Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
244
Осы сияқты үйдің
әр білмейтін, бірақ білу керек
нәрселерді енеңізден ұялай тіке сұрап тұрыңыз. Өміріңіз
жеңілдейтіні анық, және енеңіз де сізге айтуға ұялмайтын
болады. Әдетте,
келін ештеңе сұрамаса,
кейбір енелер
ақыл айтып, «мынаны да білмейсің ба не», «біздің үйде
былай» деп тиісіп айтып қала алады, ал кейбір енелер
айтуға ұялып, сізге іштей көңілі толай, ал көңілін өз
туыстарына айтып жая салады.
Оның мақсаты сізді
ренжітпеу ғой, бірақ одан пайда жоқ, себебі сізді
ренжітетіндей сыртқа өсек айта алады. Сондықтан, сіз де
енеңізге ренжімеу үшін алғашқы күннен
бастап барлық
үйдің шаруасына қатысты сұрақтарды еркелеп, күліп
сұрап алу керексіз.
4.
Қателік. Енеге ұқсамау.
Иә, бұл да қателікке жатады. Көп жерде «маска киме,
ешкімге ұқсама, будь собой» деп айтады ғой, тіпті, мен де
айтамын. Бірақ сіздің мақсатыңыз ененің тілін табу болса,
бұл жерде кейбір кеңесімді орындау керек боласыз. Енеге
ұқсамау деп- енеңіз бірнәрсені айтса,
сіз оған бірден
өзіңіздің пікіріңізді айтып, оның сөзін талдап, кері шағып,
өз қалауыңызша қалай дұрыс болатынын жеткізуге
тырысуды айтамын. Бұл әрекеттермен сіз енеңізге «мен
сізге ұқсамаймын» деген сигнал жібересіз. Ал біздің
миымызда мынандай қасиет бар, ұқсамайтын адамға сенім
артпайды, ал ұқсайтын адамды өзіне жақын тартады.
Сондықтан сіз әңгіме барысында енеңізге «ал мен былай
ойлаймын, а
біз олай жасамайтынмын, ал мен басқаша
істеп көрейін» деген сөздермен енеңіздің миына «алшақ
бол, сенбе» деген функциясын оятасыз. Бұл бізге қажет
емес қой.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
245
Достарыңызбен бөлісу: