Некеден кейін әйел бақыты


Қажеттілікті не үшін айту керек? Қажеттілігіңіздің



Pdf көрінісі
бет61/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135
Некеден кейін

Қажеттілікті не үшін айту керек? Қажеттілігіңіздің 
өзіңіз үшін маңыздылығын түсіндіру үшін айтасыз. Ал 
егер қажеттілігіңізді дәлелдемей өтініш айтатын болсаңыз 
қарама-қарсы тарап сіздікі жай ғана еркелік деп түсінеді.
Формуланы сақтау өте маңызды. Қиын болып 
көрінгенімен бірнеше рет осы формуланы сақтайтын 
болсаңыз сізде әдетке айналып кететін болады. Сол үшін 
қазір үйіңізде жиі болатын конфликтте сіз фомулаға сай 
қалай өтініш айтатын едіңіз, соны өз ойыңызда 
құрастырып, өзіңізге айтыңыз. Егер ойша айту қиын болса 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
121 
жазып көріңіз. Жаттығыңыздар, қыздар. Өзіңіздің 
басыңыздан өткен соңғы жайтты мысалға алсаңыз болады.
Ер адамнан сыйлық алу технологиясы 
Сыйлық алудың тіке және жанама жолы бар. Сізге 
екеуін де айтып көремін, себебі екі жолы да ыңғайлы. 
Ер адамның балалық паттерндерінде 
«әйелге сыйлық беру керек, әйелді қуанту 
керек» деген ұстанымдары болмаса
ондай ер адам өздігінен сізді қуантуға 
асықпауы мүмкін. Киімі бар, тамағы тоқ, 
осы да жетеді деп ойлайды. Ал сыйлық 
жасайтын болса да, ер адам көбінесе тек 
пайда әкелетін дүниеге көзін салады. Ер адамның 
сыйлықтарға көзқарасын өзгерту үшін оның санасына 
жаңа ұстанымдарды қалыптастыру керек. Және ер 
адамның 
сыйлық 
жайлы 
ойын 
негативпен 
байланыстырмау керек. Сіздің ренішіңіз, ұрысыңыз, 
критикаңыз ер адамды сыйлық сыйлаудан өте қатты 
алшақтатады. Адамның миы тек қуаныш сыйлайтын, 
позитивті реакция беретін дүниеге ғана тартылады, және 
соған талпынады. Ал сыйлық жайлы тақырыптар 
қозғалғанда ер адам тек негативті эмоция алса, сыйлық 
жайлы әңгімеде ашу, ұрыс, реніш сияқты күй кешсе, ер 
адамның миы сол тақырыптан сөзбен де, іспен де алшақ 
болуға тырысады. Яғни бейсаналы түрде ер адамға 
«сыйлық сыйлау- негативті әрекет, сыйлық жасау- ренішке 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
122 
алып келеді» деген ассоцияцияны оятады. Сондықтан, 
сізге еш уақытта сыйлық деген сөзбен негативті эмоцияны 
байланыстырмау қажет. Ашу, реніш, критиканы өтініш 
айту, сыйлық сұрау, сюрприз деген сөздер айтылатын 
ситуацияларда жоқ қылыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет