Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет105/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135
Некеден кейін

 
7. Ереже: Еріңіздің алдында бағаңызды жоғары 
ұстаңыз. Көп жерде бағаны жоғары ұстау туралы 
жалпы айта салады, бірақ мен сізге нақты айту керек 
сөздерді жазып, нақты құрал бергім келеді. Себебі мен 
сіздің бақытты болуыңызды қалаймын. Сіздің 
бағаңызды ер адамның сіз жайлы ойынан білуге 
болады. Сіз туралы көбінесе қандай сөздер айтады? 
«сен әдемісің, сен эгоистсың, сен өзіңдікін 
жібермейсің, сен ерекшесің» деген сияқты сөздер 
айтады ма, әлде «сен шаршаттың, өзіңе қарап алшы, 
сен кімге керексің, саған сөз өтпейді, қайда бара 
аласың, кете бер» деген сөздерді айтады ма? Екіншісі 
жиірек айтылса, еріңіздің алдындағы бағаңыз аса 
жоғары емес, және бұны түзету керек. бүгіннен бастап 
еріңізге мынандай сөздерді кездейсоқ айтып 
бастаңыз. Егер бір қыздың суретін қарап отырса, 
немесе сізге көрсетсе, сіз «Сенің талғамың ондай 
төмен емес еді ғой, маған жетпейді екен әдемілігі» деп 
айтыңыз. «Мені басқа қызға кетіп қалады деп 
қорықпайсың ба не» десе, «Мен өзіме сенімдімін, мен 
сияқты әйелден еркек кетсе, көп нәрсесін жоғалтады» 
деп айтыңыз. Жасырын біреумен телефон арқылы 
сөйлескенін байқасаңыз, «менен жасырып, сен маған 
сюрприз дайындап жатырсың ба?» деп күліңіз. 
Көшеде қызға көзі түскенін байқасаңыз, «мен де сен 
сияқты жігіттерге қарасам, бәрі талып, танысқысы кеп 
кететін шығар, иә» деңіз. Және бағаңызды көтерудің 
тағы бір жолы бар, ол ер адамға оның сіз жайлы ойын 
дауыстап айту. «Сен мені таңдағаныңа қуанатын 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
220 
шығарсың, иә?», «сенің таңдауың керемет қой, мен 
сияқты алтын құс бәрінің қолына тие бермейді», «сен 
мені осы әдемілігім үшін таңдадың ғой», «Саған мені 
қызғану керек, себебі соңғы кездері маған көшеде 
жігіттер тиісе бастады» деп айтып тұрыңыз. Ер 
адамның сіз жайлы ойы күшті екенін дауыстап айту-
басты шарт. «сен мені сүйесің ғой, сен мені жоғалтып 
алуға қорқасың, сен мені таңдадың, сен менің 
ерекшелігімді байқадың», яғни бұл техникада «сен» 
деген сөз қолданылады. Еркектің ойы құбылмалы, ал 
адамның миы дәл осы техника бойынша жұмыс 
жасайды. Сіз бұл сөздермен оның миын гипноздап 
жатқандай боласыз, және санасын программалайсыз. 
Бұл сөздер еріңіздің сіз жайлы ойын 180 градусқа 
өзгертеді. Және бағаңыз міндетті түрде көтеріледі. 
Есте сақтаңыз, баланс бар жерде бәрі жақсы болады. 
Еріңізге өзіңіз жайлы ғана айта беріп балансты бұзып 
алмаңыз. Әр сөздің орны болу керек. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
221 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет