Құрал жабдықтар, реактивтер, материалдар
бюретка – 1 дана; 2) пипеткалар: 15 мл – 1 дана, 100 мл – 1 дана; 3) көлемі 250 мл-ге тең конус тәріздес колба – 1 дана, 4) капельница – 1 дана, 5) 100 мл-лік өлшеуіш цилиндр – 1 дана; 6) 0,05 н трилон Б ерітіндісі; 7) 0,05 н MgSО4 ерітіндісі; 8) аммиакты буферлі ерітінді (NН4ОН + NН4Cl); 9) қара хромоген индикаторы.
Материал: ластанған су немесе суқойма суы.
Жұмысты орындау барысы
Трилон Б ерітіндісінің эквиваленттік (нормальдық) концентрациясын анықтау 0,05 н MgSО4 ерітіндісімен жүргізіледі.
Конус тәріздес колбаға пипеткамен 0,05 н MgSО4 ерітіндісінің 15 мл-ін құяды, осыған 85 мл дистильденген су және 5 мл аммиакты буферлі ерітінді, 5 тамшы қара хромоген индикаторын қосады да, трилон Б ерітіндісімен көгілдір түс пайда болғанға (демек магний ионы жоқ болғанға) дейін титрлейді. Титрлеу жүрген кезде ерітінді түсі шарап түстес қызылдан сиякөк, қоңыр көкке дейін өзгеріп, көгілдір түске ауысады және өзгермейді.
Титрлеу 2 рет жүргізіледі, трилон Б концентрациясына түзету:
К = формуласы бойынша енгізіледі.
Сынаманың жалпы кермектігін анықтау
Зерттеуге арналған судың 100 мл-ін конус тәріздес колбаға құяды, осыған буферлі ерітінді мен индикаторды (олардың мөлшерлері түзету коэффициентін анықтағандағыдай болады) қосады да, трилон Б ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді бірнеше рет қайталайды және нәтижелердің орташа мәнін алады.
Жалпы кермектікті (мг·экв/л):
Нжалпы
формуласы бойынша есептейді, мұнда:
n – титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі, мл;
К – трилон Б ерітіндісінің концентрациясына енгізілетін түзету коэффициенті;
V – сынаманың көлемі, мл;
N – трилон Б ерітіндісінің нормалдылығы.
2.3. Хлоридтерді анықтау
Хлоридтердің ерігіштігі жоғары, сондықтан олар барлық дерлік табиғи сулардың құрамында болады. Ағындар бар суқоймаларда хлоридтердің концентрациясы әдетте жоғары емес (20-30 мг/л). Топырағы тұзды емес жерлердегі ластанбаған жер асты суларда хлоридтердің концентрациясы әдетте 30-50 мг/л болады. Ал тұзды топырақ арқылы өтетін сулардың 1 литрінде жүздеген немесе мыңдаған милиграмм хлоридтер бар. Егер судың құрамындағы хлоридтердің концентрациясы 35 мг/л-ден асатын болса, судың дәмі тұздылау, ал хлоридтердің концентрациясы 500-1000 мг/л болса, бұл су асқазан жұмысына кері әсерін тигізеді. Хлоридтердің концентрациясы жер асты, жер беті суларының және ағызынды сулардың көрсеткіші болып табылады. Хлоридтерді Мор әдісімен анықтайды.
Мор әдісі хлоридтерді күміс нитратымен калий хроматының қатысында тұндыруға негізделген. Суда хлоридтер болған жағдайда AgNО3 олармен реакцияласады, содан кейін калий хроматымен әрекеттесіп, қына сары (оранж) түсті тұнба түрінде шөгеді.
NаCl + AgNО3 = AgCl↓ + NаNО3
2AgNО3 + К2CrО4 = Ag2CrО4↓ + 2КNО3
Достарыңызбен бөлісу: |