Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
247
кетеді. Сондықтан шекараға келгенде өзіңіздікі дұрыс емес
деп есептеуден алшақ болыңыз.
6-шы ереже:
Енеңіз
заттарыңызды рұқсатсыз алса, рұқсатсыз
күйеуіңізбен
бөлмеде жатқанда кіріп қалса, онда енемен
ұрысып жатудың қажеті жоқ. Сізге шекараны ақылмен де
қорғауға болады, яғни енеңізге оның қылығы дұрыс емес
екенін кейбір амалмен білдіре аласыз.
Адам қай кезде
өзінікін дұрыс емес деп ойлай алады? Сол істі істеп
жатқанда ыңғайсыз күйде болып қалғанда ғана. Егер
рұқсатсыз
бөлмеге кіріп қалса, сіз күйеуіңіздің үстінде
жатсаңыз, енеңіз ыңғайсыз күйде болып қалады, және сол
ісі үшін ұялып, келесі жолы тек рұқсат сұрап қана кіретін
болады. Ал сіздің затыңызды рұқсатсыз алатын болса, сіз
енеңізге «мама, мына затымды көрмедіңіз бе? Біреу ұрлап
алған сияқты, себебі менен ешкім сұрамаған еді ол затты»
дей аласыз, енеңіз «ол затты мен алдым» десе, сіз: «ойбу,
мама, мен полицияға бара жаздадым ғой,
мына затымды
ұрлап кетті деп», немесе «кешеден бері сол затты іздеп,
күйеуімнің
миын жеп қойдым ғой, қатты уайымдадым,
себебі ол зат маған қатты керек зат еді (тіпті
шампунь
болса да), мама, өтініш, келесі жолы мен уайымдамау үшін
алатын кезде менен сұрап алыңызшы, аха, мен үшін
маңызды бұл» деп айта аласыз.
Басқа да шекараңызды
аттаған кездерде енеңізге сол ситуацияны үлкен мәселеге
айналдырып, енеңіздің есінде жақсылап сақталып
қалатындай етуіңізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: