20
Бұрмалануларға байланысты масштабты 2 түрге бөлеміз:
Бас
масштаб
Жеке масштаб
Бас масштаб дегеніміз – эллипсоидтың кішірейту мөлшері. Жеке
масштаб – басқалары. Басты масштабта бұрмалану жоқ, нүктелер мен
изоколалар сақталады және картада көрсетіледі.
Сандық масштаб
Егер план 1:1000 масштабында жасалса,
онда жер бетіндегі
ұзындығы 1000 см-лік арақашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде
кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді.
Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000;
1:10000, т.б. ірісінен ұсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб
ірі
болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның
мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык
масштаб белгілі болса, сызықтың
ұзындығын қағаз бетіне не
керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын
анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық
проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000
сандық масштабта бұл
қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып
кескінделеді. Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді
ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1
3000 см 130 м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз
болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық,
көбінесе
көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде
график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.
Атаулы масштаб
Әдетте, сандық масштабпен қатар атаулы масштабта жазылады:
жер бетіндегі горизонтальдық қашықтықтың қандай мөлшері картада
1 см сайкес екенін көрсетеді. Мысалы: 1 см де 100 метр. Масштаб
картаның оңтүстік бұрышының жиек сызығының астына жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: