1.5 ТП АБЖ басқару деңгейінің саны мен сипатына қарай 1, 2 және 3-класс деңгейлеріне бөлінеді: - ТП АБЖ 1-класына («төменгі» деңгейлі ТП АБЖ) басқару объектісінің күйі жайында тікелей датчиктер мен түрлендіргіштерден ақпарат алатын және өндірістің қондырғылары мен агрегаттарын тікелей басқаратын ТП АБЖ жатады. «Төменгі» деңгейлі ТП АБЖ құрамында басқа ТП АБЖ болмайды.
- ТП АБЖ 2-класына («жоғарғы» деңгейлі ТП АБЖ) жеке агрегаттарда (қондырғылар) ТП АБЖ 1-класымен жабдықталмаған жергілікті басқару жүйелері (мысалы, контоллер негізінде немесе қосымша аспаптар негізінде бірконтурлы басқару жүйесі) бар қондырғылар тобын, технологиялық сызықтарды, бөлімшені басқаратын ТП АБЖ жатады.
- 3-класқа (көпдеңгейлі ТП АБЖ) өзінің құрамында ТП АБЖ 1, 2-кластарын біріктіретін және жеке технологиялық қондырғыларды немесе олардың жиынтығын (цех, өндіріс) келісіп басқаруды жүзеге асыратын ТП АБЖ жатады.