Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
259
қорғай алатын, бізге жауап қата алатын, бізді жазалай
алатын адамға дәл сондай қатынас көрсетпейміз.
Бастығымызды
жек
көрсек
те
оны
ұрмаймыз,
боқтамаймыз. Себебі боқтасақ, бастығымыз бізді
жазалайды, жауап қатады, және өз өзін қорғайтын болады.
Дәл солай енемен де қарым-қатынасты айтуға болады.
Менің шыдамым үлкен, мен енемен де, күйеумен де,
басқа да жақын адамдармен де қарым-қатынаста икемділік
көрсетіп, алдап-сулап,
пысық болып, неше түрлі
техникамен конфликттерді алдын ала аламын, немесе
кейбір сөздерді өз бойыма алмай, құлақ аспай жүре
аламын. Бірақ менің ең басты өмірлік ережем-біреудің мені
тікелей балағаттауын, сөзбен қорлауын ешқашан да
көтермеу! Туған анам болсын, күйеуім болсын, енем
болсын, мені «оңбаған, топас, кет бар үйден» деген сияқты
сөздермен қорласа, менің қатынасым жәй ғана 2-3 сөйлем
мен 1 әрекеттен тұратын болады. «Мама, мен ондай
сөздерге лайықты емеспін. Өз қызыңызға осындай сөздерді
айтқанын қаламасаңыз,
біреудің қызына да солай
айтпауыңыз керек» деймін де киімді жинап, 1-2 аптаға
демалуға кетіп қаламын. Күйеуге де солай айтамын. «Мен
ондай сөздерге лайықты емеспін, егер өз қызыңа ондай
сөздерді біреу айтқанын қаламасаң, сен де біреудің қызына
олай айтуға қақың жоқ» деп киімімді жинап, 1-2 аптаға
демалуға барып келемін. Менің жақыным өз-өзімді қорғай
алатынымды білуі керек. Бірақ мен өзімді шабуыл жасап,
ұрып, аузымды толтырып қорғамаймын. Олай тек қана
еркектер өздерін қорғайтын шығар. Ал мен
әйелмін ғой, мен әлсіз жанмын. Маған тек қана
сол адамнан тез арада дистанция ұстап өзімді
қорғауға болады. Және Аллаһтан ғана пана сұрай
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
260
аламын. Енеммен ондай проблема болған жоқ, менің енем
өте ақылды, саналы, тәрбиелі адам. Алғашқы күннен
бастап енеммен ұқсастығым көп екенін байқадым, және
бұл біздің тез арада тіл табысып кетуімізге көмектесті.
Алдағы уақытта да ондай проблема болмайды деп
ойлаймын.
Бұл айтылған вариант сізге келмеуі мүмкін, сіздің
тәрбиеңіз, ұстанымыңыз, сабырыңыз, шекараңыз мүлдем
менікіндей емес шығар.
Бірақ дәл осындай айтылған
сөздерді көтеріп, үнсіз жүре беру-сіздің енеңіз бен
күйеуіңізге сіздің әлсіз екеніңізді, өз өзіңізді қорғай
алмайтыныңызды, сізді қорғайтын ешкім жоқ екенін, және
қанша жерден сізді таптаса да көнетініңізді көрсетеді. Ар
жағын өзіңіз шеше аласыз. Басты ереже- шекараңды қатты
аттаған сәтте өзіңді басқара алу керексің. Егер ұрыс болып
қалғанда сіз де енеңіз сияқты аузыңызға келгенін айтсаңыз,
бұл сөздерді ертеңгі күні өзіңізге қарсы қоюуы мүмкін.
Ата-анаңызға айтып, күйеуге айтып, «қыздарың былай
айтты» дей салады. Сондықтан да,
барлық ситуацияда
өзіңізді басқарыңыз. «Менімен бұлай болмайды, маған
олай айтпауыңызды сұраймын» деген сөздер жеткілікті, әрі
қарай тек қана адамнан ұзақ уақытқа дистанция қажет. Бір
үйде тұрып, ешқайда кетпесеңіз, дистанцияны бір үйде
жүріп те ұстауға болады. Бәрі сіздің өзіңізді басқаруыңызға
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: