Бақылау сұрақтары: Географияда ұсақмасштабты карталардың маңызы қандай? Ұсақмасштабты карталардың мақсаты мен міндеттерін атаңыз. Ұсақмасштабты карталарды қайда қолданады? 17. Картографиялық бұрмалану Картада картографияланатын физикалық (топографиялық) жер
эллипсоидын (жер шарын) немесе бұлардың сүлбісі глобусты
жазықтыққа жайғанда созғылану (растяжение) және сығымдалу
(сжатие) тұрпатсыздықтары (деформации) ақыры ұзындық, аудан,
бұрыш және тұрпат мөлшерлерінің бұрмалануына (искажение) әкеледі.
Қайсыбір салындыларда ауданның, басқаларында бұрыштың
бұрмалануынан құтылуға болады. Бірақ барлық салындыларда
ұзындықтың бұрмалануын жою мүмкін емес. Тек қана НБН мен НБС
маңайларында ешқандай бұрмалану болмайды.
Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар
нақты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалануларға тән анықтамалар:
- ұзындықтың жылқы масштабы µ- бұл салындыдағы шексіз
кіші кесіндінің dl глобус бетіндегі сәйкесті шексіз кіші кесіндіге dL
қатынасы, яғни µ=dl / dL. Ол меридиан бойынша µ=m, ал параллель
бойынша µ=n болып белгіленеді;
- ауданның жалқы масштабы р - бұл салындыдағы шексіз кіші
ауданның ds глобус бетіндегі сәйкесті шексіз кіші ауданға dS
қатынасы, яғни р= ds/ dS. Қағида бойынша ds≠dS, тек қана теңшамалы
деп аталатын салындыда ds = dS;
- бұрыштың барынша үлкен бұрмалануы ω. Бұл сурет бойынша
картографияланатын беттегі екі бағыттың арасындағы бұрыш u
салындыда бейнеленгенде u
/
бұрышы болып өзгереді де, олардың
айырмасы
ω = u
/
- u = 2 (α – β),
мұнда α – берілген бағыттардың румбтары (азимуттары); β - осы
румбтардың салындыдағы шамалары.;
- тұрпаттың бұрмалануы
k=a/b,
мұнда a және b ұзындықтағы бұрмаланудың тиісінше - ең үлкен
және ең кіші мәні.
76
Бұрмалынулардын геометриялық мән-мағынасы – олардың
эллипс және оның элементтері болып қалыптасуында.