Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет90/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
7261 (1)

№18 Зертханалық жұмыс
 
22-тапсырма. Берілген топографиялық картадағы аймақты сипаттау. 
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Аймақты 
сипаттауда қолданылатын жоспар: 
 
А. Жер бедері 
Жер бедері туралы мәліметтер келесі ретпен сипатталады: 
– аумақтың жер бедеріне жалпы мінездеме (төбелі, жазықты, 
жазықт-эрозиялы және т.б.), максималды және минималды биіктік 
белгілері; 
– басты су айрықтар, олардың бағыттары, пішіні, өлшемдері мен 
абсолюттік биіктіктері; 
– басты су ағарлар мен жазықтар, олардың бағыты, пішіндері мен 
еңісі; 
– жыралар мен шұңқырлар, олардың қоюлығы, ұзындығы мен еңісі; 
– жер бедерінің антропогенді пішіндері: пайдалы қазбалардың 
ашық орындары, үйінділер, қазылған жерлер, обалар, шұңқырлар 
және т.б. 
 
Б. Гидрография 
Өзендер 
Өзен бағыты; 
– өзен арнасы, оның ені, тереңдігі, еңісі және жоспарлы 
бейнеленуі; арна жағалауы, олардың еңісі, пляждар мен жыралардың 
болуы; түбінің грунты, ағысының жылдамдығы; өзен порттары, 
кемежайлар; 
– жайылмасы, оның көлемі, шұңқырлармен бөлінуі, өсімдік 
жамылғысы; 
– бар болса көпірлерге сипаттама, платина, шлюз және т.б. 
гидротехникалық жабдықтар. 
 
Көлдер 
Көлемі, жағалауына мінездеме, қазаншұңқырларына сипаттама. 
 
В. Өсімдік жамылғысы 
Ормандар: орман алабының көлемі мен орналасуы, ормандығының 
үлесі, ағаш түрлері бойынша құрамы, ағаштардың биіктігі мен 


157 
қалыңдығы, олардың араларындағы орташа қашықтық, орман жолдары, 
шабылған орман, өртенген орман учаскесі. 
Бұталар: егер олар зор көлемді алапты құрайтын болса оларды 
жеке сипаттайды; шағын көлемді бұталарды басқа объекттермен қоса 
сипаттайды. 
Жайылым: түрлері, ауданы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет