Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет33/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
7261 (1)

Радиоқашықтық өлшегіштер кез келген метереологиялық 
жағдайда қолданылады. Қазіргі кезде триангуляция торларының 
қабырғаларын өлшеу РДВГ мен “Луч” радио қашықтық өлшегіш 
аспаптарымен орындалады (өлшеу ұз. 30-40 км, дәлдігі 1:200000 – 
1:300000). 
Бұрыш өлшегіш аспаптар: жер бетіндегі горизонталь мен 
вертикаль бұрыштарды, бағыт бұрыштарын өлшеуге арналған. Алғашқы 
бұрыш өлшегіш аспаптар 17 ғасырда пайда болды. Сол кезден бастап 
Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдарда: 

көру дүрбісі (1608),  

микроскоп (1609),  

верньер (1631),  

деңгейлеуіш (1660)  

жіптік тор (1670) тәрізді тетіктер қолданыла бастады. 
Осы тетіктерді біріктіру нәтижесінде 1783 ж. Дж. Рамсден 
тұңғыш рет теодолит аспабын жасады. Қазіргі жасалатын теодолиттер 
дәлдігіне, санақ құрыл-ғысының түріне, горизонталь дөңгелектің 
вертикаль өсінің конструкциялық жүйесіне және қызметіне байланысты 
топтастырылады. 
Теодолиттер дәлдігіне байланысты: 

жоғары дәлдікті

техникалық болып,  
Санақ құрылғысына байланысты: 

верньерлік

оптикалық болып бөлінеді.
Қазіргі уақытта тек оптикалық санақ құрылғысы (микроскоп) бар 
теодолиттер (Т2, Т5, Т15, Т30, 2Т30) құрылды.


46 
Теодолиттердің тахеометр (ТЭ, ТД, ТВ, ТА, Дальта 020, Дальта 
010А) түрлері бар. Олар вертикаль және горизонталь бұрыштарды
арақашықтық пен биіктікті өлшейді.
Астрономиялық теодолиттер (АУ 2/10, АУ 2/2) астрономиялық 
бақылау арқылы ендіктерді, бойлықтарды және азимуттарды өлшейді.
Маркшейдерлік теодолиттер (Т15М, Т30М, 2Т30М) – 
кеніштердегі бұрыштарды өлшеуге арналған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет