жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi. Iндетке қарсы арнайы шаралар
жүргiзген кездегi техникалық қауiпсiздiк
Сабақтың мақсаты: Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс
iстеген және ветеринариялық-санитариялық шараларды (дезинфекция,
дезинсекция, дерратизация, өлексенi утильдеу, акушерлiк көмек көрсету, т.б.)
орындаған кездегi қауiпсiздiк техникасын меңгеру. 1-кестеде көрсетiлген аса
қауiптi зооантропонозды инфекциялардың адамға жұғу және таралу
жолдарын талдау.
Зооантропонозды жұқпалы ауруларды негiзiнен мал шаруашылығында
және олардың өнiмiн өңдейтiн мекемеде iстейтiн адамдардың жұқтыру қаупi
жоғары. Ветеринария мамандары жұқпалы ауру қоздырушысын малды
клиникалық зерттеу, емдеу, өлексенi жару, патологиялық материалды
лабораториялық зерттеу, акушерлiк көмек көрсету кезiнде жұқтырады.
Малдәрiгерi тек қана өз денсаулығын ғана емес, жұқпалы ауруға шалдыққан
малмен жұмыс iстейтiн адамдардың iндеттi жұқтырмауына да жауапты
екенiн назардан шығармауы қажет. Сондықтан олар медицина мамандарымен
бiрге ветсанитариялық тұрғыда сақтандыру тәртiптерiн ұйымдастырып,
қадағалаулары керек.
Зооантропоноз, антропозооноз инфекцияларының iндет ошағында
жұмысқа қамтылған адамдар эпидемиялық көрсеткiштер бойынша алдын ала
арнайы вакцинамен белсендi иммунделедi. Адамдардың ауруға шалдығуы
байқалғанда арнайы иммундыглобулиндер, иммунды қансарысулары,
антибиотиктер қолданылады. Iндет ошағында шаң-тозаңды басу, ылғал-
дықты азайту шаралары ұдайы жүргiзiлiп отырылуы қажет. Ауру малмен
немесе патологиялық материалмен жұмыс iстеген кезде көздiң, танаудың,
ауыздың кiлегей қабықтарына зарарлы материал түссе, онда дезинфектанттар
ерiтiндiлерiмен (бор қышқылы, риванол, калий перманганаты, т.б.) тез арада
жуу қажет.
Жарақаттар 5%-ды спирттi йод ерiтiндiсiмен өңделiп, үстiне 60%-ды
спиртке салынған дәке оралады. Ит, жабайы аңдар (түлкi, қасқыр, т.б.)
қапқанда немесе құтырыққа тән белгiлер байқалған жануарлар тiстегенде,
жараны өңдегеннен кейiн медициналық пунктке бару мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |