Тікелей сыйлық алу жолы:
«Тіке» сөзінен түсініп тұрған шығарсыз. Бұл жерде
ешқандай «намек» жоқ. Бұл жолды романтикадан алыс,
«практичный» ер адамдарға қолдану керек. Мысалы, менің
әкем дәл осы типке жатады. Анам туған күнінде жәй ғана
«маған ақ түсті, 200 мың тұратын мұздатқыш керек» деп
айта салады. Ал әкем басын қатырмай, анама сол ақшаны
бере салады. Екеуінде керемет идииллия, себебі анам да
романтик емес, тосын сыйларды ұнатпайды.
Анама тек ақша сыйласа болды, қалғанын өзі
қатырады. Ер адамдар да сондай бола алады.
Романтикадан
алыс,
онша
ойланғысы
келмейтін, басын қатырғысы келмейтін
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
127
типтер болса, оларға тікелей сыйлық алу жолын қолдану
керек. Еркекті романтик қылып, табиғатын өзгертіп қажет
емес. Ер адамды сол күйі қабылдау-бақытты өмір сүрудің
басты принципі. Сондықтан, еркекті «под себя» өзгертпей,
оның типіне қарай әрекет етіңіз.
«Мен оған иіс су алып бер десем, онда ол тосын сый
болмай қалады. Одан не пайда, ол маған ақша берді, мен
оған барып өзім-ақ сатып алмаймын ба, ақша менде ғой»
деп ойлайсыз ба? Өкінішке орай адам басқа адамның ойын
оқи алмайды. Бізде ондай қасиет жоқ. Кейбір адамдар
ондай қасиеті болмаса да, тырысып көреді, бірақ сіздің
еріңіз тырысатын адамдардан емес шығар. Сол себепті
еріңіз сізге сыйлық бергенін қаласаңыз, оған міндетті
түрде қалай бар, солай тіке айтуыңыз керек. «Жаным, мен
иіс су алғым келеді», каталогты ашасыз немесе сайтқа
кіріп: «міне,жаным, мынау бағасы, аты Chanel, скрин
жасап қойдым, саған ватсаптан жібердім. Осыны менің
туған күніме немесе 8-наурызға сыйлашы. Мен өз-өзіме
ақшаны құртып алғым келмейді, егер маған сен өзіңнің
қолыңмен сыйласаң, мен күшті сезімде боламын, сен мені
ең бақытты әйел қыласың»,-деп айтыңыз.
Ер адамның ойынша, негізі, гүл солып қалады,
крем, иіссу, оның барлығы сізде бар. «Мен
сыйлық жасасам, онда бір пайдалы нәрсе берейін»
деп ойлайды. Ол ас үй жабдығы, ыдыс-аяқ немесе
телефонға баланс, балаға қарайтын керекті бір құрал-
жабдық, немесе жәй ақша. Олардың ойына крем, иіссу,
косметика мүлдем кіріп шықпайды. Менің алған нәрсем
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
128
оған ұнамайды деген сылтаулары бар. Олар дұрыс айтады,
негізі. Шыныменде ондай нәрсе бар. Олар бізге сыйлық
берген кезде, біздің жауабымыз ең бірінші кезекте:
«мәссаған, жаным, жарайсың, өмірімде күтпеген сыйлық
еді.» емес. Бізде: «жаным, басқа түсі болған жоқ па,
қызылын алу керек еді» деп айтамыз. «Қымбат қой,
ақшаны құртпай-ақ қою керек еді немесе ақшаны жинап
қойып кейіндеу дұрыс нәрсе алатын едік» деп айтамыз.
Міне, осы сөздерден кейін күйеуіңізден керемет сыйлық
күтпеңіз. Оны сыйлық сыйлау үшін қайтадан тәрбиелеу
керек болады.
Қандай сыйлық сыйласа да, аспанға секіру керек,
шынайы қуанышты көрсету керек. «Мәссаған, жаным,
күтпеп едім, мен сені ұмытып кететін шығар деп
ойлап едім» деп айту керек.
Сонымен, алғыңыз келген сыйлықтың әрбір сипатын
айтуға тырысыңыз. Үлкен, кішкентай, жасыл, қызыл және
қандай марка екенін айту керек. Не үшін ол сыйлық сізге
керек? Не үшін ол сыйлық сізге керемет бір сезім
сыйлайды? Міне осы нәрсенің барлығын міндетті түрде
айтыңыз. Оны айтатын сәтті(момент) таңдаңыз.Тал түсте
базарда немесе оның қолы тимей жатқан кезде тосыннан
айта салмай, оны кешке жақын төсекке бірге жатқанда
немесе оңаша қалғанда, көңіл күйі жақсы кезде айтсаңыз
болады.
Туған күніңізге 1-2 ай қалса: «менің туған күнім келе
жатыр, осы нәрсені алып берші» деген сияқты сөздерді
айтып қойыңыз. Екі ай бойы сол нәрсені күтіп жүріп, екі
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
129
ай өткеннен кейін ол нәрсені ұмытып кетсе оған таң
қалмаңыз. Жарайды ол ұмытып кетті дейік. Сол күні
таңертең тұрасыз, туған күніңіз болады. Сол күні таңертең
тұрасыз, күйеуіңіз құттықтамайды. Оған ұрысып,
ренжудің орнына «білемін ғой сені, бірдеңе дайындап
жүрсің, мені қуантайын деп жатсырсың ғой» деңіз. Бір
жағынан есіне салу, екінші жағынан сыйлық алуға
ынталандыру болады. Ол әдейі ұмытып кеткендей сипатта
болыңыз. Мүмкін күйеуіңіз шыныменде әдейі ұмытып
кеткен шығар. Сырттай түр көрсетіп, менің әйелім мені
әдейі ұмытып кетті деп ойласын, ал мен жұмыстан кейін
бір тосын сый жасаймын деуі мүмкін. Ал егерде ол
шынымен ұмытып кетсе, сіз оған астарлап есіне түсіресіз.
Оған «сен маған сыйлық сыйламадың, екі ай бұрын айттым
ғой ал сен ұмытып кеттің» деген сөздерді айтып, еріңізді
сыйлық алудан алшақтатасыз. Ол: «не үшін дайындаймын,
қызықсың сен осы» деген секілді сөздер айтады. Сіз:
жақсы, жарайды, мен сені білемін ғой» деп тағы айтасыз.
Сосын күтіңіз. Жұмыстан кейін ол міндетті түрде сыйлық
әкелу керек. Оның есіне түсу керек. Себебі сіз сендіңіз ғой.
Ал ол сіздің сеніміңізді ақтағысы келеді. Егерде тіпті
осындай сөздерден кейін де ол ұмытып кетсе, демек оның
не қаржылай жағдайы жоқ немесе оның сізге деген реніші
бар. Онымен ашық сөйлесіңіз. Мүмкін ол сыйлық сыйлау
дұрыс емес деп ойлайтын шығар. Сіздерге тағыда
тапсырма. Бүгін немесе ертең кешіктірмей одан бірнәрсе
сұрайсыз. Осы менің ережелерім бойынша сұрайсыз.
Бірінші кезекте оған керек нәрсені бересіз, 3-4 күн бұрын
оны дайындаймыз, негативтен шығып, күліп жүреміз,
ренішті,
қабағыңызды
түйіп
жүруді,
критиканы
ұмытыңыз. Өзіңізді тәрбиелеуді үйрену керек. Өз-өзіңізді
қолға алмасаңыз, нәпсіңізді тәрбиелемесеңіз, оны сізге
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
130
ешкім үйретпейді. Сонымен 3-4 күн бойы оны
дайындайсыз, соңғы күндері оған кішкене астарлап ой
тастаймыз(намёк). Мысалы: сіздің йогурт жегіңіз келеді,
киім алғыңыз келеді, иіссу алғыңыз келеді немесе
күйеуіңіздің жағдайы келетін болса шуба сұраңыз. «Менің
клубникадан йогурт жегім келіп тұр, көптен бері жегім
келіп жүр еді» деген сияқты ой тастайсыз. Кейін күтіңіз,
мүмкін күйеуіңіз сізге жақсы, керемет сыйлық сыйлайтын
шығар. Гүл жайлы айтыңыз. Гүл ең жақсы нұсқа. Соңғы
рет қашан гүл алғанымды ұмытып қалдым,
жаным, білесің бе сен маған ұсыныс жасаған
кезде күшті роза сыйлап едің ғой. Сол
кездерді аңсап кеттім» немесе тағы сол
сияқты ойларды айтасыз. Бірақ міндетті
түрде ереже болсын. Сосын 3-4 күн оны сыйлық сұрауға
дайындап жатқанда, рахмет айтуды, алғыс айтуды
үйреніңіз. Еркек үшін ең маңызды нәрсе ол алғыс алу және
оны қадірлеу. Біз әйелдер көп нәрсені міндет көреміз. Ол
қоқысты шығарса, есікті ашса, суыңызды төгіп берсе,
балаға қараса оның барлығы оның міндеті ғой деп
қараймыз. Сол үшін біз рахмет айтуды көп кезде ұмытып
кетеміз. Бір іс жасап берсе, «жарайсың рахмет, сен
болмасаң кім жасап береді» деудің орнына «неге мына
жерді қаздың,неге басқа тамақ алып келдің, мен саған қара
нан дедім ғой, сен ақ нан әкелдің, мен саған қаймақ әкел
дедім, ал сен қаймақ әкелмедің, сен үнемі ұмытып кетесің»
деген сияқты сөздер айтасыз. Осындай сөздердің
барлығын тастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |