Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
222
қызқұмар еркек
қанша жерден өзінің әйеліне
бауырмал, жақын болса да көшеде бара жатып әдемі
қызға көзін қыспай өте алмауы мүмкін. Әдетте,
бұндай типтегі ер адамдар өзінің жүрісін 40-45 жас
шамасында қоя бастайды. Оған дейін бір әйелден
екінші әйелге көңілін салып, өзінің еркектігін солар
арқылы мойындатып жүре береді.
Бұл типтегі ер
адамдарды да өзгерту қиын. Саналы түрде Алладан
қорыққандықтан еркек өзін тыймаса, әйелдің әсерімен
қою қиын.
3.
Себеп: Әйелінен суып кетіп, өзінің қажеттілігін басқа
әйелден алу үшін «изменаға» бара алады. Яғни,
тұрмыстың алғашқы жылдары көзге шөп салу жайлы
тіпті ойламай, бірақ біраз уақыт әйелімен төсегі суық,
көңілі алыс, ұрыс-керіс көп болған соң өзінің
еркектігін есіне алу үшін өзге әйел жабысса,
кет әрі
болмай әрі қарай жалғастырып кете алады. Жәй ғана
сөйлесіп көрем дегеннен бастап, кейін әйелден жылу
көріп, өзінің үйдегі әйелімен салыстырып, өзін
көңілдесімен нағыз азамат сезіне бастаған соң
«измена» жасап бастайды. Ал неге әйелінен кетіп
қалмайды ?
Себебі әйелін тастауға қимайды, аяйды,
мүмкін ыңғайлы әйел болғандықтан тастамайтын
шығар, мүмкін әке-шешесіне қарайтын адам болу
керектігінен тастамайтын шығар, себептер көп.
Бұндай ер адамды
изменадан кейін жақын қылып,
отбасыға қайтаруға әбден болады. Жаза қолдану да
әсер етеді, бірақ бастысы сіз жазалап қана қоймай,
араңызды жақсартуға да тырысу керексіз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
223
Оқытылу, мас күйде көзге шөп салу, т.б. себептер де бар,
бірақ оларға тоқталмаймын деп шештім.
Достарыңызбен бөлісу: