Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
115
жаратқан жоқ. Күйеуіңізге көмектесуге болады.
Егерде
оның екі қолы бірден бос емес болған жағдайда ғана. Басқа
жағдайда сіз нәзіксіз. Есік ашу, қолдағы затты көтеру оның
барлығы еркектің мойнында болуы керек. Оны осыған
үйретіңіз. Аз-аздан, үздіксіз.Ол сіздің қолыңыздан бір
затты көрсе өзі алып қойып, есікті көрсе, өзі бірінші ашып,
уақы өте сондай бір ереже қалыптасу керек. Бірақ ешқашан
араңызда осындай ереже болмаған болса,
аяқ астынан
қақайып, мен істемеймін деп тіреоіп жүрмеңіз. Сізге ер
адамның «қалауын» ояту керек, ол үшін ұзақ уақыттар
кетуі мүмкін. «Нанды сен ұсташы, қолым жаурады» деген
соң еріңіз «жоқ, ұстамаймы» десе, жұлқынып, ұстасаң да
ұста демеңіз, бұл жерде бастысы еркектің ойына әйелдің
нәзіктігі жайлы ойын ояту. Бас тартса «әйелге қарағанда ер
адамға заттары ұстап жүрген
жарасады, әйел нәзік жан
ғой» деп қана айтып, наныңызды әрі қарай көтеріп жүре
беріңіз. Бастапқы уақытта сіз тек сөзбен ғана миына
программа орната бастайсыз, уақыт өте еріңізге сөздер
қалыпты
болып естіліп, амалы да соған қарай өзгере
бастайды.
Еріңізден үйдің шаруасына да көмек сұраңыз.
Келіспесе қорқатын ештеңе жоқ. Бүгін бас тартты, ертең
бас тартады, үшінші рет келіп орындайды. Үшінші рет
орындамаса келесі аптада жасайды. Бастысы сіз одан сұрау
керексіз. Сіздің өміріңізде, үй шаруасында оның
мықтылығы сізге қажет екенін білуі керек. Ер
адам біз
сияқты емес. Олар ұмытшақ болады. Біз сияқты емес деп
қоям, біз олардан да өткен ұмытшақпыз ғой, демек оларды
түсінуіміз керек. Жұмысын, ақшаны, жеке мәселелерін,
болашағын ойлап, біздің өтінішімізді ұмытып кетуі
мүмкін. Сол үшін одан сұраңыз. Ұрыспай, ренжімей,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
116
әдемілеп, еркелеп көмек сұраңыз.Бірнеше күн
өткеннен
кейін ұмытып кетсе, есіне салуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: