Не топография негіздері


Картографиялық проекция теориясы



Pdf көрінісі
бет53/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94
7261 (1)

Картографиялық проекция теориясы 
Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық 
картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін 
бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен 
ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. 
Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға 
қолданылатындықтан, 
Жер 
эллипсоидысы 
бетінің 
сферадан 
айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір 
радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді. Картографиялық проекциядағы 
меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден 
(В=const жағдайда) картографиялық тор құралады. 
Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану 
Сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. 
Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең 
бұрышты проекцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар 
аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең 
шамалы проекцияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды 
таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға 
көшеді. Картографиялық проекция теңіз қатынасында, аспан 
денелерін картаға түсіруде, тағы басқа ғылыми салаларда да 
пайдаланылады. 
Проекциялардың жіктелуі: 
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық 
проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең аудандытең бұрышты
тең аралықты және еркін проекциялар. 
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық 
объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен 
аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға 
ұшырайды. 
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың 
бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын 


82 
жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы 
картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде 
сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің 
ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды. 
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты 
тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель – немесе мередиан 
бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бұрмалануы 
соншалықты байқала бермейді. 
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, 
ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде 
кездеседі. 
Географиялық 
объектілерді 
жазықтыққа 
көшіру 
үшін 
пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және 
картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік
конустық және азиммуттық деп бөлінеді. 
 
1-сурет. Проекциялар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет