Негізгі өндірістік қорлар



жүктеу 278.19 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі278.19 Kb.
Негізгі өндірістік қорлар
1 Ақшалай түрде айқындалатын еңбек заттары мен құралдары қалай аталады:

А. капитал

В. өндірістік қорлар

С. еңбек құралдары

D. негізгі өндірістік қорлар

Е. айналым қорлары

2 Төменде берілгеннің қайсысы НӨҚ активті бөлігіне жатпайды?

А. ғимараттар

В. машиналар мен жабдықтар

С. тасымалдау құрылғылары

D. есептеу техникасы

Е. транспорттық құралдар

3 Амортизациялық төлемдерді анықтау формуласын көрсету.

А. А = Қо.ж.*100/На

В. А = Қо.ж. - На/100

С. А = Қо.ж.*На/100

D. А = На - Қо.ж./100

Е. А = В*На - Қо.ж.

4 Тауарлық өнімді НӨҚ құнына бөлу арқылы нені табуға болады

А. қор сыйымдылығын

В. қор рентабельділігін

С. еңбек өнімділігін

D. қор қайтарылымдылығын

Е. пайда.

5 Құрал-жабдықтың уақытта пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіш:

А. интенсивтілік коэффициенті

В. экстенсивтілік коэффициенті

С. интегральды коэффициент

D. жарамдылық коэффициенті

Е. тозу коэффициенті

6 Қо.ж./Ж, формуласы арқылы нені табуға болады, мұндағы Қо.ж. - НӨҚ орташа жылдық құны; Ж - жұмыскерлердің орташа тізімдік саны?

А. қор қаруландырылу деңгейін

В. қор рентабельділігін

С. негізгі қорлардың орташа жылдық құнын

D. амортизация нормасын

Е. техникалық қаруландыру деңгейін

7 Кинт = Кэ*Ки. Бұл?

А. интегральный коэффициент

В. интенсивтілік коэффициенті

С. экстенсивтілік коэффициенті

D. интерполяция коэффициенті

Е. интуиция коэффициенті

8 НӨҚ қалпына келтірудің бұл түрі цех аудандарын немесе жабдық санын өсірумен сипатталады:

А. жаңа құрылыс

В. өндірісті кеңейту

С. техникалық қайта қаруландыру

D. қайта құру (реконструкция)

Е. жөндеу.

9 Төменде берілгеннің қайсысы НӨҚ құрамына кіреді.

А. клуб


В. демалыс үйі

С. технологиялық жабдық

D. медпункт

Е. медпункт жабдығы

10 Өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысатын, өзінің натуралдық формасын сақтайтын, ал өзінің құнын дайын өнім құнына біртіндеп бөлшектеп түсіретін өндірістік қорлардың бір бөлігі қалай аталады:

А. өндірістік қорлар

В. негізгі өндірістік қорлар

С. айналым қорлары

D. айналыс қорлары

Е. өндірістік емес қорлар

11 НӨҚ орташа жылдық құнын тауарлы өнімге бөлгенде қандай көрсеткіш табылады?

А. қор сыйымдылығы

В. қор қайтарылымдылығы

С. қор рентабельділігі

D. техникалық қаруландыру деңгейі

Е. материал сыйымдылығы

12 Жабдықты өнімділігіне қарай пайдалануды қандай көрсеткіш сипаттайды.

А. өсім коэффициенті

В. экстенсивтілік коэффициенті

С. интенсивтілік коэффициенті

D. жаңару коэффициенті

Е. жарамдылық коэффициенті

13 НӨҚ тозу түрлерін атаңыз.

А. натуральды, ақшалай

В. ақшалай, моральды

С. табиғи, моральды

D. табиғи, ақшалай

Е. натуральды, табиғи

14 Өндірістің жеке учаскелерінің техникалық деңгейін (жабдықтарды жаңаға ауыстыру) қазіргі замандық деңгейге өсіру процесін қалай атайды.

А. күрделі құрылыс

В. қайта құру (реконструкция)

С. техникалық қайта қаруландыру

D. кәсіпорындарды кеңейту

Е. модернизация

15 Амортизация нормасы қандай формула арқылы табылады? Қб - НӨҚ бастапқы құны; Қж - НӨҚ жойылу құны; Тн - НӨҚ қызмет етудің нормативтік мерзімі (амортизациялық мерзім):

A. На = (Қб + Қж)/(Қб*Тн) *100

B. На = (Қб - Қж)/ (Қб*Тн) *100

C. На = Қб / (Қж*Тн) *100

D. На = Қж / Қб*Тн

E. На = (Қб - Қж)/Тн * 100.

16 Жабдықтың техникалы-экономикалық көрсеткіштерін қазіргі заманғы жабдықтардың деңгейіне сәйкес болатындай етіп жаңарту жұмыстары қалай аталады?

А. модернизация

В. техникалық қайта қаруландыру

С. реконструкция (қайта құру)

D. күрделі құрылыс

Е. жөндеу

17 Қалпына келтірудің бұл түрі кәсіпорындағы жабдықтардың тұрған орындарын ауыстырумен, жеке аудандардың өзгеруімен және кеңеюімен байланысты болады:

А. жаңа құрылыс

В. қайта құру (реконструкция)

С. кәсіпорынды кеңейту

D. техникалық қайта қаруландыру

Е. жөндеу

18 Төменде берілгеннің қайсысы НӨҚ жатады?

А. цех ғимараты

В. демалыс үйі

С. клуб


D. кеңсе бұйымдары

Е. шикізат

19 Қалпына келтірудің бұл түрі жабдығы бар жаңа цех іске қосумен байланысты болады?

А. жаңа құрылыс

В. қайта құру (реконструкция)

С. кәсіпорынды кеңейту

D. техникалық қайта қаруландыру

Е. жөндеу

20 Қалпына келтірудің бұл түрі НӨҚ физикалық тозуын жою шаралар кешенімен байланысты болады...

А. жаңа құрылыс

В. қайта құру (реконструкция)

С. кәсіпорынды кеңейту

D. техникалық қайта қаруландыру

Е. жөндеу

21 Негізгі қорлардың бастапқы құны мен жиналған амортизация сомасы арасындағы айырма қалай аталады?

А. ағымдағы құн;

В. жою құны;

С. баланстық құны;

D. өткізу құны;

Е. қалпына келтіру құны.

22 Жабдықты сатып алуға, жобалық-зерттеу және құрылыс-монтаж жұмыстарына кеткен шығындардың жиынтығы...

А. кәсіпорын капиталы;

В. айналым капиталы;

С. негізгі қорлар;

D. кәсіпорын шығындары;

Е. күрделі салымдар

1 Тауарлы өнім 2000 мың теңге, НӨҚ орта жылдық құны- 1000 мың теңге. Қор қайтарымдылығын табыңыз:

А. 0,5 теңге

В. 2,0 теңге

С. 4,0 теңге

D. 30,0 мың теңге

Е. 0,2 теңге

2 Амортизация нормасы 10 процент, тауарлы өнім 200 мың теңге, қор қайтарымдылығы 5 теңге , амортизациялық төлемдерді табыңыз.

А. 8 мың теңге

В. 20 мың теңге

С. 4 мың теңге

D. 10 мың теңге

Е. 1 мың теңге

3 Жабдық жыл бойы ішінде 350 смена жұмыс істеді, жоспарлы смена саны-450. Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициентін табыңыз...

А. 0,97


В. 0,54

С. 0,68


D. 0,59

Е. 0,78


4 НӨҚ орташа жылдық құны - 20 мың теңге, қор сыйымдылығы 0,7 болса, қор қайтарылымдылығын табыңыз

А. 0,699 теңге

В. 28,6 мың теңге

С. 1,79 теңге

D. 1,43 теңге

Е. 6,99 теңге

5 Амортизациялық төлемдер - 20 мың теңге, тауарлық өнім 800 мың теңге, қор қайтарылымдылығы - 8 теңге. Амортизация нормасын табыңыз (процентпен)?

А. 20


В. 10

С. 5


D. 12

Е. 8


6 НӨҚ орташа жылдық құны 370 мың теңге, жұмыскерлер саны - 25 адам болса, қорлармен қаруландыру деңгейі нешеге тең болады:

А. 12 мың теңге

В. 14,8 мың теңге

С. 14,8 теңге

D. 17,2 теңге

Е. 15,1 теңге.

7 Машинаның жоспар бойынша өнім өңдіру көлемі - 1000 дана сменасына. Іс жүзінде сменасына 800 дана өнім шығарса осы машинаны интенсивті пайдалану коэффициенті нешеге тең болады...

А. 1,25


В. 0,25

С. 12,5


D. 0,78

Е. 0,8


8 Жабдық уақытқа қарай 70 процентке, ал өнімділігіне қарай 50 процентке қолданылса, интегральный коэффициент нешеге тең?

А. 0,35


В. 0,7

С. 0,5


D. 0,95

Е. 1,0


9 Амортизация нормасы – 10 %, бастапқы құны – 210 мың теңге, қызмет ету мерзімі– 8 жыл.

A. 0,9


B. 0,5

C. 0,8


D. 1,0

E. 0,7


10 НӨҚ орташа жылдық құны - 820 мың теңге, кәсіпорын пайдасы - 164 мың теңге. Қор рентабельділігін табу (процентпен).

А. 0,2


В. 22

С. 20


D. 2,0

Е. 5,0


11 НӨҚ жыл басындағы құны 3200 мың теңге құрады, наурыз айында 900 мың теңгеге эабдық алынды, қараша айында 312 мың теңгеге транспорт өндірістен шығарылды. НӨҚ орташа жылдық құнын табу?

A. 3849 мың тенге

B. 3949 мың тенге

C. 7200 мың тенге

D. 3788 мың тенге

E. 3828 мың тенге

12 Еңбек өнімділігі - 150 мың теңге бір жұмыскерге. Жұмыскер саны - 600 адам. НӨҚ құны - 35000 мың теңге. Қор қайтарылымдылығын табу:


  1. 3,21

  2. 2,57

  3. 0,38

  4. 0,31

  5. 2,88.

Айналым қаржылары

1

Әр өндірістік циклде, еңбек процесі барысында заттық элементтері шығындалатын және құнын шығарылатын өнімге толық және бірден түсіретін өндірістік қорлардың бір бөлігі қалай аталады:



А. айналым қаржысы

В. айналым өндірістік қорлары

С. айналыс қорлары

D. дайын өнім

Е. аяқталмаған өндіріс

2

Өндірістік запастар құрамына не кірмейді



А. шикізат және негізгі материалдар

В. отын және электроэнергия

С. арзан және тез тозатын заттар

D. болашақ мерзімдер шығындары

Е. көмекші материалдар

3

Айналым өндірістік қорлардың құрамына не жатпайды?



А. дайын өнім

В. өндірістік запастар

С. аяқталмаған өндіріс

D. өз өндірісінің жартылай фабрикаттары

Е. болашақ мерзімдердің шығындары

4

Айналыс қорларының құрамына не жатпайды



А. қоймадағы дайын өнім

В. тиелген тауарлар және жолға шыққан

С. ақша

D. өндірістік запастар

Е. дебиторлық қарыздылық

5

Төменде көрсетілгеннің қайсысы нормаланбайтын айналым қаржыларға жатады



А. шикізат және негізгі материалдар

В. отын


С. жөндеуге қажет запас бөлшектер

D. ақша


Е. қоймадағы дайын өнім

6

Өткізілген өнім көлемін айналым қаржысының орташа қалдықтарына бөлу арқылы не анықталады?



А. айналымдылық коэффициенті

В. бір айналымның ұзақтығы

С. айналым қаржысының пайдалылығы

D. айналыс қорларының айналымдылығы

Е. айналым қаржысының құрамы

7

Қалыптасу көзіне қарай айналым қаржылары неменеге бөлінеді:



А. несиелі

В. несиелі және өзіндік

С. өзіндік

D. нормаланатын

Е. өзіндік емес, іс жүзінде бар

8

Мш / Ө формуласымен не анықталады? Мш - материалдық қорлар; Ө - шығарылған өнім көлемі.



А. меншікті күрделі шығындар

В. меншікті құны

С. меншікті материал сыйымдылығы

D. қор сыйымдылығы

Е. қор қайтарылымдылығы

9

Зерттелетін мерзімдегі күндердің санын айналымдылық коэффициентке бөлгенде нені табуға болады?



А. айналым қаржылараның бір айналу ұзақтығын

В. өндіріс циклінің ұзақтығын

С. өндіріс уақытын

D. технологиялық процесс ұзақтығын

Е. үзілістер уақытын

10


Қор жабдықтаушыларымен есеп айырысу үшін қажет қаржы қалай аталады.

А. өндірістік запастар

В. дайын өнім

С. ақша


D. дебиторлық қарыздылық

Е. аяқталмаған өндіріс

11

Қандай көрсеткіш айналым қаржыларының өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынын сипаттайды...



А. айналымдылық коэффициенті

В. айналым қаржыларының айналу ұзақтығы

С. айналым қаржыларының табыстылығы

D. материал сыйымдылығы

Е. айналым қаржыларын тиеу коэффициенті

12


Барлық технологиялық стадиялардан өткен, сапалық көрсеткіштері талаптарға сай және өткізілуге арналған заттар. Бұл:

А. өндірістік запастар

В. дайын өнім

С. ақша


D. дебиторлық қарыздылық

Е. аяқталмаған өндіріс

13

Төменде берілгеннің қайсысы айналым қаржыларын қалыптастыру көздеріне жатпайды?



А. инвестициялар

В. банк несиелері

С. пайда

D. акционерлік капитал

Е. жарғылық капитал

14


Бір өндірістік циклде толығымен жұмсалатын және олардың құны дайын өнім құнына түсірілетін өндірістік құралдардың бөлігін қалай атаймыз

А. дайын өнім

В. негізгі өндірістік қорлар

С. ғимараттар

D. айналым қаржысы

Е. персонал

15

Өндіріске кірген, бірақ белгілі бір уақыт ішінде табиғи процестерде жатқан еңбек заттарын қалай атаймыз...



А. өндірістік запастар

В. дайын өнім

С. ақша

D. дебиторлық қарыздылық



Е. аяқталмаған өндіріс

16


Қандай көрсеткіш айналым қаржыларының айналымдылық коэффициентіне кері шама болады...

А. интенсивтілік коэффициенті

В. экстенсивтілік коэффициенті

С. ағындылық коэффициенті

D. айналым қаржыларының айналу саны

Е. тиеу коэффициенті.

17

Шикізаттағы және материалдардағы қажеттілік қалай анықталады:



А. жыл ішінде шикізат пен материалдардың ақшалай бірліктермен саналған шығынын мерзім ұзақтығына бөлу арқылы;

В. шикізат пен материалдардың ақшалай бірліктермен саналған біркүндік шығынын шикізат пен материалдардың запас нормасына көбейту арқылы;

С. ағымдағы, сақтық және дайындық запастардың қосындысы арқылы;

D. шикізат пен материалдардың ақшалай бірліктермен саналған біркүндік шығынын өндірістік циклдың ұзақтығына көбейту арқылы;

Е. шикізат пен материалдардың натуралдық бірліктермен саналған біркүндік шығынын айналым қаржының айналу ұзақтығына көбейту арқылы.

18


Өткізілген өнімнің жылдық көлемі 8000 мың теңге, айналым қаржының орташа құны 500 мың теңге болса, айналым қаржының бір айналым ұзақтығын табыңыздар:

A. 2,25 күн

B. 22,5 күн

C. 18,5 күн

D. 13 күн

E. 16 күн

19

Тауарлық өнім 800 мың теңге, материал сыйымдылығы - 0,58. Материалдық шығындардың құнын табу?



А. 464 мың теңге

В. 1379,3 мың теңге

С. 13,8 мың теңге

D. 4,64 мың теңге

Е. 0,07 мың теңге

20


Өткізілген өнімнің жылдық көлемі - 840 мың теңге, айналым қаржысының құны - 42 мың теңге. Айналымдылық коэффициентін табу.

А. 0,05


В. 0,5

С. 20


D. 2

Е. 22


21

Өнімді өткізу көлемі - 20 млн.теңге. Айналым қаржыларының құны - 5 млн.теңге. Айналым қаржыларының айналу санын табу:

А. 5

В. 4


С. 100

D. 10


Е. 0,25

22


Егер 2004 жылы айналым қаржыларының құны 100 млн.теңге, ал 2005 жылы 95 млн.теңге құраса, айналым қаржыларының абсолютті үнемі нешеге тең болады?

А. 5 млн.теңге

В. -5 млн.теңге

С. 3 млн.теңге

D. 195 млн.теңге

Е. 0,05 млн.теңге

23

Бір айналымның ұзақтығы 15 күн, есепті мерзімнің ұзақтығы 90 күн болса, айналым қаржының айналымдылық коэффициентін табыңыз.



A. 0,6

B. 6,6


C. 6

D. 0,17


E. 0,66

24


Өткізілген өнімнің жылдық көлемі – 900 мың тенге, айналым қаржының құны– 50 мың тенге. Бір айналымның ұзақтығын табу.

А. 6480


В. 18

С. 20


D. 0,2

Е. 0,18.


25

Бір айналу ұзақтығы 30 күн. Айналым қаржыларының жыл ішіндегі айналымдылығын табу

А. 0,33

В. 30


С. 1

D. 12


Е. 6

26


Айналым қаржының құны 4 млн теңге, ал тауарлық өнімнің құны 5 млн.теңге болса, айналым қаржының тиеу коэффициенті нешеге тең болады?

А. 0,8;


В. 1,25;

С. 20;


D. 9;

Е. 0,45..

27

Материалдық шығындар құны 615 мың теңгеғ жалпы өнімнің құны 695 мың теңге болса, материал қайтарылымдылығы нешеге тең болады.



А. 0,885;

В. 80,0;


С. 1,13;

D. 113,0;

Е. 1,80.

Еңбектік қорлар және еңбек ақы

$$$ 1 С


Халықтың жұмысқа қабілетті, жұмыс істегісі келетін бір бөлігі жұмыс таба алмай, еңбектің резервті армиясы ретінде қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалай атайды.

А. еңбек мотивациясы

В. жұмыскерлердің аттестациясы

С. жұмыссыздық

D. бәсеке

Е. инфляция


$$$ 2 А

Арнайы білімдер мен іс жүзінде бар дағдылар деңгейімен анықталатын және орындалатын жұмыстың күрделілігін сипаттайтын ұғым?

А. жұмыс біліктілігі

В. мамандық

С. кәсіби мамандық

D. тарифтік разряд

Е. тарифтік ставка
$$$ 3 С

Өнім бірлігін өңдіруге жұмасалатын тірі еңбек шығындары дегеніміз не.

А. материал сыйымдылығы

В. қор сыйымдылығы

С. еңбек сіңіргіштік

D. еңбек қорларының жұмыс бастылығы

Е. кадрлар ағындылығы
$$$ 4 В

Жұмыссыздарға жұмыс табумен, бос жұмыс орындарды есебке алумен, жастарға кәсіби бағдар берумен, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақыны төлеумен, берілген мамандықтағы жұмыс күшіндегі қажеттілікті болжаумен айналысатын ұйымды қалай атайды:

А. тауар биржасы

В. еңбек биржасы

С. қор биржасы

D. бағалы қағаздар биржасы

Е. материалдық қорлар биржасы
$$$ 5 В

Жұмыс уақыт бірлігінде өңдірілетін өнім көлемі нені көрсетеді:

А. уақыт нормасы

В. өнім өңдіру нормасы

С. материал сыйымдылығы

D. еңбек сіңіргіштік

Е. тауарлық өнім
$$$ 6 В

Еңбек өнімділігінің шартты-натуральды көрсеткішінің өлшем бірлігін көрсетіңіз:

А. теңге

В. мшб (мың шартты банка)

С. тонна

D. литр


Е. килограмм.
$$$ 7 Е

Өнеркәсіптік - өндірістік персоналдың құрамына кімдер кіреді...

А. жұмысшылар, студенттер

В. қызметкерлер, ғалымдар

С. жұмысшылар, жұмыссыздар

D. жұмысшылар, ғалымдар

Е. жұмысшылар, қызметкерлер
$$$ 8 А

Кәсіпорындағы барлық жұмыскерлер қанша категорияға бөлінеді?

А. 2

В. 3


С. 4

D. 6


Е. 10
$$$ 9 В

Берілген мерзімде әртүрлі себептерге байланысты кәсіпорыннан шығарылған жұмыскерлер санын осы мерзім ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санына бөлгенде қандай көрсеткіш анықталады:

А. экстенсивтілік коэффициенті

В. кадрлар шығу коэффициенті

С. кадрлар өсімі коэффициенті

D. кадрлар тұрақтылығы коэффициенті

Е. кадрлар ағындылығы коэффициенті
$$$ 10 С

Төменде берілгеннің қайсысы өнеркәсіптік - өндірістік персоналға жатпайды.

А. технологиялық цех жұмысшылары

В. зауыт басқармасының жұмыскерлері

С. асхана қызметкерлері

D. жабдықтарды жөндеу цехының жұмысшылары

Е. бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика цехының қызметкерлері
$$$ 11 Е

Өндірістік және өндірістік емес өрістерде жұмыс істейтін жұмысқа қабілетті адамдардың жиынтығы қалай аталады...

А. жұмысшылар

В. қызметкерлер

С. өнеркәсіптік-өндірістік персонал

D. көмекші және негізгі персонал

Е. еңбек қорлары
$$$ 12 А

Есебке алушылар, кассирлер, іс жүргізушілер қандай категорияға жатады?

А. қарапайым қызметкерлер

В. жұмысшылар

С. жетекшілер

D. мамандар

Е. көмекші жұмысшылар
$$$ 13 В

Цех бастықтары қандай категорияға жатады:

А. мамандар

В. жетекшілер

С. қызметкерлер

D. жұмысшылар

Е. негізгі мамандар
$$$ 14 А

Цех мастерлері қандай категорияға жатқызылады?

А. жетекшілер

В. мамандар

С. қызметкерлер

D. көмекші мамандар

Е. негізгі жұмысшылар
$$$ 15 С

Өнімді шығарумен айналысатын адамдарды қандай категорияға жатқызады.

А. жетекшілер

В. мамандар

С. жұмысшылар

D. көмекші мамандар

Е. негізгі жетекшілер
$$$ 16 Е

Жетекшілердің, мамандардың және қызметкерлердің саны неменеге қарай анықталады...

А. негізгі жұмысшылар санына

В. жұмыстардың еңбек сіңіргіштігіне

С. қызмет көрсету нормасына

D. өнім өңдіру нормасына

Е. штаттық кестеге
$$$ 17 В

Инженер-экономист қандай категорияға жатады:

А. жетекшілер

В. мамандар

С. жұмысшылар

D. негізгі жұмысшылар

Е. өнеркәсіптік емес персонал
$$$ 18 А

Өңдірілген өнім көлемін жұмыскерлердің орташа тізімдік санына бөлу арқылы нені табамыз?

А. еңбек өнімділікті

В. еңбек сіңіргіштікті

С. материал сыйымдылығын

D. кадрлар ағындылығын

Е. кадрлар тұрақтылығын
$$$ 19 В

Кәсіпорынның жылу беру цехында жұмыс істейтін жұмысшы қандай категорияға жатқызылады:

А. негізгі жұмысшылар

В. көмекші жұмысшылар

С. қызметкерлер

D. мамандар

Е. жетекшілер
$$$ 20 D

Тауарлық өнімді өнеркәсіптік - өндірістік персонал санына бөлу арқылы еңбек өнімділігін анықтаудың қандай әдісі қолданылады

А. натуралдық

В. еңбектік

С. шартты-натуралды

D. ақшалай

Е. аралас
$$$ 21 В

Негізгі жабдықтарды жөндейтін слесарьларды қандай категорияға жатқызамыз:

А. негізгі жұмысшылар

В. көмекші жұмысшылар

С. мамандар

D. қызметкерлер

Е. жетекшілер
$$$ 22 В

Төменде берілгеннің қайсысы еңбек өнімділігін анықтау әдістеріне жатпайды:

А. натуралдық

В. табиғи

С. шартты-натуралды

D. еңбектік

Е. ақшалай
$$$ 23 Е

Төменде көрсетілген жұмысқа шықпау себептерінің қайсысы жоспарланбайды...

А. кезекті демалыстар

В. қосымша демалыстар

С. сырқатқа байланысты

D. бала тууға байланысты

Е. әкімшілік рұқсатымен
$$$ 24 Е

Фирманың іс жүргізушісі жұмыскерлердің қай категориясына жатады...

А. жетекшілер

В. мамандар

С. негізгі жұмысшылар

D. көмекші жұмысшылар

Е. қарапайым қызметкерлер
$$$ 25 Е

Фирманың клеркі жұмыскерлердің қай категориясына жатады...

А. жетекшілер

В. мамандар

С. негізгі жұмысшылар

D. көмекші жұмысшылар

Е. қарапайым қызметкерлер
$$$ 26 А

Жұмыскерлердің осы не басқа мамандықты немесе кәсіби мамандықты меңгеру дәрежесін қалай атайды?

А. біліктілік деңгейі

В. мамандық

С. кәсіби мамандық

D. тарифтік разряд

Е. кадрлық потенциал
$$$ 27 А

Фирманың бас инженері жұмыскерлердің қай категориясына жатады?

А. жетекшілер

В. мамандар

С. негізгі жұмысшылар

D. көмекші жұмысшылар

Е. қызметкерлер
$$$ 28 А

Күнтізбелі уақыт қоры мен номиналды уақыт қоры арасындағы айырма нені көрсетеді?

А. демалыс және мейрам күндердің санын

В. уақыттың нәтижелі қорын

С. жұмысқа шықпай қалған күндердің санын

D. кезекті демалыстар ұзақтығын

Е. жылда болатын смена санын
$$$ 29 В

Фирманың экономист - маркетолог жұмыскерлердің қай категориясына жатады:

А. жетекшілер

В. мамандар

С. негізгі жұмысшылар

D. көмекші жұмысшылар

Е. қызметкерлер
$$$ 30 D

Номиналды уақыт қоры мен жұмысқа шықпай қалған күндердің арасындағы айырма неменеге тең болады

А. демалыс пен мейрам күндердің санына

В. кезекті демалыстар ұзақытығына

С. жылда болатын смена санына

D. уақыттың нәтижелі қорына

Е. күнтізбелі уақыт қорына
$$$ 31 С

Кәсіпорындағы жұмыскерлердің 2 категориясын көрсетіңіз.

А. өнеркәсіптік-өндірістік персонал, жұмысшылар

В. қызметкерлер мен жұмысшылар

С. өнеркәсіптік емес ұйымдар персоналы мен өнеркәсіптік-өндірістік персонал

D. ғалымар мен жұмысшылар

Е. қызметкерлер мен ғалымдар
$$$ 32 A

Өз еркімен жұмыстан шыққан жұмысшылардың санын кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік санына бөлгенде не анықталады?


кадрлардың ағындылық коэффициенті

өнімнің еңбек сіңіргіштігі

қормен қарулану деңгейі

кадрлардың тұрақтылық коэффициенті

кадрлардың шығу коффициенті

$$$ 33 А


Уақыт бірлігі үшін төленетін ақы мөлшері қалай аталады?

А. тарифтік ставка

В. тарифтік сетка

С. уақыт нормасы

D. еңбек бағасы

Е. өнім өңдіру нормасы


$$$ 34 А

Жұмыс уақытының бірлігінде өңдірілетін өнім көлемі?

А. өнім өңдіру нормасы

В. еңбек сіңіргіштік

С. шығарылған өнім көлемі

D. материал сыйымдылығы

Е. қор сыйымдылығы
$$$ 35 В

Мерзімді еңбек ақы түрін қолданғанда еңбек ақысы неменеге қарай төленеді:

А. өңдірілген өнім көлеміне

В. жұмыс істеген уақыт ұзақтығына

С. көрсетілген қызмет көлеміне

D. лауазымдық айлыққа

Е. еңбек бағасына
$$$ 36 В

Еңбекті төлеудің қай формасына мынадай жүйелер тән болады: жай, прогрессивті, сыйлықты, аккордты, жанама:

А. мерзімді

В. кесімді

С. нақты

D. номинальды

Е. мерзімді-сыйлықты
$$$ 37 А

Стипендиялар қандай төлемдер түріне жатады?

А. әлеуметтік төлемдер

В. оқу үшін берілетін төлем

С. еңбек ақысы

D. сыйлықтарға

Е. айлық (оклад).

$$$ 38 А


Артық уақыт жұмыс істеген үшін төленетін ақы – бұл?

А. қосымша төлемдер

В. қосымша еңбек ақы

С. бір уақыттық ынталандырғыш төлем

D. айлық

Е. тарифтік ставка


$$$ 39 С

Еңбек бағасын өндіріс көлеміне көбейту арқылы нені табуға болады.

А. мерзімді

В. аккордты

С. кесімді

D. прогрессивті

Е. сыйлықты
$$$ 40 С

Сыйлықтар неменеге жатады.

А. қосымша еңбек ақыға

В. негізгі еңбек ақыға

С. қосымша төлемдерге

D. пайдаға

Е. тарифтік қорға
$$$ 41 А

Жұмыс сапасы жоғары болуын талап ететін тасқынды өндірістерде, конвейерлік желілерде еңбекті төлеудің қай формасы қолданылады?

А. мерзімді

В. кесімді

С. нақты

D. номинальды

Е. жанама
$$$ 42 Е

Берілген разрядтың тарифтік ставкасын бірінші разрядтың тарифтік ставкасына бөлгенде не анықталады...

А. тарифті-біліктілік жүйе

В. тарифтік разряд

С. еңбекті төлеудің формасы мен жүйесі

D. тарифтік сетка

Е. тарифтік коэффициент
$$$ 43 А

Тарифтік ставканы істеген уақыт көлеміне көбейту арқылы қандай еңбек ақы түрі табылады?

А. мерзімді

В. аккордты

С. кесімді

D. прогрессивті

Е. сыйлықты
$$$ 44 А

Кәсіпорын жұмыскерлеріне берілетін жәрдемақылар неменеге жатады?

А. қосымша еңбек ақыға

В. негізгі еңбек ақыға

С. қосымша төлемдерге

D. пайдаға

Е. тарифтік қорға
$$$ 45 В

Жұмыскер өзінің біліктілігін және жоғары өнімділікті еңбекке қабілетін көрсетуге еңбекті төлеудің қай формасы мүмкіндік жасайды:

А. мерзімді

В. кесімді

С. нақты

D. номинальды

Е. нәтижелі
$$$ 46 Е

Тарифтік жүйеге қанадй элементтер кіреді...

А. тарифтік ставкалар, уақыт нормасы

В. тарифтік сетка, айлықтар

С. уақыт нормасы, тарифтік сетка

D. айлықтар

Е. тарифтік ставкалар, тарифтік коэффициенттер
$$$ 47 В

Кезекті және қосымша демалыстарды төлеу - бұл:

А. қосымша төлемдер

В. қосымша еңбек ақы

С. бір уақыттық ынталандырғыш төлемдер

D. негізгі төлемдер

Е. көмекші төлемдер
$$$ 48 А

Кесімді еңбек ақы формасына неменеге қарай еңбекті төлеу тән?

А. өңдірілген өнім, көрсетілген қызмет көлеміне

В. істеген жұмыс уақытына

С. жұмысшылар санына

D. лауазымдық айлық мөлшеріне

Е. тарифтік ставкаға
$$$ 49 В

Қандай жүйе бойынша жұмысшының еңбегі нормаларды орындау шектерінде тікелей еңбек бағасына қарай төленсе, ал нормадан асыра орындағаны үшін жоғарылатылған еңбек бағасына қарай төленеді:

А. аккордты

В. кесімді-прогрессивті

С. кесімді жанама

D. жай мерзімді

Е. мерзімді-сыйлықты
$$$ 50 С

ЕБ*Ө , формуласы бойынша не табылады? ЕБ - еңбек бағасы; Ө - шығарылған өнім көлемі.

А. мерзімді еңбек ақы

В. кесімді-сыйлықты жүйе бойынша алынатын еңбек ақы

С. тура кесімді еңбек ақы

D. прогрессивті еңбек ақы

Е. жанама кесімді еңбек ақы
$$$ 51 А

Тарифтік ставканы уақыт нормасына көбейту арқылы не табылады?

А. еңбек бағасы

В. тарифтік коэффициент

С. тарифтік қор

D. қосымша еңбек ақы

Е. сыйлықтар
$$$ 52 С

Еңбекті төлеу формаларына не жатады.

А. аккордты

В. прогрессивті

С. мерзімді

D. жай мерзімді

Е. жай кесімді
$$$ 53 А

Төменде берілгеннің қайсысы еңбекті төлеу формаларына жатады?

А. кесімді

В. кесімді-сыйлықты

С. мерзімді-сыйлықты

D. жай мерзімді

Е. тура еңбек ақы
$$$ 54 В

Еңбекті төлеудің қай жүйесінде еңбек бағасы бүкіл жұмыс көлеміне белгіленеді және сыйлықтар жұмыстарды орындау мерзімдерін қысқарту үшін беріледі:

А. кесімді прогрессивті

В. аккордты

С. жанама кесімді

D. мерзімді -сыйлықты

Е. кесімді-сыйлықты
$$$ 55 А

Жұмыскерлердің әртүрлі топтарына және категорияларына уақыт бірлігі үшін төленетін ақының абсолютті мөлшері қалай аталады?

А. тарифтік ставка

В. еңбек бағасы

С. тура ставка

D. негізгі ставка

Е. сыйлық
$$$ 56 С

Төменде берілгеннің қайсысы мерзімді еңбек ақы формасының жүйелеріне жатады.

А. кесімді-сыйлықты

В. жанама мерзімді

С. мерзімді-сыйлықты

D. мерзімді прогрессивті

Е. мерзімді
$$$ 57 Е

Төменде берілгеннің қайсысы кесімді еңбек ақы формасының жүйелеріне жатады...

А. мерзімді-кесімді

В. негізгі кесімді

С. көмекші кесімді

D. қосымша төлемдер

Е. тура кесімді
$$$ 58 А

Еңбек сыйымдылығының өлшем бірлігі не?

А. норма-сағат

В. теңге

С. натуралдық

D. шартты натуралды

Е. адам
$$$ 59 B

Минимальды еңбек ақы мөлшерін кім белгілейді:

А. жұмысқа жалдаушы тұлға;

В. мемлекет;

С. жеке кәсіпорындарда – жұмысқа жалдаушы тұлға, мемлекеттік кәсіпорындарда – м.млекет;

D. жергілікті мемлекеттік билік органдары

Е. сәйкес министрліктер мен ведомствалар.
$$$ 60 E

Кез келген кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеуге қажет қаржы...

А. пайда арқылы құралады;

В. бюджет қаржысы арқылы құралады;

С. айналымнан тыс активтерден құралады;

D. жалпы табыс арқылы құралады

Е. кәсіпорын шығындарына кіреді
$$$ 61 E

Айлық есептеу көрсеткіші не үшін қолданылады...

А. кәсіпорын жұмыскерлерінің минимальды еңбек ақысын есептеу үшін;

В. кәсіпорын жұмыскерлерінің сый ақыларын есептеу үшін;

С. зиянды еңбек жағдайлары үшін тарифтік ставкларды есептеу үшін;

D. аудандық коэффициенттерді есептеу үшін;

Е. қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне әртүрлі жәрдемақыларды есептеу үшін.
$$$ 62 B

Әртүрлі топтарға және категорияларға кіретін жұмыскерлердің жұмыс уақыты бірлігіндегі еңбегін төлеудің абсолюттік мөлшерін қалай атайды:

А. тарифтік коэффициент;

В. тарифтік ставка;

С. тарифтік кесте;

D. жұмыскерлердің тарифтік разряды;

Е. жұмыстың тарифтік разряды
$$$ 63 A

Тура кесімді еңбек бағалары бойынша берілетін еңбек ақыдан және сандық және сапалық көрсеткіштерді орындау үшін берілетін сыйақылардан тұратын жалақы еңбекті төлеудің қай жүйесін айқындайды?

А. кесімді-сыйлықты

В. кесімді -прогрессивті;

С. жеке;

D. мерзімді-сыйлықты;

Е. аккордты.
$$$ 64 B

Қазхақстандағы әлеуметтік салық ставкасы нешеге тең:

А. 10%;

В. 21 %;


С. 26%;

D. 30%;


Е. ешқайсысы дұрыс емес.
$$$ 65 A

Еңбек ақы қоры – бұл?

А. белгілі бір мерзім ішінде кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу үшін құралатын ақша қорларының жалпы сомасы;

В. жұмыс көлемдерінің барлық жұмыскерлердің кесімді еңбек бағаларына көбейтіндісі;

С. сағаттық еңбек ақының жалпы қоры мен заң бойынша орташа жалақы сақталанатын сағаттар үшін қосымша төлемдердің қосындысы;

D. тура еңбек ақы;

Е. ешқайсысы дұрыс емес.
$$$ 66 B

Нарықтық қарым-қатынастар жағдайларында кәсіпорында:

А. зауыттық тарифтік ставкалар құрастырылады;

В. еңбекті төлеудің формалары мен жүйелері белгіленеді;

С. бөлімшелер арасында еңбек ақы қорлары бөлінеді;

D. айлық жалақылар белгіленеді;

Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 67 C


Ұжымды келісім шартта не жөнінде арнайы бөлім кіргізіледі.

А. келісімнің іс-әрекет ету мерзімі жөнінде;

В. орындалуына қадағалау жүргізу реті жөнінде;

С. келісімнің шарттарын орындамауға байланысты жауапкершілік жөнінде;

D. сыйақылар беру жөнінде;

Е. дұрыс жауап жоқ


$$$ 68 A

Нормадан артық жұмыс істеу уақыты үшін берілетін жалақы?

А. 1,5 есе немесе одан артық өсірілу керек;

В. 2 есе не одан артық өсірілу керек;

С. 1,25 есе не одан артық өсірілу керек;

D. жұмысқа жалдаушы тұлға өзі белгілейді;

Е. дұрыс жауап жоқ.
$$$ 69 D

Мейрам және демалыс күндері жұмыс істеген үшін берілетін жалақы

А. жұмысқа жалдаушы тұлға өзі белгілейді;

В. жұмыскер мен жұмысқа жалдаушы тұлға арасындағы келісімге байланысты беріледі;

С. 1,5 есе немесе одан артық өсірілу керек;

D. 2 есе немесе одан артық өсірілу керек;

Е. дұрыс жауап жоқ.
$$$ 70 C

Жұмысқа жалдағанда сынау мерзімі қаншадан аспау керек.

А. 1 жылдан;

В. 3 айдан;

С. 1 айдан;

D. 2 айдан;

Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 71 В


50 тонна өнімді 25 жұмысшы шығарса, еңбек өнімділігі қандай болмақ:

А. 0,5 тонна

В. 2 тонна

С. 20 тонна

D. 0,5 адам

Е. 50 тонна


$$$ 72 D

Өнімді шығару еңбек сіңіргіштігі 25 адам-сағаттан 21,5 адам-сағатқа азайды. Өндіріс көлемі - 1450 тонна жылына. Бір жұмысшының бір жылда нәтижелі жұмыс істеу уақыты - 1800 сағат болса, қанша адам үнемделді

А. 4,8 адам

В. 1,8 адам

С. 3,8 адам

D. 2,8 адам

Е. 5,8 адам
$$$ 73 А

Еңбек өнімділігі 520 бұйым болса, ал жұмысшылар саны 10 адам болғанда, өндіріс көлемі нешеге тең болады?

А. 5200

В. 52


С. 52000

D. 5,2


Е. 1040
$$$ 74 D

Жаңа жабдықты енгізудің нәтижесінде жөндеуге кеткен еңбек шығындарын 5700 адам-сағатқа қысқартуға мүмкіндік берді. Егер бір жөндеуші жұмысшының нәтижелі жұмыс уақыт қоры 1900 сағат болса, қанша жұмысшыны қысқартуға болады

А. 6

В. 5


С. 4

D. 3


Е. 2
$$$ 75 Е

Учакенің жұмыс істеу режимі – толық тәулік (365 күн), учаскеге қызмет көрсету нормасы 0,66, бір жұмысшының нәтижелі жұмыс уақыт қоры 1700 сағат жылына. Учаскеде жұмыс істейтін жұмысшылардағы қажеттілікті анықтаңыз...


1,13

40,8

0,14

3,07

3,4.

$$$ 7 Е


Жылдық жоспарлы тапсырма 3000 тонна. Іріленген уақыт нормасы 18,6 адам-сағ/тоннаға. Бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры 1700 сағат. Жұмысшылардың санын табу...

А. 11 адам

В. 7 адам

С. 95 адам

D. 274 адам

Е. 33 адам


$$$ 76 A

Жылдық жоспар 1010 тонна. С1 тоннаға арналған кесімді еңбек баға 476 теңге. Қосымша төлемдер мен қосымша еңбек ақы мөлшері 25% тарифтік қордан. Еңбек ақының жалпы жылдық қорын анықтаңыз?

А. 600950 теңге

В. 360570 теңге

С. 480760 теңге

D. 120190 теңге

Е. 119 теңге
$$$ 77 A

Жұмысшының айлық жалақысы 10 мың теңге, іс жүзінде 20 күн жұмыс істелінді, 2 күн жалақысыз демалыста болды, тапсырманы орындаған үшін 15 % мөлшерде сыйақы төлеу жоспарланған. Жұмысшының еңбек ақысын анықтаңыз?

А. 10,455 мың тенге

В. 10,55 мың тенге

С. 9,95 мың тенге

D. 12,0 мың тенге

E. 15,3 мың тенге
$$$ 78 А

Жұмысшылар жыл ішінде алатын еңбек ақы қоры - 480 мың теңге. Егер жұмысшылар саны 5 адам болса, әр жұмысшының айлық еңбек ақысы қанша болады?

А. 8 мың теңге

В. 96 мың теңге

С. 40 мың теңге

D. 200 мың теңге

Е. 2400 теңге
$$$ 79 D

Кесімді жалақы алатын жұмысшы 2 мейрам күн жұмыс істеді. Әр бөлшекке еңбек бағасы 60 теңге болды, бірінші күні жұмысшы 20 бөлшек өңдірсе, екінші күні 14 дана шығарды. Келісім шартқа сай мейрам күндерінде жалақы екі есе мөлшерде беріледі. Осы 2 мейрам күндерінде саналған еңбек ақыны анықтаңыз

А. 1200 тг;

В. 3740;


С. 2540;

D. 4080;


Е. 2544.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет