Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
268
Енеңіз сіздердің бір жаққа шығуыңызды,
жеке қалуыңызды қаламаса.
Бұл да қызғаныштың әсерінен.
Енеңізді тыныш
жек көрсеңіз де болады, немесе енеңізбен әйел ретінде
сөйлесе аласыз. Әйел ретінде сөйлесу-дұрыс шешім.
Себебі қанша жерден ене баласын қызғанса да, оның
ажырасқанын, жалғыз қалғанын қаламайды, және өзі
де ер адамның көңіліне зәру болу дегенді жақсы
түсінеді. Сізге не істеу керек?
Біріншіден, ешкім жоқ кезді күтіңіз.
Екіншіден, екеуіңіздің де көңіліңіз бар кезді
таңдаңыз.
Үшіншіден, енеңізбен шай ішіп отырып, немесе
бетпе-бет айта алмасаңыз, вацап
арқылы сөйлесіңіз.
Не деп айту керек?
«Мам, сізге бірнәрсе айтайыншы.
Сіз мені түсінесіз ғой. Әйел болған соң бір-бірімізді
түсіне аламызғой. Басқа айтатын адамым жоқ. Сіз
күйеуіме
ең жақын адамсыз, ол сізді ғана тыңдайды.
Соңғы кездері күйеуіммен жеке қала алмай жүрміз,
сол үшін ол маған ренжіп, аздап суып жатқан сияқты.
Сіз әйел ретінде мені түсіне аласыз ғой. Егер ер адам
өз әйелімен көп уақыт өткізе алмаса, басқа жақта көп
уақыт өткізеді. Соған ойлап тұрмын, мүмкін
кеңесіңізді айта аласыз ба. Сіз оны жақсы білесіз ғой.
Егер осылай бір бірімізден алшақ бола берсек, арамыз
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
269
мүлдем суып екі жаққа кететін де шығармыз. Мен оны
қаламаймын.
Жас
кезімізде
шығып,
көріп
алғанымызды қалаймын.»
Осындай сынды әңгіме айтсаңыз да болады. Дәл
осы сөздерді айтпасаңызда, сіздің сөзіңізде «әйелміз
ғой, түсінесіз ғой» деген айтылу керек. Бұл енеңіздің
түсінушілігін оятады. «кеңес беріңізші» дегенді де
айту керек. Және еріңіз
сізбен көп уақыт өткізгісі
келетінін және сол үшін алыстап жүргенін де
айтуыңыз керек. Тіпті, еріңіздің адалдығына
қорқатыныңызды да айтуға болады. Бастысы, енеңіз
осы әңгімеден кейін сіздерге бір жаққа шығуға кедергі
болмайтыны. Әрине, 100
пайыз кепілдік бере
алмаймын, бірақ нық сенімім бар. Бұл сөздер енеңізді
де аздап ойландырады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
270
Достарыңызбен бөлісу: