Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет51/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94
7261 (1)

Ұзындықтардың бұрмалануы – негізгі бұрмалану түрі. Қалған 
бұрмаланулар осыдан шығады. Масштабтың нүктеден нүктеге 
өзгеруінен, кейде бағытына байланысты бір нүктенің шегінде өзгеріп 
отыруынан, тегіс бетте ұзындықтардың бұрмалану масштабының 
тұрақсыздығын көреміз.
Бұл картада масштабтың 2 түрі болатынын білдіреді: 

Негізгі, ол картада белгіленеді, негізгі эллипсоидтің масштабы; 


79 

Жеке масштаб – олар картада көп кездеседі, ол нүктеден 
нүктеге және бір нүкте; 

шегінде өзгеріп отырады. 
Аудандардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануынан 
шығады. Аудандардың бұрмалануы ретінде бастапқы эллипсоид 
ауданынан эллипстің бұрмалану ауданының ауытқуын қабылдайды. 
Бұрыштардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалану-
ларынан қисынды шығады. Картада бұрыштардың бұрмалану 
сипаттамасы ретінде карта және эллипсоидтың бетiндегi тиiстi 
бағыттар арасындағы бұрыштардың айырымдарын қабылдайды. 
Пішіндерінің бұрмалануы - бұрмалану түрі - эллипсоидтің 
созыңқылы түріндегі графикалық бейнеленуі. 
Картадағы бұрмалануларды анықтаудың қарапайым тәсілдері 
Карталардағы бұрмаланудың сипаты мен дәрежесін картографиялық 
торды градустың торымен салыстыру арқылы анықтауға болады. 
Глобустағы меридиан сызықтары бір нүктеден таралып, полюстерді 
қосып жатқандықтан ұзындықтары бірдей 1°меридиан доғасының 
ұзындығы барлық жерде шамамен 111 км-ге тең. Параллельдер мен 
меридиандар бір-бірімен тікбұрыш жасап қиылысады. Глобустағы 
параллельдер бірдей қашықтықта орналасады, полюстерге қарай 
біртіндеп қысқарып, солтүстік және оңтүстік полюсте нүктеге 
айналады. Глобустағы көршілес параллельдер арасында орналасқан 
градус торының барлық тор көздері пішіні мен мөлшері жағынан 
бірлей болады, ал картада бұл тор көздер әртүрлі болуы мүмкін. Бұл 
географиялық объектілердің пішіні мен ауданының бұрмаланғандығын 
көрсетеді. Картадағы меридиан сызықтары мөлшерінің әр түрлілігі 
ұзындықтың бұрмалануын және картаның әр жеріндегі масштабтың 
бірдей еместігін көрсетеді. 
Көптеген карталарда бұрыштың бұрмалануы параллельдер мен 
мерндиан арасындағы бұрыштың ауытқуына байланысты болады. 
Соның нәтижесінде аралдардың, түбектердің, теңіздердің кескіндері 
мен пішіндері карта мен глобуста бірдей болмауы мүмкін. Оларды 
салыстыру арқылы оңай анықтауға болады. 
Карталардағы 
кездесетін 
бұрмаланулар 
жер 
бетіндегі 
кескінделген объектілер мен нүктелердің экваторға және бастапқы 
меридианға байланысты географиялық орнын керсетудің дәлдігіне 
ешбір кедергі келтірмейді. 

Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету 
үшін төмендегі әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі 
көрсетіледі; 


80 
ә) изоколдар (мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі; 
б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар (көбінесе, 
ортодромия “О” мен локсодромия “Л”) сызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет