Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
266
•
Өзіңіз де, күйеуіңіз де енеңізге сыйлықтарды алып
тұрыңыздар. Ал күйеуіңіз тек сізге ғана бірнәрсе
алып берсе, енеңізге оны айтпауға тырысыңыз. Сізге
тәтті алып келсе, енеңізге де алуын сұраңыз. Немесе
өзіңіз енеңізге «балаңыз сізге әкелді» дей салыңыз.
•
Күйеуіңізге енеңізді көп мақтап жүріңіз. Енеңіз
еріңізге сізді жамандаса, сіз де өзіңізді қорғап, енеңізді
жамандасаңыз, онда күйеуіңіз,
біріншіден, анасына
сенеді. Себебі сіздің сөзіңіз анасының сөзіне қарсы
тұр. Күйеуіңіз сізді қорғай алуы үшін
сіз енеңізді
жамандамай,
керісінше
оны
қатты
жақсы
көретініңізді,
сыйлайтыныңызды,
сөзін
жерге
тастамайтыныңызды, ренжіткіңіз келмейтінін білдіру
ерексіз. Егер енеңізді тек жақсы жақтан күйеуіңізге
айтатын болсаңыз, еріңіз сізді енеңіздің алдында
қорғайтын болады. «келінің сен десе өліп тұрады, неге
оған тиісе бересің» деп қорғайды. Бастысы,
сіздің
сөздеріңіз
барынша
шынайы
болуы
тиіс.
Жанашырлығыңыз білініп тұру керек.
•
Мысалы, қандай сөздерді күйеуіңізге айта аласыз?
-мамаға менің бәлішім ұнайды, маманы қуантып
қояйын деп бүгін жасадым
-маманың көңіл күйін көтергім келеді, мүмкін оған гүл
аламыз?
-мамаға көмектесу керекпін, әйтпесе шаршап қалады.
Мамаң үлкен жаста ғой, оны уайымдаймын.
-мамаңды негізі жақсы көремін, мамаң болмаса, сен де
болмас едіңіз. Алла разы болсын о кісіге.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
267
Осындай сөздерді күнделікті 2-3 рет айтып тұрсаңыз,
күйеуіңіз сізді одан сайын жақсы көріп, сізді өз
қорғауына алатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: