Некеден кейін әйел бақыты


Енеңізге игнор жасаудың орнына, оған мұқтаж



Pdf көрінісі
бет123/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135
Некеден кейін

Енеңізге игнор жасаудың орнына, оған мұқтаж 
екеніңізді білдіріңіз. 
Сізге тапсырмаға енемен ойын ойнауды беремін. 
 
«Мұқтаждық» ойыны. 
 
«Кір дұрыс жуылмады» десе, енеңіздің іштей ойы 
«мен жуғандай жуа алмайды» болып тұр, енеңізбен 
«мұқтаждықтың» ойынын ойнаңыз. Енеңізге «иә, мама, сіз 
жуғанда үнемі таза болып шығады, мен жусам үнемі 
осылай боп қалады, не істесем екен?» деңіз. Байқасаңыз, 
сіз енеңіз айтқысы келген сөзді алдын ала өзіңіз айтып 
қойдыңыз, және енеңіздің ақылына мұқтаж екеніңізді 
көрсеттіңіз. Бұндай кезде енеңіз әдеттегі критика сөздерін 
айта алмай қалады, себебі оған келіні мұқтаж. Келіні «өзім 
білемге» салмай, көмек пен ақыл сұрап жатыр. 
Егер ақылын сұрасаңыз, ол сізге үйретуі әбден мүмкін. 
«мен жуғанда киімдерді түске бөлемін, градусын былай 
қоямын» деп айтар, ал келесі жолы сіз кір жуғанда енеңіз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
257 
сөйлесе, «иә, сіз үйреткендей кірді түске бөлдім, градусын 
қойдым» дей аласыз. Сонда енеңіз өз ақылына өзі критика 
жасағысы келмейтін болады. 
«Тамағың тұзды, ащы, сулы» десе, оның бұл 
сөзінің астарында «мен тамақ жасасам, дәмді 
болады. Мен жақсырақпын» деген ойы болады. 
Бұл ойлардың да бастапқы себебін сіз білесіз 
ғой, сондықтан енеңізге ашуланбайсыз, тек оны 
аяп, дұрыс сөздермен жауап қайтарасыз. «иә, сізден сұрап 
көру керек еді дәмі қандай деп, осы жолы ұмытып кеттім» 
деңіз. Ал тамақ жасағанға ылғи критика айтатын болса, 
тамақты істемей тұрып енеңізге мұқтаждығыңызды 
көрсете бастаңыз. «қандай тамақ істейін, тұзын көре 
салыңышы, суы жеткілікті ме» деп сұрап, енеңізге мастер 
класс көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Ылғи бұлай жасағыңыз 
келмесе, ештеңе етпейді. Бірнеше мәртеден кейін енеңіз де 
«өзің істеші» деп айтуы мүмкін. Солай айтса, демек дайын 
тамаққа критика да айта алмайды. Себебі сіз оның көмегін 
сұрағанда, өзіңіздің тамақты аса тұздап жіберетініңізді 
алдын ала ескертіп қойдыңыз. 
Бұл ойынды ойнағанда өзіңізді төмен сезініп 
қалмаңыз, бұл жәй ғана енеңізге көмек. Оның травмасына, 
оның біреуге қажет екенін сездіруге, оның бағасы әлде 
қайда жоғары екенін көрсетуге көмек. Сіз игі іс істеп 
жатырмын деп ойлаңыз. Өзіңіз жайлы өзіңіз ғана 
шындықты білесіз. Бұл ойыннан өзіңіздің түкке 
тұрғысыздығыңызды сезе бастасаңыз, сізге өзіңіздің 
самооценкаңызбен жұмыс жасау қажет. Ол үшін кітаптың 
«самооценка» бөлімін мұқият оқып, практиканы 
орындаңыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
258 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет