Негіздері


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. Экспериментті жүргізу әдістемесі



бет33/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
treatise4938

7.2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. Экспериментті жүргізу әдістемесі.
Жұмыстың мақсаты: Қолданылған ерітінділерді (немесе ағызынды суларды цементация әдісімен темір ұнтағын (темір жоңқаларын) қолдану арқылы мыс иондарынан тазарту.

Қондырғылар, химиялық ыдыстар, реактивтер, материалдар:



  1. Көлемі 400 мл-ге тең конустық колбалар.

  2. Вакуумдық сүзуге арналған қондырғы (бунзен колбасы, Бюхнер воронкасы, склянка, су насосы)

  3. Темір ұнтағы (темір жоңқасыстружки) ;

  4. 0,05 моль-экв./л K2Cr2O7 ерітіндісі (тұздың 0,6 г-ын 250 мл суда еріту);

  5. 5% -ды КІ ерітіндісі (1,25 г тұзды 250 мл суда еріту);

  6. 4,0 моль-экв./л H2SO4 ерітіндісі;

  7. Құрамында 4 г/л мыс иондары бар қолданылған;

  8. 0,1 моль-экв./л Na2S2O3 ерітіндісі;

9. 0, 5%-дық крахмал ерітіндісі.
Тәжірибені жүргізуге дайындық
1.Тиосульфаттың дәл концентрациясын калий бихроматы бойынша анықтау: Конустық колбаға 20 мл КІ ерітіндісін құяды (ерітілген калий иодидінің мөлшері эквивалентті мөлшерден 3-4 есе артық болуы керек), содан кейін 15-20 мл К2Cr2O7 ерітіндісін құйып, 5-7 минут қараңғыда ұстайды. Содан кейін натрий тиосульфатымен титрлейді.Титрлеуді алдымен индикаторсыз ақшылт сары түске дейін жүргізеді. Содан кейін 2-3 мл крахмал қосады да, көк бояу жоқ болғанға дейін титрлейді. Бұл кезде Cr3+-иондарының пайда болуына байланысты ерітінді жасыл түске боялады. Титрлеудің нәтижесі бойынша Na2S2O3 ерітіндісінің дәл концентрациясын 1-3 теңдеулер бойынша анықтайды.
N1.V1 = N2 . V2
N(Na2S2O3)N(K2Cr2O7).VK2Cr2O7/VNa2S2O3
T(Na2S2O3) = N(Na2S2O3) . Э(Na2S2O3)/ 1000

7.3. Қолданылған ерітінділердегі мыс иондарының концентрациясын анықтау (тәжірибеге дейін).


Ерітіндідегі мыс иондарының концентрациясын анықтау мыс иондарының иодид-иондармен әрекеттесуіне негізделген:
2Cu2+ + 4І - = 2CuІ + І2
Қолданылған ерітіндіден 25 мл алып, оны конустық колбаға құямыз, 3-4 г калий иодидін, 5 мл күкірт қышқылын қосамыз және қараңғы жерге қоямыз.5 минут өткеннен кейін бөлінген иодты тиосульфаттың 0,1 моль-экв./л ерітіндісімен титрлейміз:
2Na2S2O32 = 2NaІ + Na2S4O6
Мыс иондарының концентрациясы келесі формула бойынша анықталады
mCu2+ = М(ЭCu ) ∙N1 . Vраствора. / 1000
N1 - натрий тиосульфатының концентрациясы, моль-экв./л.;
М(ЭCu ) - мыстың эквиваленттік массасы;
Vерітіндінің- титрлеуге жұмсалған натрий тиосульфатының ерітіндісінің мөлшері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет