Негізгі желдету желдеткіш қондырғыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе


Механикалық жабдықтарға арналаған діріл қарқындылығының шекті көрсеткіші



бет2/5
Дата03.07.2016
өлшемі1.58 Mb.
#174493
1   2   3   4   5

Механикалық жабдықтарға арналаған діріл қарқындылығының шекті көрсеткіші


Машина

Бағалау класы , мм/с

тобы

жақсы

қанағаттандырарлық

Жол берілетін

Жол берілмейтін

I

<0,7

0,7-1,8

1,8-4,5

>4,5

II

<1,1

1,1-2,8

2,8-7,1

>7,1

III

<1,8

1,8-4,5

4,5-11,0

>11,0

IV

<2,8

2,8-7,1

7,1-18,0

>18,0

3-кесте
Электр машиналарына арналған діріл қарқындылығының шекті көрсеткіші




Діріл ОКК

Техникалық жағдайын бағалау

жылдамдығы

Электрқозғалтқышының айналу діңінің биіктігі Н, мм

мм/с

80<Н132

132 <Н225

225 < Н400

1,8 кем


Жөндеуден кейін жол берілетін

Жөндеуден кейін жол берілетін

Жөндеуден кейін жол берілетін

1,8-ден 2,8 дейін

Қанағаттандырарлық







2,8-ден 4,5 дейін

Жол берілетін

Қанағаттандырарлық




4,5-тен 7,1 дейін

Шекті рұқсат

Жол берілетін

Қанағаттандырарлық

7,1-ден 11,2-дейін

Жол берілмейтін

Шекті жол берілетін

Жол берілетін

11,2-ден 18,0 дейін




Жол берілмейтін

Шекті жол берілетін

18,0 жоғары







Жол берілмейтін

III топ-қатты, жоғары келісілген немесе ауыр іргетастарда орнатылған айналу элементтерімен ғана қуаттылығы 300 кВт жоғары қуатты машиналар.

IV топ-төмен келісілген іргетастарда орнатылған айналу элементтерімен ғана қуаттылығы 300 кВт жоғары қуатты машиналар.

Есеп бойынша диаметрі 3 метрге дейін желдеткіштер IV топқа жатады, ал диаметрі 3 метрден жоғары желдеткіштер III топқа жатады.

Егер тіреуіштерде діріл қарқындылығын құрайтын тіктігі және көлденеңдігі 1,8 мм/с аспаса, ал компонент діңдігі 2,8 мм/с (техникалық жағдайды бағалау «жақсы») аспаса монтаждан және жөндеуден НЖЖ қабылдауға жол беріледі. Құраушылардың 2-ден 10 Гц дейін жиілік диапазонында болуы кезінде радиал тербелістерінің шегі 0,65 мм-ден артпайды, ал діңдік 0,1 мм-ден аспайды.

НЖЖ ұзақ пайдалану мойынтіректік тіреу діріл қарқындылығының радиалды құрау мөлшері 4,5 мм/с, ал діңдік 7,1 мм/с аспайтын кезде жол беріледі (техникалық жағдай деңгейінің бағасы «қанағаттандырарлық»). Құраушылардың 2-ден 10 Гц дейін жиілік диапазонында болуы кезінде ұзақ пайдалану радиалдық тербеліс шегінің мөлшері 0,1 мм, ал діңдігі 0,25 мм аспайтын болса жол беріледі.

Мойынтіректік түйіннің біреуінің діріл қарқындылығын қарқынды радиалды құрау 7,1 мм/с, ал діңдік 11,2 мм/с (техникалық жағдай деңгейінің бағасы «жол берілетін») болған кезде НЖЖ ұзақ жұмыс істеуіне жол берілмейді. Радиалды тербеліс шегін шектеу мөлшері 0,25 мм, ал діңдік мөлшері 0,40 мм қосымша шарт болып табылады. Осы нормативті көрсеткіштен асқан кезде жоғары діріл себептерін жою мақсатында жөндеу жұмыстары үшін НЖЖ тоқтату жоспарланады.

Мойынтіректік түйіннің біреуінің діріл қарқындылығын қарқынды радиалды құрауы 11,2 мм/с, ал діңдігі 18 мм/с (техникалық жағдай деңгейінің бағасы «жол берілмейтін») жоғары болса НЖЖ жұмыс істеуіне жол берілмейді. Құраушылардың төмен жиілік кезінде (2-10 Гц диапазонында) радиалды тербеліс шегінің мөлшері 0,40 мм, ал діңдік 0,63 мм болса пайдалануға жол берілмейді.

31. Діріл жүктеуі спектрінде бөлек гармониканың жол берілетін деңгейі.

Механикалық тербелісті кең жолақты өлшеу кезінде діріл (10-1000 Гц) қарқындылық деңгейінің шектеуіштерімен бірге аналогия бойынша әртүрлі ақаулардан жабдықтардың авариялық бас тартудың туындау қауіптілігінің әртүрлі деңгейімен байланысатын бөлек спектрлік компоненттерге шектеулер енгізіледі. Осындай спектрлі шектеулер тіреу спектрлік маскалар деп аталады (3-сурет).

Тіреу спектрлік маскаларына екі шекара-«ескерту» және «дабыл» енгізіледі.


Жылдамдығы-0,000 айн/мин; жүктеме-0,00 кВт
3-сурет. Тіреу спектрлік маскалары

Ротор айналымы жиілігінде құралатындар үшін «ескерту» шекарасы әрбір машина топтарына арналған «жол берілетін» класының төменгі шекарасына сәйкес, ал «дабыл» шекарасы «ескерту» шекарасының өлшемдерін 1,6 көбейтумен құралғандар үшін енгізіледі. Субгармоник және обертондар үшін «ескерту» және «дабыл» шекаралары маска шекараларынан ротор айналу жиілігіне үлеспен енгізіледі (4-сұлба), ал шекара діріл қарқындылығының жалпы деңгейі үшін тіреу спектрлік маскаларының барлық компоненттер орта квадраттық көрсеткіш (бұдан әрі-ОКК) сияқты анықталады.

4-кестеде көрсетілгендей механикалық тербеліс қарқындылығының жалпы деңгейіне арналған «дабыл» шекарасын жөндеу үшін НЖЖҚ тоқтату туралы шешімдерді қабылдауға көп емес уақыт қорын қалдырады.

4-кесте
Спектрлі құрайтын механикалық тербелістерді қауіптілік дәрежесін бағалауға арналған тіреу маскалары



Спектрлік

Машина тобы

компоненттер

II (, мм/с)

III (, мм/с)

IV (, мм/с)




Ескерту

Дабыл

Ескерту

Дабыл

Ескерту

Дабыл

Жалпы деңгей

3,6

6,5

5,8

10,3

9,2

16,4

Субгармониктер

1,1

2,3

1,8

3,6

2,8

5,7



2,8

4,5

4,5

7,2

7,1

11,4

(2-3)

1,7

3,4

2,7

5,4

4,3

8,6

>3

1,1

2,3

1,8

3,6

2,8

5,7

Тіреу спектрлік маскасының төменгі шегі («ескерту» шекарасы) ескерілетін динамикалық диапазонының шекарасын анықтайды. Осы шектерден төмен спектрлік құрайтындардың амплитуда өзгерістері қауіпті салдар тудырмайды.



5-параграф. Діріл бақылау жүргізу мерзімділігі

және тенденциялық талдау
Мерзімділік бақылау кезінде діріл деңгейін өлшеу нәтижелері НЖЖ діріл қарқындылығын бақылау журналына енгізіледі (3-қосымша).

НЖЖ діріл қарқындылығын бағалау кезінде «жақсы» діріл бақылау мерзімділігі екі жылда бір ретке белгіленеді, НЖЖ тексеру және реттеу жүргізумен қатар қолданылады.

НЖЖ діріл қарқындылығын бағалау кезінде «қанағаттандырарлық» діріл бақылау мерзімділігі жылына бір рет белгіленеді.

НЖЖ діріл қарқындылығын бағалау кезінде «жол берілетін» діріл бақылау мерзімділігі НЖЖ техникалық жағдайын жобалау және талдау үшін діріл жүктеуі деңгейінің уақытша өзгерісі мәліметтерін алу мақсатында діріл бақылаудың операторы белгілейді.

«Жол берілетін» бағасының жоғарғы шекарасына жететін НЖЖ діріл қарқындылығы кезінде, діріл жүктеуліктің жоғары деңгейінің пайда болу мүмкіндік себептерін анықтайтын уақытша және спектрлік сипаттарды өлшеумен діріл сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Егер спектрлік компоненттердің біреуі немесе діріл жүктеулігінің жалпы деңгейі тіреу спектрлік маскасының «дабыл» шекарасына жетсе, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін НЖЖ тоқтату жоспарланады.

Діріл сараптамалық зерттеулер НЖЖ күрделі жөндеу алдында (жөндеу жұмыстарының қажетті және мүмкін көлемді анықтау үшін) және аяқталған соң (орындалған жұмыстың сапасын анықтау және анық тіреу спектрлік сипаттарды алу үшін) жүргізіледі.



6-параграф. Діріл параметрлері бойынша НЖЖҚ техникалық жағдайын бағалау
НЖЖҚ діріл сараптамалық зерттеулер нәтижелері бойынша діріл қарқындылық деңгейін жоғарылатуға әкелетін, мүмкін болатын ақауларды көрсетумен («жол берілетін» және «жол берілмейтін» техникалық жағдай бағалау кезінде) техникалық жағдай бағасы бар қорытынды беріледі.

Бағалау келесі техникалық жағдайға сәйкестендірілген:

«жақсы» желдеткіш түйін жинағы орнықты, ұзақ пайдалану кезінде ақаулардың пайда болуы минималды (Vэф<1,8 мм/с, Sa<0,04 мм);

«қанағаттандырарлық» түйіндерді жинау жөндеу аралық жүгірісі кезінде пайдалану ақауларының пайда болу мүмкіндігін минималды қамтамасыз етеді (1,8 мм/с < Vэф< 4,5 мм/с, 0,04 мм < Sa< 0,1 мм);

«жол берілетін» мерзімінен бұрын түйіннің қатардан шығуының жоғары мүмкіндігі, желдеткіш қондырғысы жөндеуді талап етеді, механикалық тербелістің жоғарғы деңгейі (4,5 мм/с< Vэф<11,2 мм/с, 0,1мм < Sa< 0,25 мм);

«жол берілмейтін» алдағы уақытта пайдалану НЖЖ авариялық тоқтап қалуға әкелуі мүмкін (Vэф>11,2 мм/с, Sa>0,25 мм).

Қорытындыда көрсетіледі:

өлшеу күні, өлшеу жүргізген тұлғалардың аты-жөні, ұйым атауы;

жұмыс нүктелерін анықтау үшін қажет өлшеулерді (өнімділік, жұмыс дөңгелегі алдында статикалық қысым, қолданылатын қуаттылық, жетек қозғалтқыш ротор айналым жиілігі) жүргізу кезіндегі НЖЖ жұмыс параметрлері;

бақылау нүктелерінің сұлбасы;

өлшеу кезінде алынған мойынтіректік тірек дірілінің қарқындылық көрсеткіші;

пайдаланылған аппараттық және бағдарлама құрылғылары туралы мәліметтер.



7-параграф. Діріл бақылау операторларына қойылатын талаптар
Діріл бақылау операторлары белгіленген тәртіпте оқытылған және аттестациядан өткен.
2-тарау. НЖЖҚ элементтерін ақаукөргіш бойынша жұмыс жүргізу дайындығына қойылатын техникалық талаптар

1-параграф. Жалпы талаптар
Дайындық жұмыстары шахтаның бас механигімен бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.

Бақылауға берілген бөлшектер шаңнан және ластан тазаланған. Бақылау зонасында бөлшектердің үстіңгі жақтары осы Әдістемелік ұсынымның талаптарына сәйкес кедір-бұдырға дейін қорғалған. Бақылау үлгісінің үстіңгі бетімен салыстыру жолы арқылы көзбен бағаланады.

Көзбен шолу бақылау кезінде бақыланатын үстіңгі беттерінің жарықтығы ақауларды дұрыс анықтауға жеткілікті, бірақ кез келген жағдайда 300 лк кем.

Ақаукөргіш аппарат 220 В кернеуліктегі электр қоректендірумен қамтамасыз етілген.

Ақаукөргіш номиналынан желіде тербеліс кернеулігі ±5 % кезінде тұрақтандырғыш арқылы қосылады.

2-параграф. Бақылау аппараты
НЖЖҚ металл жабдықтарының тегістігін бақылау үшін ДУК-66ПМ, УД-11ПУ, УД2-12 типті сериялық, ультрадыбысты ақаукөргіштер қолданылады. Егер басқа типті ақаукөргіштердің техникалық сипаты жоғарыда көрсетілген ақаукөргіштер сипатына сәйкес келсе, оларды қолдануға жол беріледі.

Желдеткіш металл элементтерінің қалыңдығын анықтау үшін УТ-93П, «Кварц-15», УТ-91-П типіндегі ультрадыбысты қалыңдық өлшеуіштер қолданылады.



3-параграф. Қауіпсіздік талаптары
Кез келген ақаукөргішті қосу алдында ол жерге тұйықталады. Жерге тұйықталу тоқ өткізгіш боп қызмет етпейтін бөлек желі (1,5 мм2 кем емес жез өткізгіш кесігі) арқылы іске асырылады. Тікелей электр қабылдағыштың жанындағы нөлдік өткізгішті осы мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

Электр желіге ақау көрсеткішті қосу және айыру оперативті тұлға арқылы іске асырылады. Ультрадыбысты бақылау (бұдан әрі-УДБ) аппаратын қолданумен желдеткіштің жұмыс тоғыны, айнала ағушы, ішкі қаптама жұмыстары кезінде қоректендіру кернеулігі 12 Вольттан кем емес.

Бақылауды іске асыру кезінде ұйымдарда барлық әрекеттер қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарға сәйкес орындалады.

УДБ бойынша жұмыстарға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткен тұлғалар жіберіледі. Нұсқаулықты жүргізу Нұсқаулық журналына жазылады.



3-тарау. Жауапты элементтер жағдайын және НЖЖҚ жабдықтарының бөлек түйіндерін зерттеу

1-параграф. Негізгі қағидалар
НЖЖҚ жабдықтарындағы жауапты элементтерінің жағдайын зерттеуге көзбен шолу бақылауы, желдеткіштің көзбен шолу оптикалық, ультрадыбысты ақаукөргіші мен бөлшектердің қалыңдық өлшегіші жатады.

Көзбен шолу бақылауына:

рамалардың дәнекерлеу тігістері, басқа металл құрылымдар және қаптамалар;

мойынтіректік түйіндер;

діңдік және сыртқа тебуші желдеткіштердің жұмыс дөңгелектері;

бағыттаушы және түзеуші аппараттардың күрекшелері;

сыртқа тебуші желдеткіштердің күрекшелері жатады.

Көзбен шолу бақылаулары қарусыз көзбен жүргізіледі. Бөлек ұсақ ақауларды танып айыру жеті есеге дейін үлкейтілетін лупалар арқылы жүргізіледі.

Ақаулардың болуын анықтау үшін бақылаудың капиллярлы немесе магнитті әдісін қолдану ұсынылады.

Ультрадыбысты көрсеткішке:

жұмыс дөңгелегінің білігі;

аралық білік;

желдеткіштердің анкерлі бұрандамалары;

жұмыс дөңгелектерінің күрекшелері жатады.

Ультрадыбысты қалыңдық өлшеуіштер сыртқа тебу желдеткіштерінің жұмыс дөңгелектері күрекшелері жатады.

2-параграф. Сырғанау мойынтіректері мен аралық білігі бар жұмыс дөңгелегі білігіне ультрадыбысты бақылау
Білікке бақылау жүргізер алдында келесі дайындық жұмыстары жүргізіледі. Аралық білікке қайтадан монтаж жүргізіледі, тіреуішке орналастырылады. Электр қозғалтқыштан әрі жұмыс дөңгелегінің білігі жағынан мойынтіректің артқы қақпағы алынады. Біліктің артқы жағы металл қылшақпен, содан кейін Rz 40 кедір-бұдырға дейін егеуқұм қағазымен қорғалады.

Біліктерді бақылау 2,5 МГц жиілігінде жүргізіледі. 260 мм көп қалыңдықтың дыбыстауы кезінде 1,8 МГц жиілігі ұсынылады.

Бақылау үшін қалыпты пьезоэлектрлік өңдегіш (бұдан әрі-ПЭӨ) қолданылады. Іздеушілер 4 және 6 енгізу бұрышы бар саптамалармен толықтырылады.

Ақаукөргішті ретке келтіру ұзындығы 1000 мм және 60-100 мм цилиндр түрінде сынау үлгісінде жүргізіледі, жасанды ақаулары бар алаңдар:

7 мм2-100 м қашықтықта;

50 мм2-400 м қашықтықта;

80 мм2-700 м қашықтықта.

Ақаукөргіштің және ПЭӨ бақыланатын параметрлерін анықтау үшін N 1, 2, 3 стандартты үлгілері қолданылады.

CO N 1 көмегімен орнатылған сезгіштікті аспап сезгіштігін реттеу үшін алдағы уақытта қызмет ететін шартты сезгіштікке ауыстырады.

Бақылау ПЭӨ пьезопластин диаметрі 0,5 артық емес сканирлеу адымымен 5-10 мм радиус бойынша оның шетінен алып тастау арқылы біліктің артқы жағының периметрі бойынша ПЭӨ бірте-бірте қоршау жолымен іске асырылады. Сканирлеу жылдамдығы 50-150 мм/с шегінде.

Біліктің дыбыстау сұлбасы 4 және 5-суретте көрсетілген.

Жол берілмейтін ақаулар үстіңгі бетке шығатын көлденең және иілген жарықтар болып табылады.

Анықталған ақауларды (жарықтарды қоспағанда) жойғаннан кейін бөлшекті алдағы уақытта пайдалану мәселесі өлшем, форма және ақаудың орналасу мәліметтері негізінде сараптамалық техникалық комиссиямен шешіледі.

3-параграф. Сырғу мойынтіректері бар біліктер ақаукөргіші
Сырғу мойынтіректері бар негізгі желдету шахталық желдеткіштердің жұмыс дөңгелегі біліктері мойынтіректік мойындары мен білік галтелдері байланысатын орындарда ақаукөргіштерге ұшыратылады.

Біліктер мойындарының галтелдеріне бақылау капиллярлық ақаукөргіш (түрлі түсті вариант) әдісімен жүргізіледі.

Жол берілмейтін ақаулар болып өту зонасында металдың шаршағандығын көрсететін галтелдердегі көлденең жарықтар болып табылады.

4-параграф. Анкерлі бұрандамалар ақаукөргіші
Бақылау 5 МГц жұмыс жиілігімен стандартты тікелей өңдегішті қолдану арқылы ультрадыбысты әдіспен жүргізіледі.

Дыбыстау анкерлі бұрандамалардың артқы жағынан бойлық толқындармен жүргізіледі.

