Негізгі бөлім Иерархиялық модель



бет3/3
Дата02.06.2023
өлшемі25.38 Kb.
#474608
1   2   3
6 апта сро

Реляциалық модель
1970 жылы доктор Е.Ф. Кодд (ол кезде ІВМ корпорапиясының қызметкері) бір мақаласында келесі идеяны ұсынды: мәліметтерді физикалық көрсеткіштермен емес, олардың логикалық өзара қатынастары бойынша байланыстыру қажет. Сонымен, егер де бастапқы мәліметтерде оларды комбинациялауға қажетті логикалық ақпарат болатын болса, пайдаланушылар әртүрлі көздегі мәліметтерді комбинациялай алады. Бұл идея ақпаратты басқару жүйелер үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашты, себебі мәліметтер қорларына қоятын сұраныстар енді физикалық көрсеткіштермен шектелмеген болады. Логикалық байланыстар негізінде мәліметтерді тауып шығаруды сүйемелдейтін мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер көптеген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Өзінің мақаласында Кодд мәліметтердің қарапайым моделін ұсынды. Оған сәйкес барлық мәліметтер жатық және тік жолдардан тұратын кестелерде орнатылады. Осы кестелер реляциялар деп аталады, сондықтан модель реляциялық деген атқа ие болды. Реляциялық модель жиындар теориясы мен предикаттар логикасынан шығатын математикалық принциптерде негізделген. Реляциялық мо­дель мәліметтерді көрсету әдісін (мәліметтер құрылымын), мәліметтерді қорғау әдістерін (мәліметтер бүтіндігін) және мәліметтермен орындалатын операцияларды (мәліметтермен әрекеттесу) анықтайды. Реляциялық модельдің аты ол кесте­лер арасындағы қатынастарды көрсететін болғандықтан де­ген пікір дұрыс емес. Керісінше реляциялық модельдің аты оның негізінде болатын қатынастардан (теория бойыншареляциялардан) пайда болды. Реляциялық модельде мәліметтер концептуалды денгейде қатынастар түрде көрсетілген, бірақ физикалық денгейде мәліметтер қалай іске асырылатыны туралы ешқандай бұйрықтар жоқ.
Қорытынды
Мәліметтерді физикалық емес, концептуалды көз қарас жағынан қарастырып Кодд тағы бір революциялық идеяны ұсынды. Мәліметтер қорларының реляциялық жүйелерінде мәліметтер файлдарын тұтас бір бұйрықпен өңдеуге болады, ал дәстүрлі жүйелерде бір бұйрықпен тек қана бір жазба өңделеді. Логикалық және физикалық деңгейлерді бөлу әдісі мәліметтер қорларын программалау саласына өзғерістерді әкелді. Коддтың амалы мәліметтер қорларын программалаудың тиімділігін көтерді. Бұрында мәліметтер қорларын программалауда әдетте мәліметтерді сақтауға негізделген құрылғыларды физикалық басқару үшін программалық кодтарды жазылатын еді. Мәліметтерге логикалық көз қарас компьютерлік технологиялар жағынан маман болмайтын пайдаланушыларға түсінікті болатын сұранысгардың тілдерін жасауға мүмкіндік берді, Әрине, компьютермен жұмыс істеу тәжірибелері әртүрлі барлық адамдар қолдана алатын тілдерді өңдеу өте қиын. Бірақ сұраныетардың реляциялық тілдері бұрынғыға қарағанда көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорларынақол жетерлікті орнатты.
Өткен ғасырдың 70-ші (XX ғ.) жылдардағы Коддтың публи­кациялары ғалымдар мен мәліметтер қорларын басқаратын реляциялық жүйелерді жасайтын коммерциялық жүйелерін өңдеушілер арасында активтілікті көтерді. Осы жұмыстар нәтижесінде 70-ші жылдардың екінші бөлігінде келесідей (Structured Query Language — SQL, құрамдасқан сұраныстар тілдері), Query language (Quel, сұраныстар тілі) және Query-by-Exampk (QBE, үлгі бойынша сұраныстар) тілдерді сүйемелдейтін реляциялық жүйелер пайда болды. Қазіргі кезде реляциялық мәліметтер қорлары мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген осы заманғы коммерциялық жүйелердің стандарты ретінде қарастырылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Л.К.Ибраев.Мәліметтер қорларын жобалау. А.:АЭжБи 2010

  2. www.Malimetter.kz сайты

  3. Харрингтон Дж. Разработка баз данных.-М:ДМК Пресс, 2005

  4. Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.- М.:Издателский дом «Вильямс», 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет