136
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Топографиялық
карталар мен пландарда нысаналырдың ауданың әр түрлі тәсілдермен
есептейді.
Керекті тәсілді таңдау өлшенетін аумақ пішініне, жауаптың
нақтылығына, керекті құралдардың түгел бар болуына байланысты.
Фигуралық тәсіл. Бұл тәсілді қолдану барысында берілген аумақ
белгілі бір фигураларға бөлінеді: төртбұрыш, үшбұрыш, трапеция.
Картада берілген фигуралардың өлшемдерін өлшегеннен кейін,
олардың аудандарын геометриядан
белгілі формулалар арқылы
есептейді. Аумақтың жалпы ауданы барлық фигуралардың
аудандарының масштаб есебімен қосындысына тең болады.
Мысалы, масштабы 1:10 000 картада «Северный» орманының
ауданын табу керек. Берілген территорияны екі трапеция мен екі
үшбұрышқа бөліп, олардың аудандарын есептейміз (6-сурет).
6-сурет. Фигуралық тәсіл арқылы нысананың ауданын анықтау
137
Бұл әдіс шекаралары түзу сызықпен белгіленген аумақтарды
есептеуге қолайлы. Дегенмен кабырғалары қисық сызықты болатын
нысаналарды есептеуге де келеді. Тек геомнтриялық фигураларға
бөлу
барысында, шартты түрде шекараларын түзу сызықпен
белгілеуге болады. Соның нәтижесінде артық кеткен жерлер толық
емес жерлерді толықтырады (7-сурет).
7-сурет. Қисық сызықты шекараларын түзету арқылы аумақты
геометриялық фигураларға бөлу
Палетка әдісі. Бұл әдісті қолдану үшін палетка немесе алдын ала
торларға бөлінген калька қолданылады. Палетканы берілген аумақ
үстіне келтіріп, толық және толық емес торлар саналады. Толық емес
торлар санын екіге бөліп, толық торлар санына қосады. Осыдан
аумақты алып жатқан торлардың саны шығады (8-сурет).
8-сурет. Төртбұрыш торлы палетканы берілген
аумақ үстіне салу
Аумақтың ауданын есептеу үшін,
масштаб бойынша бір тордың
ауданын есептеп алу қажет. Мысалы, карта масштабы 1:25 000, ал
тордың қабырғасы 5мм болса, онда тордың ауданы 15 625 мм
2
-қа
немесе 1,56 га-ға тең. 8 суретте берілген фигураның ауданы 82,8 га
болады (толық торлар – 37, жартылай – 32, торлардың жалпы саны –
53. ауданы – 53*15 625 = 828 125 м ≈82,8га).