Ақаукөргіштің айналу жылдамдығын және сезгіштігін реттеу бұранданың ұзындығына тең қашықтықта артқы жақтан түсірілген ені 1,5 мм көп емес, тереңдігі 2 мм кесік (кертік) типіндегі жасанды ақаумен анкерлі бұрандама болып табылатын арнайы бақылау үлгісінде жүргізіледі.

4-сурет. Жұмыс дөңгелегі білігінің дыбыстау сұлбасы


5-сурет. Аралық біліктің дыбыстау сұлбасы
Егер бақыланатын анкерлі бұрандамадағы ақаудың белгі беру амплитудасы тең немесе бақылау үлгісіндегі жасанды ақаудың белгі беру амплитудасы жоғары болса бұрандама бракка шығарылған болады.

5-параграф. Сыртқа тебу желдеткіштерінің күрекше қаптауының ультрадыбысты қалыңдық өлшеуіші
Сыртқа тебу желдеткішінің жұмыс дөңгелектеріндегі күрекше қаптауының абразивті тозу мөлшері осы Әдістемелік ұсынымдарда ультрадыбысты қалыңдық өлшеумен бақыланады.

Бақылау әрбір нүктеде үш өлшем жүргізу арқылы үш нүктеде сыртқы және ішкі жақтарынан әрбір күрекшеде іске асырылады (6-сурет).

Әр күрекшенің қаптау қалыңдығының тозу мөлшері барлық өлшемдердің қалыңдығының бастапқы және орта арифметика аралық айырмашылықтарымен анықталады.

4-тарау. НЖЖҚ электр жабдықтарының техникалық жағдайын бағалау және зерттеу
Зерттеу жүргізу тәртібі:

орнатылған жабдықтарға, аппараттарға, жобалық (құрылымдық) құжаттардың басқару сұлбаларына сәйкестігін тексеру;

тексеру және реттеу бойынша есеп беру құжаттарын талдау;

Жұмыс өндірісі жобасын (бұдан әрі-ЖӨЖ) жүзеге асырылуын тіркейтін журнал негізінде жоспарлық байқау және жөндеу бойынша жұмыстардың орындалғанын тексеру;

1000 Вольттан жоғары кернеулікпен тарату құрылғыларының, 1000 Вольтқа дейін кернеулікпен тарату құрылғыларының, электр машиналарының, басқару, қорғаныс және бақылау аппараттарының, басқару, қорғаныс және бақылау сұлбаларының, дистанциялық автоматтық басқару аппараттары мен сұлбаларының жұмыс істеу дұрыстығын тексеру.

Көрсетілген тексеріс соның ішінде жұмыс істеу агрегатынан резервке өту жолымен жүргізіледі.




6-сурет. Сыртқа тебу желдеткішінің күрекшесін бақылау сұлбасы
Т, Т, Т- күрекшенің сыртқы жағынан бақылау нүктелері;

Т, Т, Т-күрекшенің ішкі жағынан бақылау нүктелері;
Қосу жүйелеу аппараттары, жұмыс тәртібі аппараттары, бақылау, дистанциялық автоматтық басқару, қорғаныс, тарату құрылғыларының жұмысы тоқтап қалғандығы анықталған кезде НЖЖҚ қызмет көрсетуші тұлғалар арқылы қажетті жөндеу жүргізіледі, жөндеу аяқталған соң функционалды жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру үшін жөнделген түйінге қайтадан сынау жүргізіледі.

Зерттеу нәтижесі бойынша техникалық есеп беруде көрсетілген электр жабдықтардың жағдайына баға беріледі.



5-тарау. Құрылыс құрылымдарының техникалық жағдайын бағалау және зерттеу
Егер алдын ала байқау кезінде темір бетонды құрылымдары мен НЖЖҚ іргетастарының бүтіндігінің бұзылғандығы мен «Ротор-іргетас» жүйесінің діріл сипаты бұзылғандығы анықталған кезде темір бетонды құрылымдары мен НЖЖҚ іргетастарын зерттеуді аттестацияланған ұйымдардың мамандары жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет