Некеден кейін әйел бақыты


Сіздерге бір техника жайлы айтайын. Ол өтінішті



Pdf көрінісі
бет59/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135
Некеден кейін

Сіздерге бір техника жайлы айтайын. Ол өтінішті 
жайлап айту туралы. Еркекке келіп өтінішті бірден айтса 
салсаң, ол блокқа түсіп, қорғанып, ақша жоқ деп бірден 
реакциясын көрсетеді. Себебі ойлануға уақыт болмай
бірден жауап беру керек болған соң тез реакция көрсетеді. 
Сіз келе салып, «5000 теңге берші, шалбар аламын» десеңіз 
немесе жұмысқа шығамын десеңіз, одан бірден бас тартуы 
мүмкін. Онда не істеу керек? Бірінші жұмыстан келгенде 
оны 15 минуттай жайына қалдырыңыз. Тынығып, 
демалып, тамағын ішіп, тойып алсын. Сосын оның 
әңгімесін, оның жаңалықтарын тыңдап алыңыз (үшбұрыш 
техникасын қолданыңыз). Одан кейін ғана өтінішіңізді 
айта аласыз. Бірақ өтінішіңізді дұрыс бастау керек. 
Жаныңызда артық адам болмау керек. «Жаным, менің 
саған бірнәрсе айтқым келіп тұр». Ол «иә» дейді. Оған 
«сөйлесу керекпіз» деген сөзді айтпаңыз. Ол сөз еркекке 
ұнамайды. Ол бірден өзін мәселені шешу керек деген 
сияқты сезініп, алдын ала дайындалады. Жәй ғана 
«бірнәрсе айтамын» деп айтыңыз. «Өтінішім бар» депте 
айтпаңыз. Себебі ол тыңдаушы рөлінде тұрмайды. Алдын 
ала не сұрайды екен, бас тарту керек деген сияқты ойда 
тұруы мүмкін. Өтінішіңізді айтар алдында оның жағдайы 
бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Мысалы, үйде ақша жоқ, 
ал сіз шуба алғыңыз келеді. Жағдайы жоқ болған кезде оны 
сұраудың пайдасы жоқ. Ондай кезде «алып берші» деп 
емес, «ақша болған кезде алайық» деу дұрыс болады. 
Өтінішті айтып бастағанда, «егерде жағдайымыз келсе» 
деп, алғыңыз келген затты айтып, соны алып беруін 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
117 
сұраңыз. Міндетті түрде «жағдайыңыз келіп тұрса» деген 
сөзді қосыңыз. Тіпті, еркек бас тартса да, ол айқайлап, 
ренжіп, «неге мені түсінбейсің онсызда ақша жоқ қой» деп 
сізге ұрсып бас салмайды. Ол жәй ғана сізге: «күте тұр, 
сосын аламыз» деген сияқты жауапты ақырындап және 
сізге себебін түсіндіріп айтады. Ол кезде араларыңызда 
ешқандай реніште болмайды.Сосын одан уақыты 
келгенде: «өтінішімді осындай аласың ба немесе шешімін 
қайтеміз» деген сияқты сұрақтарды қойыңыз. Ондай кезде 
ол келесі айда немесе келесі аптада ақша аламын, сол кезде 
алып беремін деген сияқты сөздерді айтуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет