Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет3/6
Дата19.09.2023
өлшемі67.77 Kb.
#477881
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жаһандық құз 5-9 сын Үлгілік ББ

3. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім алушыда:

  1. кең ауқымды дағдылар;

  2. әлеуметтік жауапкершілік;

  3. сыни, креативті және шығармашылық ойлау;

  4. өз білімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік, басқаларға жанашырлық пен құрмет көрсету;

  5. салауатты өмір сүру дағдысы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету;

  6. өмір бойы білім алу қажеттілігі;

  7. экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесінің ықпалына қарсы иммунитет қалыптасады.

Білім алушы



  1. тәжірибеде алған білімдерін;

  2. өзінің және басқаның жаңа идеяларын;

  3. сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді;

  4. зерттеушілік, жобамен жұмыс жасау және волонтерлік жұмыс дағдыларын;

  5. тұрақты даму мүддесіндегі ашық, мейірімді қоғам құруға бағытталған білім мен дағдыларды қолданады.

Білім алушылар



  1. өзінің оқуын және жеке дамуын қолдау үшін күшті және әлсіз жақтарын;

  2. өзінің және басқалардың жақсы өмір сүруі үшін өмірдің түрлі аспектілерін;

  3. басқалармен ынтымақтастық қарым-қатынасын;

  4. мемлекеттік, саяси және діни бірлестіктер мен мәдениетаралық қатынастардың мәнін талдай алады.

Білім алушылар



  • өз мінез-құлқы мен мәдениетін, жеке тарихын, сондай-ақ құндылықтар мен әртүрлі көзқарастарды;

  • әр түрлі жағдайларда жауапты шешімдер қабылдауды сыни бағалайды.



Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» оқу пәні бойынша қосымшада берілген Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзіреттер» курсының Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет