықтайды. Екі
нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктік байланыстыру нүктелері
арасындағы салыстармалы биіктіктің
алгебралық қосындысы болып
саналады. Нивелирдің екі шектес орналасуы ортақ нүктелерді
байланыстыру нүктелері деп аталады.
Геометриялық нивелирлеу әдісі нивелир деп аталатын аспапты
пайдаланып, түсіру жұмыстары көкжиек бұрыш арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: