Некеден кейін әйел бақыты


Кез келген оның көмегіне рахмет айтуды ұмытпаңыз



Pdf көрінісі
бет65/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135
Некеден кейін

 Кез келген оның көмегіне рахмет айтуды ұмытпаңыз. 
Шынайы, құшақтап, бетінен сүйіп.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
131 
Ол сіздің күйеуіңіз, түнде бірге ұйықтайтын 
адамыңыз, жан жарыңыз, сіз одан ұялмау керексіз. Рахмет 
айтуға қысылмаңыз. Егерде біз алғыс айтып үйренсек және 
өтінішті сұрай ала білсек біздің көп мәселелеріміз шешілер 
еді.
Тікелей сыйлық сұраудың ережесі: 
 
• Сыйлықтың атын, көлемін, бағасын, мерзімін, түсін 
айту. 
• Сыйлықты қатты-қатты қалайтыныңызды эмоциямен 
жеткізу. 
• Егер еріңіз сыйлықты алып берсе, қандай бақытты 
болатыныңызды айту. 
• Сыйлықты алып беремін десе, уақыты жақындағанда 
есіне салу 
• Сыйлықты алып берген соң, еріңіздің көзінше 
құрбыарыңызға 
хабарласып 
бөлісу, 
мақтану, 
инстаграмға салып ер адамды мақтау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
132 
 
Ер адамның қателігін біліп қойсаңыз 
қандай реакция көрсету керек? 
 
Ер адамның қателігін білген ақылды әйел мен дана 
әйелдің айырмашылығы. 
Мысал: 
Әйелі күйеуінің басқа қыздармен жүрген жерінен ұстап 
алды. Хаттарын оқып қояды. Әдетте, қыздар не істейді? 
Іші күйеді, жылайды. Айқай шығарады. Күйеуіне «Мен 
саған сендім ғой. Жақсы көрдім ғой» дейді. Байқадыңыз 
ба, өткен шақта айтып тұр. Сеніп едім ғой - өткен шақ. 
Бұрын сенгендігін, қазір күйеуі ол сенімнен айырылғанын 
айтып тұр. Осы сөздерімен күйеуі сенімінен айырылып 
қалғаннан кейін өкінеді деп ойлайды. Ол сенімді қайтарып 
алуға тырысатын болады деп ойлайды. Солай ойлай отыра 
қатты қателеседі. Маған көп келіншектер «күйеуімнің 
маған адал емес екенін білдім, соны өзіне айтып, айқай 
шығарып жыладым. Ол енді басқа қыздармен араласуын 
тоқтатады деп ойлап едім. Одан кейін барлығы керісінше 
болды. Сол қыздарымен енді еш жасырмастан сөйлесіп 
кездесіп жүр. Маған мүлдем суып кетті. Отбасымыздан 
береке кетті. Мен ол кінәсін түсініп, 
кешірім сұрай ма десем, енді тіпті үйге 
қонбауды шығарды. Не істесем болады, 
Сабира ханым? Мен нені дұрыс емес 
жасадым?» деп жазады. 
Жоғарыдағы 
кейіпкердің 
жағдайын 
талдап 
көрейік. 
Күйеуінің 
басқа 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
133 
қыздармен сөйлесетінін білмей тұрып, күйеуіне көзсіз 
сенетін еді, жақсы көретін еді. Негізі ер адам әйел адамның 
жанындағы күйін жақсы көреді. Әйелдің өзіне қарағанда, 
еркек өзін сол әйелмен қалай сезінеді, соған көп мән 
береді. Бұл қалай? Бұл қабілетке көңілдестерден үйрену 
керек.
Көңілдестестер өздеріне келген әр еркектің құлағына 
әдемі сөздерді құяды. «Сен керемет мықты ер азаматсың. 
Сендей адамды әлі жолықтырған жоқпын. Сен келсең 
менің көңіл-күйім бұрынғыдан да көтеріліп кетеді, саған 
шын жүрекпен сенемін, сен ғана мені бақытты ете аласың» 
деген сияқты сөздерді үйеді.
Үйленген еркектер көңілдесті жақсы көреді деп 
ойлайсыз ба? Жоқ, әрине. Ол көңілдестің жанындағы 
өзінің күйін (состояниесін) жақсы көреді.
Сіз де бұрын оған жылы сөздер, оған жағымды 
болатын сөздерді айтатынсыз. Ол сіздің жаныңыздағы 
өзінің күйін жақсы көретін. Сіздің сеніміңізге сызат 
түсірмеуге тырысатын. Сеніміңізден айырылып қалуға 
қорқатын. Енді сіз оған «Мен саған сендім» деп өткен 
шақта айтып тұрсыз. Ауыр сөздер айттыңыз. Ол сіздің енді 
өзіне сенбейтінін түсінді. Енді бұрынғы «идеальный ер 
азамат» кейпін сақтау керек емес. Өзіне сенбейтін
төмендететін, кемсітетін, айқай шығаратын әйелдің 
жанында болғысы келмейді. Ол сіздің жаныңызда өзін 
«ерекше, адал, таза, мықты азамат» сезінбейді. Еркек өзін 
олай сезінбесе, сол дәрежені қайтаруға тырысудың орнына 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
134 
жеңіл жолды іздеп кетеді. Енді мысалдағы кейіпкердің 
қателігін түсіндіңіз бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет