Сульфид-иондарын анықтау әдісі
Сульфид-иондарын анықтау үшін йодометриялық әдісті қолданады. Бұл кезде келесі реакция жүреді:
S2- + I2 → 2I- + S↓
Тұнбаны фильтрмен бірге көлемі 250 мл-ге тең конустық колбаға салады және осы колбаға 0,01н йод ерітіндісінің 25-50 мл-ін қосады, содан кейін 5 мл тұз қышқылын қосады (1:9). Йодтың артық мөлшерін 0,01н тиосульфат ерітіндісімен 0,5% крахмал қатысында титрлейді.
Сульфид-иондарының жалпы мөлшерін келесі формула бойынша есептейді:
Бұл формулада:
b – иодтың артық мөлшерін титрлеуге жұмсалған тиосульфат ерітіндісі, мл
V – анализге алынған ерітіндінің көлемі (проба), мл;
0,01 – титрлейтін ерітінділердің эквиваленттік концентрациясы.
16,03 – сульфид-ионның эквиваленттік массасы.
Тиосульфат-иондарының мөлшерін анықтау
Нейтрал ортада қыздырған кезде полисульфид-иондар тиосульфатқа өтеді. Осы ерітіндіге формальдегид қосқанда, сульфит-иондарды жасыруға болады, содан кейін йодометриялық титрлеу әдісімен тиосульфатты анықтайды. Фильтраттан аликвота алып, конустық колбаға құйып, 5 мл формальдегид, 10 мл сірке қышқылын, 1-2 мл крахмал ерітіндісін қосады және йод ерітіндісімен титрлейді. Жұмсалған йодтың мөлшері S2O3 2- -иондарының мөлшеріне сәйкес келеді.
Тиосульфат мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
Х
Бұл формулада:
V – анализге алынған ерітіндінің көлемі, мл;
V1 - осы анализге алынған ерітіндінің мөлшері, мл;
1,121 - S2O3 2- -ионының 1 мл 0,01 н йод ерітіндісіне эквивалентті мөлшері, мг
Сұрақтар.
Қазақстан республикасындағы күкіртке байланысты орын алған экологиялық жағдайды сипаттаңыздар.
Күкірттің химиялық қасиеттерін сипаттаңыздар. Күкірттің электрохимиялық қасиеттерін сипаттаңыздар.
Элемент түріндегі күкіртті электрохимиялық әдіспен өндеуге бола ма?
Күкірттің тотығуының нәтижесінде түзілетін қосылыстарды атап өтіңіздер.
Күкірттің тотықсыздануының нәтижесінде түзілетін қосылыстарды атап өтіңіздер.
Сульфид-, полисульфид-, сульфит-, тиосульфат-, сульфат-иондарын анықтау ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
Күкірттің электрохимиялық тотығуын және тотықсыздануын қалай іске асыруға болады?
Әдебиет
Надиров Н.К. Тенгиз – море нефти, море проблем. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.– 266 с.
2 Некрасов Б.В. Основы общей химии. – Т.І, второе стееортипное издание. – Изд-во «Химия». – Москва, 1969 г. – 517 с.
3 Воробьев Е.И., Прусанов В.М., Душутин К.К. Охрана атмосферы и нефтехимия. – Л.: Гидрометиздат. – 1985. – 231 с.
4.Матрос Ю.Ш., Загоруйко А.Н. Нестационарный каталитический способ получения серы методом Клауса // ДАН СССР. – 1987. – Т.294. - № 6. – С.1424-1428.
5.Таскараева А.С., Баешова А.К., Баешов А.Б. Мұнай-газ өндіру саласында түзілетін күкіртсутек газын залалсыздандыру әдістерін жасау / В сб.: Материалы III Международного конгресса студентов и молодых ученых «Мир науки», посвященного 75-летию КазНУ им. аль-Фараби. – Алматы, 2009 г., с.52-53.
6.Баешов А.Б., Баешова А.К. Перспективные электрохимические способы решения проблем гидролэлектрометаллургии // Вестник КазНУ им. Аль-фараби, серия химическая. Посвящается 100- летию выдающегося ученого-основателя каталитической химии в Казахстане, Героя Социалистического Труда, академика Сокольского Д.В. – Алматы, 2010. - № 2(58). С. 202-207.
7.Баешов А.Б., Асабаева З.К., Баешова С.А., Баешова А.К. Разработка способа получения гидросульфида кальция из серосодержащих отходов нефтегазопереработки // В сб.: Материалы Международной научно-практической конференции «Нефтегазопереработка – 2010». – С.168-170.
8.Баешов А.Б., Асабаева З.К., Баешова С.А., Баешова А.К. Разработка основ технологии утилизации отходов нефтегазопереработки в виде серы с использованием электрохимических реакции // там же, с. 171 -173.
9.Баешова А.К., Наурзбаева Г.М., Создание способов утилизации сероводородсодержащих газов – решение одной из актуальных проблем нефтегазопереработки // там же, с.166-168.
10.Баешов А.Б., Баешова С.А.Электрохимические способы получения ценных соединений серы из серусодержащих отходов нефтегазопереработки // там же, с. 176-177.
11.Кипчакова О.О., Баешова А.К. Газ күйіндегі күкіртсутекті залалсыздандыру мақсатында түйіршікті электродтарды пайдалану//там же, с.292.
12.Наурзбаева Г.М., Баешова А.К. Газ күйіндегі күкіртсутекті залалсыздандыру нәтижесінде күкірттің пайдалы қосылыстарын алу // там же, с.285.
13.Саинова Б.Ғ., Таскараева А.С., Баешова А.К. Қалдық түріндегі күкірттен пайдалы өнімдер алу әдістерінің негіздерін жасау // там же, с.296
Достарыңызбен бөлісу: |