Негіздері


Кесте 1- Тұздылығына байланысты топырақтың жіктелуі



бет38/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
treatise4938

Кесте 1- Тұздылығына байланысты топырақтың жіктелуі.

Тұздану көрсеткіші

Тұздану түрлері, масс. бірл., %

Хлоридті

Сульфатты-хлоридті

Содалы-хлоридті және хлоридті-содалы

Содалы-сульфатты және сульфатты-содалы

Тұзданбаған

0,03

0,05

0,1

0,15

Аз тұзданған

0,10-0,30

0,05-0,12

0,10-0,15

0,15-0,20

Орташа тұзданған

0,10-0,30

0,12-0,35

0,15-0,30

0,25-0,35

Күшті тұзданған

0,30-0,60

0,35-0,70

0,30-0,50

0,35-0,60

Өте күшті тұзданған

0,6

0,7

0,5

0,6

100 г топырақты сыйымдылығы 750-1000 мл болатын кеңмойынды (широкогорлую) шыны ыдысқа салып, көлемі 5 есе артық болатын дистилденген су қүяды. Шыны ыдыстың (склянка) аузын тығынмен жауып, 5 мин шайқайды. Тұздалған топырақтарды зерттегенде шайқауды 2 сағат жүргізіп, 1 тәулікке түндырып қояды немесе шайқауды 6 сағат жүргізеді. Воронкаға фильтр қағазын салып, ерітіндіні фильтрлейді. Фильтрат түссіз болуы керек.


Жалпы сілтілікті ( ) фильтратты 0,01 н Н2S04 –пен титрлеу арқылы анықтайды. Ол үшін сыйымдылығы 100 мл болатын конустық колбаға пипеткамен 25 мл фильтратты құйып, 1-2 тамшы метилоранж қосамыз. Бюреткадағы Н2S04 ерітіндісімен ашық қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. Жалпы сілтілікті ( ) (%, масс.бірлікпен) және моль-экв/100г топырақтағы мөлшерін келесі формулалармен анықтайды:
W = 0,00061·VК· 20
Х= = 0,2 VК экв ( ) = 200 VК экв ( ).
Мұнда: 0,00061 – сілтілікті есептеу коэффициенті, себебі 1 мл 0,01 н Н2S04 ерітіндісіне 0,00061 г  сәйкес келеді; V – 25 мл фильтратты титрлеуге жұмсалған 0,01 н Н2S04-тің көлемі, мл; К - Н2S04 титріне түзету; 20- 100 г топыраққа есептеу коэффициенті (мэкв); 61 -  эквиваленті.
Жұмысты жүргізу әдістемесі
10 г. топырақты сыйымдылығы 200 мл-ге тең стаканға салып, 50 мл су кұяды. Қоспаны мұқият араластиыраты, сүзеді. Осылай алынған сынаманы (вытяжка) аммиак ерітіндісімен нейтралдайды, содан кейін метилоранждың ашық қызғылт түсіне дейін түз қышқылымен қышқылдаңдырады. Осыдан кейін қайтадан 1 мл НСІ қосады.
Қышқылданған фильтратты қайнағанға дейін қыздырып, көлемі 1-5 мл-лік пипеткадан тамшылатып қыздырылған ВаС12 ерітіндісімен тұнбаға түсіреді.
Барий ионымен сульфат-ионын түнбаға түсіргенде тұнбаға ВаS04 түседі. Бұл кезде жүретін реакцияның қысқаша теңдеуі:
S024 + Ва2+ = ВаS04
Тұнбасы бар стаканның бетін жауып, 2-3 минут қайнатып, 2 сағатқа қойып қояды. Тұнбаны фильтр арқылы фильтрлеп, барийге реакция жойылғанша 10%-тік НСІ ерітіндісімен аздап қышқылданған ыстық сумен жуады. Тұнбасы бар фильтрді воронкада кептіріп, фарфор табақшаға салып, 600-7000С температурада 20-25 минут муфель пешінде ұстайды. Фарфор табақшаны муфель пешінен алып, аналитикалық таразыда өлшейді. Кептірілген тұнбаның салмағы арқылы берілген үлгідегі сульфат-ионының мөлшері есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет