МӘКРУҺ ТАХРИМИ
Мәкруһ – Мұхаммед (с.а.у.) тыйым салған іс-әрекеттер. Кім күнәдан қорқып, саналы түрде мәкруһ жасамаса, соған Алладан сауап болады. Жасаушы күнәһар болады.
Кім оны бекерге шығарып, осы іс-әрекеттерді жасауға болады десе, сол тіптен дінсіздердің категориясына ауыспаса да, күнәһар болып шығады.
Көбірек таралған мәкруһ тахрими ұсынылған харамдармен қосылып 317 тармақтан тұрады.
-
Өзінің көңіл-күйін көтеру үшін ән айту.
-
Әндерді, музыкалық әуендерді тыңдау.
-
Көңіл көтеру үшін музыкалық аспаптарда ойнау.
-
Көңілі тасып, би билеу.
-
Музыкалық ойындарды, хабарларды тыңдау.
-
Орындаушыларға қол соғу.
-
Тіптен, ойнамасаң да үйде музыкалық аспаптарды сақтау.
-
Ақша қойылатын ойындарға қатысу.
-
Көңіл көтеру және уақытты көңілді өткізу мақсатында алкогольсіз, рұқсат етілген ішімдіктерді ішу.
-
Өзінің аса білімсіздігін түсінуге қабілетсіз адамға сабақ оқыту.
-
Бұрын білетін Құранның аяттары мен сүрелерін ұмыту.
-
Қолы бос емес, жұмыс істейтін адамдардың алдында Құранды дауыстап оқу.
-
Құранды, аяттар жазылған қағаздарды, діни кітаптарды көрінген жерге қою.
-
Аяттары бар беттерді немесе бағалы ойлар немесе жақсы сөздер жазылған басқадай қағаздарды жағу.
-
Тысы жоқ Құранды былғанған еркек пен әйелдің ұстауы: дәретсіз ұстау.
-
Былғанған еркек пен әйелге Құранды ұстау және оқу: әйелге етеккір кезінде және босанған соң (тек қана қажетті дұғаларды ауызша айту): дәретсіз Құранды оқуға болмайды.
-
Былғанған немесе дәретсіз еркекке азан шақыру (азан уа қамат).
-
Былғанғандарға, сонымен қатар етеккір кезінде әйелдің мешітке кіруі.
-
Мешітте дүниелік әңгімелер айту.
-
Мешітте дүниелік амалдарды тындыру (мысалы, сату, сатып алу)
-
Мешітте алдыңғы қатарға жету үшін адамдардың арасынан аттап-бұттау.
-
Мешітте сақал-мұртымен ойнау, саусақтарын сыртылдатып, қолдарын қусырып, мәдениесіз қалыпта отыру.
-
Мешітте тісті, мұрынды немесе құлақты шұқылау.
-
Мешіттің ішінде қатты түшкіру, есінеу, кекіру.
-
Мешітте кекірейіп, тәкаппар қалыпта отыру.
-
Мешітте түкіру, сіңбіру.
-
Имам уағыз оқығанда немесе салт жорасын жасаған кезде назарды басқа жаққа аудару, әңгімелесу.
-
Жұма намазы кезінде имам уағыз оқығанда мешітте намаз оқуға болмайды.
-
Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту (егер шымылдық құрылса, болады).
-
Азан шақырып тұрып, біреумен амандасу немесе сәлемін алу.
-
Азан шақырылып жатқан кезде дүниелік тақырыптарда әңгімелесу.
-
Намазға шақыру кезінде (азан) дүниелік амалдарды тындыру.
-
Адамның ниеттеніп, өз қалауы бойынша бастаған намазды немесе оразаны себепсіз бұзуы. Алайда, егер адал ниетпен ораза ұстауға кіріссең, ал сені түске дейін қонаққа шақырса немесе керісінше, қонақтар келсе, онда оразаны бұзуға рұқсат етіледі.
-
Тыйым салынған уақыттарда (күн шығып келе жатқанда, талтүсте, күн батып бара жатқанда) намаз оқу.
-
Таң сәріден күн шыққанға дейінгі немесе ақшам намазынан соң күн батқанға дейінгі кезеңдерде ерікті намаздарды оқу.
-
Белгілі бір күндерде ораза ұстау.
-
Кешегі ұстаған оразадан кейін тамақ ішпестен, екінші күні қайта ораза ұстау.
-
Күйеуімен ақылдаспай, әйелдің өз еркімен ораза ұстауы.
-
Құрбан айтта және одан кейінгі 4 күнде қажылыққа бару.
-
Арттағы намаз оқитындар мұны қаламайтындарын білетін адамның намаз уақытында имам болуы.
-
«Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен» дегенді арабша айтпастан ішіп-жеу.
-
Былғанған адамның дәрет алмай, қолдарын жумай, аузын шаймай дастархан басына отыруы.
-
Тамақты сол қолмен қабылдау.
-
Тамақты баскиімсіз қабылдау.
-
Қандай да бір той-думанға шақырусыз, жетіп бару.
-
Егер үй иесі мұны қаламайтынын сезсе, кімдікінен болсын тамақ ішу мәкруһ.
-
Қонақта отырғанда басқа адамның алдындағы тамақтан алу.
-
Тамақты немесе сусынды үрлеп суыту.
-
Тамақты қатты, шикі, дүмбілез, көп қуырылған және т.б. сөздермен сынап-мінеу. Алдыңа қойылған тамақты үндемей жеу керек.
-
Нанды және басқа азық-түлікті иіскелеу.
-
Нанның үстіне бірдеме қою.
-
Ыдысты нан үзімдерінің үстіне қою.
-
Пышақты және басқаны нанға сүрту.
-
Нанды бір қолмен үзу.
-
Тәкәппар кейіппен, жантаұйып жатып, тамақтану.
-
Тұрып ішіп-жеу.
-
Қонаққа барғанда, үйіне әкету үшін, бірдемені дастарханнан рұқсатсыз алу.
-
Етбеттеп жатып, тамақтану.
-
Стол басында жағымсыз жайттарды айту.
-
Тамақты жинаудан бұрын дастархан басынан тұру.
-
Ауысып отыруын өтініп, дастарханның басында біреудің мазасын алу.
-
Тойдың дайындығынсыз некелесудің салт жораларын бастау.
-
Жағымды сусын бергенде, сияпат көрсетіумен бірдеме ұсынғанда бас тарту.
-
Алдына қойған тамақты ішпей, қарап отыру.
-
Әжетханаға оң аяқпен кіру (сол аяқпен кіру керек).
-
Әжетханадан сол аяқпен шығу (оң аяқпен шығу керек).
-
Құран аяттарын, дұғаларды өзімен бірге әжетханаға алып кіру.
-
Бөлменің, үйдің ішінде іш босату.
-
Әжетханаға бас киімсіз кіру.
-
Тұрып іш босату, зәр шығару.
-
Мешіттен, зираттан 40 адымнан жақын жерге іш босату, зәр шығару.
-
Әжетхананың ішінде ғұсыл құйыну, дәрет алу.
-
Астыңғы жақты оң қолмен сүрту.
-
Іш босату (нәжіс шығару) кезінде өзінің жыныс мүшелеріне қарау.
-
Өзінің нәжісіне қарау.
-
Әжетханада тым көп ашылу.
-
Суға іш босату, зәр шығару.
-
Ағаш түбіне.
-
Желге қарсы зәр шығару.
-
Жолдың, көк шөптің үстіне іш босату.
-
Адамдардың көзінше.
-
Алдын немесе артын Құбыла жаққа қаратып отыру, яғни Қааба бағытына (қырындап отыру керек).
-
Ашық жерде жеңілдеу үшін күнге немесе айға қарсы қарап, немесе оларға артын беріп отыру. Егер олар көрінбесе, қалай отырса да бәрібір.
-
Жеңілдеу кезінде әжетхана ішінде сөйлесу.
-
Астыңғы жақты жуғанда оң қолды пайдалану.
-
Намазға шақырған кезде іш босату немесе зәр шығару.
-
Құндылығы бар нәрселермен астын сүрту.
-
Кісімен әжетхана ішінде амандасу.
-
Іш босатып отырып, сәлем алу.
-
Адамдардың арасында сүйкеліп, тың тыңдап жүру.
-
Бір-бірімен амандасқанда басты ию немесе қолды кеудеге қою.
-
Амандаспай жатып, әңгіме бастау.
-
Зәр шығарып тұрған адаммен амандасу.
-
Кәпірге бірінші болып сәлем беру мәкруһ, ал егер ол бірінші сәлем берсе – сәлемін алу керек.
-
Оң қолмен сіңбіру.
-
Аса қажеттілігі болмаса да өз жыныс мүшелерін ұстау.
-
Харам жасайтын адаммен амандасу.
-
Қажеттіліктен мәжбүр болмаса да елдің арасында жел шығару.
-
Ұсақ жануарлардың, жәндіктердің ұясына зәр шығару (мысалы, құмырысқаның илеуіне).
-
Жол үстіне және көшеге арам жуынды-шайындыны төгу.
-
Мұрынның астынан ауызға түсуі мүмкін ұзын мұрт қалдыру.
-
Сақалды төрт еліден қысқа етіп қалдыру.
-
Еркектердің басындағы шашының бір бөлігін алып, басқасын қалдыруы.
-
Еркектердің сақал-мұртын алуы.
-
Әйелдердің шаш қиюы.
-
Ағарған шаштарды бастан, сақал-мұрттан жұлу.
-
Беттегі , екі қастың арасындағы қылшықтарды жұлу.
-
Еркектердің шашын, сақалын қараға бояуы (сарғыш және жирен түске бояуға болады).
-
Еркектердің қолын және саусақтарын қынамен бояуы.
-
Былғанған қалыпта шаш алу.
-
Былғанған кезде, етеккір келгенде, босанған соң тырнақ алу.
-
Тырнақты тіспен қыршу.
-
Сенбі, жексенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері тырнақ алу (дүйсенбіде, бейсенбіде және жұмада алу керек).
-
Тырнақты 40 күннен артық өсіру.
-
Алынуы тиісті жүндерді 40 күннен артық алмау.
-
Қырқылған шаш пен тырнақты көрінген жерге шашып тастау.
-
Әйелдердің шаштарына шаш қосуы.
-
Әдемі көрсету үшін тістерін егеу.
-
Әйелдердің қоғамдық моншаларға қатынауы.
-
Көшеге шыққан кезде әйелдердің әдемі әшекейленген сырт киім киюі.
-
Бірдеңемен (мәселен, тушьпен) теріні піскілеп, оның астына жазбалар түсіру.
-
Күйеусіз немесе туыстарынсыз әйелдің жолға жалғыз шығуы.
-
Тіпттен оларға сенбесе де, балгердің болашақты болжауын тыңдау.
-
Аса қажеттілік болмаса да Алланың атымен ант ету.
-
Сатушының өз тауарының жақсылығына ант етуі.
-
Кәпірлер киетін киімді кию.
-
Жас ұл балалардың жібек киім киюі.
-
Кір, лас киімдерді кию (зәр шашыраған т.б.)
-
Өте жақсы немесе адамдарды таңырқатытын жаман киім кию.
-
Еркектердің ашық қызыл немесе ашық сары киімдер киюі.
-
Шалбарды қызыласықтан төмен кию.
-
Алладан өлім тілеу.
-
Ұзақ өмір сүруге және көп іс тындыруға ниеттеніп жүру.
-
Ауру тараған қаладан кету.
-
Жұқпалы аурулардың эпидемиясы таралған қалаға, ауданға кіру.
-
Марқұмның соңынан еріп, оның жақсы істерін, қылықтарын айтып, жоқтау.
-
Жеңілгендер санатына қосылмас үшін ақиқатқа қарсы шығу.
-
Ақиқатты білмей, түйсікті, болжамдарды негізге алып, дауласу.
-
Жоқ нәрсемен мақтану.
-
Біреуге онда жоқты және ол оған лайық еместі теліп, мақтау.
-
Адамдарды күлдіру үшін анекдоттар, өтірік әңгімелер айту.
-
Адамның беті күйетін әдепсіз әңгімелер айту.
-
«Құдай үшін» деп біреуден бірдеме сұрау.
-
«Құдай үшін» деген өтінішті орындамау.
-
Берген сыйлықтарын, қайыр-садақасын есіне салып, бетіне басу.
-
Пайдалы сөздерді қажетінен артық айту.
-
Бос сөйлеу.
-
Бірдемені сұрағанда көп рет қайталап, мезі ету.
-
Айттқан сөздерім әдемі болсын деп, зорланып сөйлеу.
-
Адамның сөздерін, тағылған жалған атын күлкіге айналдыру.
-
Күлкілі болмаса да, себепсіз көп күлу.
-
Зиянсыз, өтірік әңгімелер айту.
-
Мыстан, темірден, қоладан жасалған жүзіктерді тағу.
-
Үйдің ішіне жануарлардың, адамдардың бейнесі салынған суреттерді (фото) ілу.
-
Бөлмеде ит ұстау.
-
Әділетсіздерді, қатыгездерді сыйлау, әспеттеу.
-
Әке-шеше, ұстаз немесе ғалымнан басқа біреулердің қолын сүю.
-
Алладан өзі үшін бірдеме сұрау.
-
Кішкене балаға берген уәдені орындамау.
-
Тамақ үшін айқындалмаған - жылқының, қарлығаштың, жарғанаттың еттері сияқтылармен қоректену.
-
Жануарлардың ішек-қарнын тамаққа қолдану.
-
Мысық, тауықтар, жабайы құстар ішкен суды дәрет алуға пайдалану.
-
Тамақ болмайтын өсімдіктерді жеу (сабан т.б.).
-
Жануарды өтпейтін пышақпен бауыздау.
-
Жануарды кешке немесе түнде сою.
-
Малды жыққан соң пышақты қайрау.
-
Жануардың көзінше пышақ қайрау.
-
Мойынды жұлынға дейін кесу (екі күре тамырды, өңеш пен кеңірдекті кессе жеткілікті).
-
Мойнын толық кесіп тастау.
-
Төлін бөлек сату арқылы енесінен айыру немесе біреуін сою.
-
Жануарды желке жағынан бауыздау.
-
Жануар толық тынышталмай жатып, терісін шешу.
-
Бауыздаған кезде жануарды Құбыладан басқа жаққа бағыттау.
-
Сауын малды сою.
-
Туғайы жүрген жануарды сою.
-
Аса жас малды сою.
-
Көңіл көтеру немесе уақыт өткізу үшін аң аулау.
-
Түйені басына жақын бауыздау.
-
Түйеден басқа жануарларды басына жақын бауыздау.
-
Жануарлардың құлағын, тұмсығын, мүйізін кесу арқылы белгі салу немесе қызған темірмен таңба басу.
-
Отбасын асырауға мүмкіндігі бар адамның үйленуден тартынуы.
-
Себепсіз және қатаң негізсіз әйелімен ажырасу.
-
Өз досымен себепсіз достығын үзу.
-
Жасалып жатқан харамға қарау және рахаттану.
-
Аса қажеттілік болмаса да бұзылған, жолдан тайған адамдармен бас қосу.
-
Жаман әсер туғызатын жерлерге бару.
-
Иесін іздеп, әуре болғысы келмей, табылған мүлікті жолда қалдыру.
-
Байлығының тазалығы күмәнді адамның үйінен тамақтану (егер шариғат тыйым салған қаражат есебінен жиналса және алынса - оның тамағын жеуге рұқсат етілмейді).
-
Ол үй ұрланған ақшаға, қаражатқа сатып алынды деген күмән болса да сонда тұру.
-
Күдікті, яғни ұрланған деген мағынадағы, тыйым салынған жолдармен, қаражатпен алынған киімдерді кию.
-
Күмәнді байлықты пайдалану.
-
Таң сәріден күн шыққанша, екінті және ақшам намаздарының аралығында, ақшам және құптан намаздарының аралығында ұйықтау.
-
Етбеттеп жатып, ұйықтау.
-
Аяқтарды Құбылаға жаққа созып, ұйықтау.
-
Аяқтарды кітаптардың үстіне қойып ұйықтау.
-
Дәрет алу кезінде дүниелік тақырыптарға әңгімелесу.
-
Дәрет алу кезінде басқа адамның қызметін пайдалану.
-
Суды бетке шашып жуыну.
-
Дәрет алу үшін суды қажет мөлшерден көп жұмсау.
-
Балалардың біреуін басқаларынан артық көру (егер ол оқуға ынталылығымен және тәртіптілігімен ерекшеленсе, оны қалғандарына үлгі етуге болады).
-
Қазының немесе басшының дауласқан жақтардың біреуіне емеурін танытуы.
-
Біреудің бақшасын рұқсатсыз аралау.
-
Біреудің дәулетін рұқсатсыз пайдалану.
-
Өзіне жүктелген шаруашылық амалдарды орындауға әйелдің ерінуі.
-
Дәулеттіні оның жағдайы үшін ұлықтау және сыйлау.
-
Бағасы одан бетер қымбаттауын күтіп, өнімді өткізуден тартыну.
-
Қалаға апара жатқан тауарды алыпсату мақсатында жол-жөнекей ұстап қалу.
-
Бұдан да қымбат бағаға алыпсату мақсатында бір қала үшін қажетті тауарды басқа қалаға бағыттау.
-
Оның салмағын өткізетін тауардың салмағына қосу мақсатында тауарды ыдыспен өлшеу.
-
Бағаны әдейі қымбаттату.
-
Иесі тауарды қайтып алуды қалаған жағдайда, алушы оны өзі төлегеннен қымбатырақ бағамен қайтаруы.
-
Алушы сатып алғанына өкініп, тауарды қайтаруды қаласа, оған алғанынан аз сома төлеу.
-
Басқа сатушының тауарын қарап жатқан кезде алушыға өз өнімін ұсыну.
-
Сатушы мен алушы баға жөнінде келісіп жатқан кезде тауардың бағасын көтеру.
-
Айттырылып қойғанын біле тұра, қызға құда түсу.
-
Саудаласу кезінде сауда ісіне қатысы жоқ қандай да бір шарттарды енгізу.
-
Қымбатырақ сату мақсатында жануарды сауудан тартыну.
-
Байлықтың міндетті түрде тазартуын орындау үшін жаман тауарды таңдау және беру.
-
Құран оқығаны үшін, діни уағызы үшін ақша алу.
-
Өзінің қорқақтығынан, өзіне зиян келтіруі мүмкін шамадан тыс жасқаншақ-тыққа жол беру.
-
Ашу-ыза кернегенде шамасы жетпейтін жұмысқа кірісіп, батылдық көрсету.
-
Жаман кісілерді кездестіргендіктен немесе жаман сөздер естігендіктен ісіміз оңға баспайды деп, ырымдау.
-
Қулықпен жарыместерге ұқсау.
-
Жиренбестен және ұялмастан адамдардың алдында лайықсыз, арсыз істер жасау.
-
Рұқсат етілген тамақты қолданудан өзін ерікті түрде тежеу.
-
Әлі келмейтін істерде өзін білгір көрсету.
-
Адамды масқаралау үшін сұрақтар қою.
-
Кісілердің көзінше екеуара сыбырласу.
-
Жаңылысқан немесе абайсызда қате қылық жасаған адамға күлу.
-
Құрметті адамдарды елемей, олардың алдында сөйлеу.
-
Сыйлы адамдардың көзінше ұзақ және қатты күлу.
-
Сөйлеуді талап етіп тұрған адам сөзін аяқтамай жатып, біреулердің сөз бастауы.
-
Құрметті адамдардан озып, алдына түсу.
-
Алдын-ала жалақысын белгілеп алмай, біреуді жұмысқа алу.
-
Өтеуге мүмкіндігі бола тұра, қарызды қайтаруды кешіктіру.
-
Қалған нәрсесін бергізумен борышкерді қарызын қайтаруға мәжбүрлеу.
-
Дүниелік игіліктерді иелену мақсатында және мақтан үшін баю.
-
Үйді өте биік салу.
-
Үйді әсіре сәулетті етіп, әшекейлеу.
-
Егер оның қандай да бір тілегі орындалса, бірдеме істемекке өзіне уәде беру.
-
Өзін қаталдық пен қатыгездікке үйрету.
-
Марқұмды бейтіне ат көлікпен немесе мәшинемен жеткізу (оны көтеру керек).
-
Марқұмның жаназасын мешіттің ішінде шығару.
-
Марқұм көрге түсірілмей, жерге отыру.
-
Көрдегі қуысты күйген кірпішпен немесе ағашпен жабу.
-
Аса қажеттілік болмаса да екі адамды бір көрге жатқызу.
-
Марқұмның қасында күліп сөйлеу.
-
Марқұмды күн батқан соң жерлеу.
-
Әйелдерге марқұмның соңынан жүру.
-
Бейттің қасында және бейттің үстінде намаз оқу.
-
Әйелдердің бейттердің арасымен жүруі.
-
Түнде зират басында от жағу.
-
Молаларды таптау, олардың үстіне отыру.
-
Моланың үстіне өскен шөптерді, гүлдерді немесе өсімдіктердің жемістерін алу.
-
Молаға шатыры бар қоршау қою.
-
Марқұмның қасында тамақ қабылдау.
-
Бейіттердің қасында тамақтану.
-
Құбыла жаққа түкіру немесе сіңбіру.
-
Аяқтарды Құбыла жаққа созып отыру.
-
Жақсы сөздер жазылған қағаздарға немкетті қарау, бүлдіру, ластау.
-
Тұраққа (демалуға) тұрғанда жануардың үстінде отыру.
-
Аса қажеттілік болмаса да түнде жолдан қайту.
-
Олардың дауысын, әндерін тыңдап, рахаттану үшін құстарды тор ішінде ұстау.
-
Алған ақшаны спирттік ішімдіктерге, азғындауға және тағы сондайларға пайдалануы мүмкін кісілерге қайыр-садақа беру.
-
Бұрын өзі берген сыйлықты қайтарып алу.
-
Белгісіз және шариғатқа негізделмеген дұғаларды оқу және олармен адамдарды дуалау.
-
Махабатта көмектеседі-мыс деп, ойдан құрастырылған, жалған жазбаларды өзімен алып жүру (тұмар).
-
Шариғатқа негізделмеген жазбаларды немесе басқа заттарды жаман көзден, жын-шайтаннан сақтайды деп, өзімен алып жүру.
-
Қажеттілігі болмаса да бөгде әйелдермен сөйлесу.
-
Жас жігіттің егде әйелге үйленуі.
-
Жас жігіттің әдейі бедеу әйелге үйленуі.
-
Қызды егде, арсыз адамдарға күйеуге беру.
-
Аса қажеттілігі болмаса да тыйым салынған дәрмектермен емделу.
-
Егер ол өзін айттырған адамға күйеуге шығуға уәделескен жағдайда, кәмелетке толған қыздың некелесуін себепсіз кешіктіру.
-
Науқасты ас қабылдауға мәжбүрлеу.
-
Қонақты күшпен тамақ ішуге мәжбүрлеу.
-
Балаға мағынасыз, екіжүзді, әдепсіз аттарды тағу.
-
Балаға аса жоғары мәнге ие есімді қою.
-
Мұхаммед есімді адамға пайғамбардікі сияқты қосалқы аттарды тағу.
-
Қажылықтың уақыты келмей тұрып, ерте бастан қандай да бір салт жорасын орындауға кірісу.
-
Шағбан айының отызыншы күні, бұл күннің рамазан айының басталғандығы болып табылатыны күмәнді кезде ораза ұстау (әдетте, ораза ұстауды жаңа ай анық көрінген күннен бастайды).
-
Үгіт арқылы адамды бейтарап күйден қарама-қарсы жақты қабылдайтын күйге жеткізу.
-
Саудаға күн шықпай кірісу.
-
Бауыздалған соң ішек-қарны ақтарылмай, бір тәуліктен артық жатып қалған жануардың етін тамаққа қолдану.
-
Жуынды-шайындымен қоректенетін жануардың етін қолдану.
-
Жуынды-шайындыммен қоректенетін жануардың сүтін ішу.
-
Алайда, егер жануар бұрын ондайлармен қоректенбесе, олар үшін кепілдік кезең белгіленеді, содан кейін олардың еті де, сүті де тамаққа жарамды болады: түйе үшін бұл -40, сиырға – 20, қойға – 10, тауыққа – 3 күн.
-
Тірі малды етке айырбастау.
-
Жануарларды шағылыстырғаны үшін ақы алу.
-
Өнімді өлшемей, көп-көптен айырбастау.
-
Өзіңнен артылатын суды сату.
-
Шариғатты негізге алмай, әйелдің күйеуінен некені бұзуды өтінуі.
-
Бұдан да жақсысын қарымтаға алуды ойлап, сыйлық, жәдігерлер сыйлау.
-
Көгершіндермен ойнау.
-
Адамды мазалау, оның орнына отыру.
-
Қатар отырған екі адамды мазалап, олардың араларына отыру.
-
Қатар кетіп бара жатқан екі әйелдің ортасынан өту.
-
Марқұмға мақтауы жеткізілген құлыптас қою.
-
Қажеті болмаса да аралап жүріп, құлыптастарды оқу.
-
Күнкөріске қаражат табу үшін біреудің тиын-тебенін өзіне тарту қаупі бар кәсіппен айналысу.
-
Мақтан үшін қандай да бір іс істеу.
-
Мақтаусүйгіш адамды әдейі мақтау.
-
Құр мақтаулармен әуестену.
-
Біреуді ызаландыру үшін қандай да бір іс жасау.
-
Сол туралы сұрастырумен адамның қайғысын есіне түсіру.
-
Әйелінің қыз туғанына қайғыру.
-
Біршама сәнденіп, науқастың көңілін сұрауға бару.
-
Науқасының ауыр екенін хабарлау арқылы науқасты шошыту, көңіл-күйін бұзу.
-
Науқаспен көп сөйлесу.
-
Науқастың қасында көп отыру.
-
Бүркітті аң аулауға үйреткен кезде тірі жандыларды қинау.
-
Жұмыс істеп жатқан адамның қасына барып, әңгіме-дүкен құру.
-
Жиі қатынаумен адамның мазасын алу.
-
Үнемі аңшылықпен айналысу.
-
Түнде аңға шығу.
-
Сүнеттке қатысты қандай да бір істі орындамау.
-
Салт жорасына кіретін қандай да бір мәкруһты жасау. Мысалы: намазда – 70, дәретте – 10, оразада – 10 мәкруһ.
МУСТАКРУҺ
Мустакруһ – Мұхаммед (с.а.у.) мүлде жасамауды жөн көрген іс-әрекеттер. Ол мустакруһ жасаған адамның тек қана зиян шегетінін түсіндірген. Мұстакруһ үлкен күнә болып табылмаса да адамның аса тәрбиесіздігін паш етеді.
-
Өте ыстық сусындарды, тамақты қабылдау.
-
Тым суық суды ішу.
-
Бірден, тамақтың әр түрінен көп жеу.
-
Аса қажеттілігі болмаса да тамақтану кезінде түрлі құралдарды (қасықтарды, шанышқыларды, пышақтарды) қолдану.
-
Өзінің аса мәденниетті екендігін көрсету мақсатында биік үстелде тамақтану.
-
Қажеті болмаса да нанды және піскен етті пышақпен кесу.
-
Тамақ ішіп отырғанда жан-жағына жалтақтау.
-
Ауызды толтырып шайнау.
-
Тамақтанып отырғанды бақылау.
-
Үстел басында отырып, тамақтың берілуін бақылау.
-
Тамақты ыдыстың ортасынан алу.
-
Тістелген үзімді үстелге қайта қою.
-
Дұрыс шайналмаған тамақты тез жұтып қою.
-
Ас үстінде көп сөйлеу.
-
Ас үстінде көп сұйық ішу.
-
Тамаққа қол сілтеу.
-
Тамақ ішіп отырғанда тамаққа басты қатты еңкейту.
-
Судан бас алмай, сиыр құсап ішу.
-
Бастаудан, судың жағасынан суды жатып ішу.
-
Күніне екі рет қоректілігі аса жоғары тамақ ішу.
-
Тамақты қараңғыда ішу.
-
Қабылдайтын тамаққа үрлеу.
-
Тамақ ішіп отырып, басқа іс бойынша үзіліс жасау, содан соң қайта кірісу.
-
Қарны ашпаса да қоректілігі жоғары тамақты қабылдау.
-
Өте көп ішіп-жеу.
-
Сырты қапталмаған мыс немесе қола ыдыстан тамақ қабылдау.
-
Шеті кертілген ыдыстан ішу.
-
Ыдыстың құлағы жағынан ішу.
-
Базарда, елдің ортасында, көшеде тамақ жеу.
-
Пияз, сарымсақ қосылған тамаққа тойып алып, елдің арасына бару.
-
Ағзаға зиян келтіретін бірдеме қабылдау.
-
Жуылмаған азық-түлікті қабылдау (жеміс-жидектерді).
-
Тістің арасынан алынған тамақты жұту.
-
Майланған қол, ауызбен жүру немесе ұйықтау.
-
Шикі жемістерді жеу.
-
Ішіндегісі көрінбейтін ыдыстан ішу.
-
Алдымен біраз төгіп тастамай, шайнектен су ішу.
-
Дәрігері жоқ ауылдарда тұру.
-
Алапес науқасқа (немесе сондайларға) ұзақ қарау.
-
Жұқпалы аурумен ауырған адамға үш аршиннан (3 құлаштан) жақын бару.
-
Өте қатты есінеу, түшкіру, жөтелу.
-
Ауызды қалқаламай есінеу.
-
Көп кекіру.
-
Аяқты бір-бірінің үстіне қою, яғни айқастырып отыру.
-
Саусақтарды айқастырып отыру.
-
Саусақтардың сүйектерін сыртылдату.
-
Жан-жағына жалтақтап жүру.
-
Бір аяққа ғана аяқкиім киіп жүру.
-
Дамбалды, шалбарды тұрып кию.
-
Сақалды төрт еліден ұзын өсіру.
-
Күнге қарсы отыру.
-
Күн мен түнектің арасында отыру.
-
Екінті және ақшам намаздарының арасында жазу және оқу(яғни, үшінші және төртінші намаздың аралығында).
-
Қауіп төніп тұрғанда, жолға шығу.
-
Жүзу білмейтін адамның судағы саяхат үшін кемеге (қайыққа) отыруы.
-
Қауіпті жерлерде (жыртқыш аңдар, қарақшылар) кәсіппен шұғылдану, қолөнермен айналысу, тіршілік үшін қаражат табу.
-
Тістеп, сүзіп алуы мүмкін жануарларға жақын бару.
-
Түнде үйде жалғыз ұйықтау.
-
Оттарды өшірмей, ұйқыға жату.
-
Қанжарды немесе қылышты қолға қынсыз беру.
-
Тісті қамыспен, қатты ағашпен тазалау.
-
Өнімді түнде жинау.
-
Ағаштағы жемістерді түнде жинау.
-
Лас кәсіппен айналысу (қасапшылық, тері илеуге байланысты жұмыстар).
-
Қонаққа сый-сыяпат көрсету үшін қарыз ақша алу.
-
Өзіңнен кедей адамнан қайыр-садақа алу.
-
Жеу үшін тамақты пышақтың ұшымен, шанышқымен алу.
-
Тіптен оны тыңдаушылар жалған деп қабылдаған күнде де шындықты айтпау.
МАЗМҰНЫ
Шариғат негіздері 3
Парыз 4
Айн парыз 4
Кифая парыз 7
Уәжіп 8
Сүннет 11
Мұстахаб 16
Мүбаһ 23
Харам 26
Харам зүлми 27
Харам хайри зүлми 31
Мәкруһ тахрими 39
Мұстакруһ 53
«Шариғат негіздері»
Теруге 04.09.2009 ж. берілді.
Басуға 12.09.2009 ж. қол қойылды.
Формат 60/90/16.
Шартты баспа табағы 3,6.
Қағазы офсеттік. Тапсырыс № 106
Таралымы 1000 дана.
“Шығыс Полиграф” баспаханасы.
Достарыңызбен бөлісу: |