Некеден кейін әйел бақыты


«Изменадан» кейін ер адаммен әрі қарай



Pdf көрінісі
бет102/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   135
Некеден кейін

«Изменадан» кейін ер адаммен әрі қарай 
өмір сүрудің ережелері: 
Иә, бұл қателіктен кейін бірталай 
ережені ұстануыңыз керек, себебі ер адам 
бір істеген қателігін әбден қайталауы 
мүмкін. Сізге бұны алдын алуға болады, 
бірақ еректің ісі үшін толық жауапкершілікті өзіңізге 
аламын деп ойламаңыз. Ер адамның санасы, тәрбиесі тек 
сізге ғана байланысты бола алмайды. Сонда да, егер 
еріңіздің сізге деген сезімі бар болса, бұл ережелер жұмыс 
жасап, нәтижесін береді. 
1. Ереже: Еріңіздің алдында тым артық шапқылап 
кетпеңіз. Сіздің ойыңызша, сіз жаман әйел 
болғандықтан еркек көзіңізге шөп салды, бірақ бұл 
еркекті күнәдан босатпайды. Мысалы, бала істеуге 
болмайтын нәрсені әдейі біле тұра істесе, сіз өзіңізді 
жаман анамын деп ойлайсыз, бірақ сол ісінен кейін 
баланы марапаттамайсыз ғой. Әйтпесе балаңыз 
шынымен қателік жібергенін түсінбей қалады. 
Еркекпен де дәл солай. Сіз изменадан кейін бірден 
«жаным, күнім, сен ең керемет адамсың» деп жылы 
сөзіңізді үйіп төксеңіз, еркекте «мәәә, мен көзіне шөп 
салсам да, мына қатын асты-үстіме түсіп жүр. Значит 
мен кінәлі де емес екенмін ғой» деп ойлайды. Сол 
үшін 5-6 ай шамасына еріңізге артық махаббатты 
көрсетпеңіз. Артық махабат деген асыра сілтеп 
мақтау, шектен тыс еркелету, шекараңызды өтсе, 
рұқсат беру сияқты амалдар. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
215 
2. Ереже: Измена жасағанын әңгіме ретінде де, ұрыс пен 
манипуляция ретінде де айтпаңыз. Еріңізбен өмірді 
жалғастырып 
жатсаңыз, 
сіз 
оның 
қателігін 
қабылдадыңыз деген сөз. Ал қабылдаған соң оны еске 
салып, қорқыту- сіз жақтан балалық нәрсе. Еркекті тек 
қорқытумен ұстап қала аламын деген ойыңыз бар 
деген сөз. Немесе, еркек есіріп кетпесін, өз кінәсін 
ұмытпасын деген ой да бар болу мүмкін. бұл ойлар 
сіздің еріңізге толыққанды отағасы, сүйіктіңізге 
қарағандай қарауға кедергі келтіреді. Иә, ол қателесті, 
иә, ол кінәсін мойындады, бірақ еріңізбен өмірді 
жалғастыруды таңдасаңыз, сізге оның қателігін және 
кінәсін мүлдем айтпауды үйрену керек. Біріншіден
өзіңіздің бақытты сезіміңіз үшін. Өткен шақты айта 
берсеңіз, еске түсіре берсеңіз, сіздің миыңызда өткен 
шақты проекция жасау керек деген функция 
қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет