Негіздері


Қондырғы, реактивтер, материалдар



бет7/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
treatise4938

Қондырғы, реактивтер, материалдар

  1. рН-метр; 2) эталондық ерітінділер; 3) дистильденген су; 4) көлемі 200-мл-ге тең стакандар – 4 дана; 5) фильтр қағазы.

Материал: грунт суы, жер бетіндегі сулар, ағызынды сулар.

Жұмысты орындау барысы
Жұмысты орындаудың алдында қондырғының инструкциясымен танысу қажет. Инструкцияға сүйене отырып грунт суы, жер бетіндегі сулар, ағызынды сулардың рН-ын анықтайды.
2.2. Судың жалпы кермектігін анықтау
Судың жалпы кермектігі (Нжалпы) – судың табиғи қасиеті, ол суда негізінен кальций және магний катиондарының болуына байланысты пайда болған. Кермектіктің түрлері: жалпы, карбонаттық, тұрақты және жоюға болатын уақытша кермектік.
Уақытша кермектік (Нуақытша) және карбонаттық кермектікті (Нк) кальций мен магнийдің бикарбонаттары (карбонаттары) қамтамасыз етеді.
Қайнату кезінде бикарбонаттар аз еритін карбонаттарға айналады және тұнбаға түседі, сол себептен ыдыстың түбінде және қабырғаларында шұгінділер (накипь) пайда болады, ал судың кермектігі төмендейді. Бірақ қайнату кезінде бикарбонаттар толық бұзылмайды, олардың бір бөлігі суда қалады. Уақытша кермектікті эксперименталдық әдіспен анықтауға болады, ол суды қайнатқан кезде кермектік қанша бірлікке азаятынын көрсетеді. Уақытша кермектік әрқашанда карбонаттық кермектіктен төмен. Тұрақты кермектік (Нт) және карбонаттық емес кермектік (Ннк) суда кальций және магнийдің хлоридтері, сульфаттары және басқа карбонаттық емес тұздарымен қамтамасыз етіледі. Кермектіктің бұл түрлері:
Нт = Нжалпы Нуақытша; Ннк = Нжалпы Нкарб. формулалары арқылы есептеледі.
Егер судың жалпы кермектігі 3,5 мг-экв/л-ден кіші болса, су жұмсақ су деп сипатталады, ал егер кермектік 3,57 мг-экв/л аралығында болса, су – орташа кермектікке ие, ал 7 – 10 мг-экв/л аралығында болса, су өте кермекті болып саналады.
Судың кермектігі 10 мг-экв/л-ден жоғары болғанда оның дәмі жағымсыз. Өте жұмсақ суды пайдаланып жұріп, бірден кермектігі жоғары суды пайдалану адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Жалпы кермектікті трилонометриялық әдіспен анықтайды. Негізгі жұмысшы ерітінді болып трилон Б – этилендиаминтетрасірке қышқылының екі натрийлі тұзы табылады. Кальций және магний иондарының қосынды мөлшерін анықтау трилон Б қосылысының осы иондармен сілтілі ортада берік комплексті қосылыстарын түзу қабілетіне негізделген, бұл кезде сутек иондары кальций және магний иондарына алмастырылады.
Са2+ + Nа2Н2R → Nа2СаR + 2Н+
Мұнда R – этилендиаминтетрасірке қышқылының радикалы.
Индикатор ретінде қара хромоген (хромоген черный) қолданылады, ол Mg2+ -ионымен қызыл шарап түстес қосылыс түзеді, ал Mg2+ жоқ болған кезде көк түске боялады. Реакция рН=10 болғанда жүреді, рН мәнін 10-ға тең етіп ұстау үшін ерітіндіге (NН4ОН + NН4Cl) буферлі ерітіндісін қосады. Ең алдымен кальций иондары реакцияға түседі, содан кейін магний иондары. Анықтауға мыс (>0,002 мг/л), марганец (>0,05 мг/л), темір (>1,0 мг/л), алюминий (>2,2 мг/л) иондары кедергі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет