7.4.Мыс (ІІ) иондарын темір ұнтағымен (темір жоңқасымен) цементациялау:
Цементация келесі реакция бойынша жүреді.:
Cu2+ + Ғе0 = Cu + Ғе3+
№№ 1-5 тәжірибелер:
Тәжірибелер жүргізу әдістемесі:
Конустық колбаға тазалауға арналған ерітіндінің 25 мл-ін құйып, темір ұнтаған (темір жоңқасын) қосады. (m=0,1; 0,2; 0,3; 0,4; 0,5 г.). Колбаны 30 минут қа қояды, содан кейін түзілген мыс ұнтақтарын сүзіп алып, сүзінді ерітіндіде қалған мыс иондарының концентрациясын йодометриялық әдіспен анықтайды. Ерітіндінің тазалану дәрежесін келесі теңдеу бойынша есептейді:
=(С1–С2 /С1) .100%
С1 – мыс иондарының тәжірибеге дейінгі концентрациясы
С2 – мыс иондарының тәжірибеден кейінгі концентрациясы.
№№ 6-10 тәжірибелер
Конустық колбаға тазалауға арналған ерітіндінің 25 мл-ін құйып, 0,5 г темір ұнтаған (темір жоңқасын) қосады. Тәжірибе жүргізетін уақытты өзгерте отырып (10; 15; 20; 25; 30 минут) ерітіндіні араластырады. Содан кейін ерітіндіні сүзіп алып, сүзінді ерітіндіде қалған мыс иондарының концентрациясын йодометриялық әдіспен анықтайды. Ерітіндінің тазалану дәрежесін есептейді.
Эксперименттер нәтижелерін кестелерге енгізеді:
1-ші кесте
Цементацияны араластырусыз жүргізеді. Цементтеуші заттың массасы өзгеріп тұрады.
Цементтеуші заттың массасы,г
|
Қолданылған ерітіндінің тазалану дәрежесі, %
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-ші кесте
Цементацияны араластыру арқылы жүргізеді. Тәжірибе уақытын өзгертеді.
Тәжірибе ұзақтығы, мин.
|
Қолданылған ерітіндінің тазалану дәрежесі, %
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Есепте процестің теориясы қысқаша түрде, эксперименттің мақсаты мен міндеттері, эксперименттердің қысқаша сипаттамасы, анализ әдістемесінің қысқаша сипаттамасы, есептеу әдістері, кестелер, тәуелділіктер қисықтары, алынған нәтижелерді талқылау және қорытынды болуы қажет.
Сұрақтар
Цементация дегеніміз не?
Цементтейтін металдың қасиеттерін сипаттаңыздар.
Цементтелетін металдардың қасиеттерін сипаттаңыздар.
Цементация жүргізген кезде ерітіндінің табиғатына қойылатын талаптарды атап өтіңіздер.
Цементация процесіне температураның әсерін сипаттаңыздар.
Мыс иондарын темір ұнтағымен (темір жоңқаларымен) ығыстырып шығару әдісін сипаттаңыздар, жүретін реакцияны жазып, түсіндіріңіздер.
Ерітіндідегі мыс иондарын анықтау әдісін сипаттаңыздар.
Цементтеудің немесе мыс иондарын бөліп алу дәрежесін есептеу әдісін түсіндіріңіздер.
Әдебиет.
1. Бухман С.Н. Цементация амальгамами металлов. – Алма-Ата: Наука,1986. – 206 с.
2. Федотьев Н.П., Алабышев А.Ф., Ротинян А.П. и др. Прикладная электрохимия – Изд-во «химия», Ленинградское отделение
Достарыңызбен бөлісу: |